Санды көбейтіндіге бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
2А бөлім : Мәдени мұра Тақырып: Санды көбейтіндіге бөлу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: ҚыдырбаеваРозаӘнешқызы | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Оқумақсаттары | 4.1.2.9санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін қолдану; | |||||||||
Сабақтыңмақсаттары |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||
Тірекбілім, білік, дағдылар | Санды қосындыға көбейту, бөлу тәсілдері | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
0–2 3-5 6-10 11–28 29–37 | Ынталандыру. «Велосипед шынжыры"тренингі Оқушылар ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер жасап орналасады, белгі бойынша сыртқы шеңбер жылжиды, әр жылжығанда жұпта бір-біріне көбейту кестесін айтады,жұбы жауап береді.Ойын бастапқы жұбына жеткенде тоқтайды Бармақ арқылы бағалау Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады. Сабақ тақырыбын хабарлау Бүгінгі сабақтасанды көбейтіндіге бөлуді 3 тәсілмен қарастыруға болатынын үйренетіндерін айту,таныстыру 1-тәсіл: алдымен жақшадағы көбейтіндіні есептеп, содан кейін санды осы көбейтіндінің мәніне бөлу. 2-тәсіл: санды алдымен бірінші көбейткішке бөліп, одан шыққан нәтижені екінші көбейткішке бөлу. 3-тәсіл: санды алдымен екінші көбейткішке бөліп, одан шыққан нәтижені бірінші көбейткішке бөлу. Кіріспе тапсырма. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Тақтада тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Тақтаға екі бағанға өрнек жазылған қағазжапсыру. (80 : (2 ・ 5) 80: 2 : 5 – 2 Сұрау: Берілген өрнектерде алдыменқай амалды орындау керек? (1-бағанда жақшаның ішін,екінші бағанда амалдарды жазылған ретімен орындаукерек). Оқушылар жауабын ламинатталған параққажазып, бойынша жоғары көтеріп сыныпқа көрсетеді. Егер екі жағдайда да 8 шықса, өрнектердің өзара тең болғаны; тақтада олардың орта- сына теңдік белгісі жазылған қағазды жапсыру. Тураосылайқалғанөрнектерді де тексерукерек: 360 : (10 ・6) = 360 : 10 : 6; 18 : ( 3 ・ 2) = 18 : 3 : 2. Осы тапсырманыорындап болған соң оқушыларға өздері осындай өрнектерқұрастыруды тапсыру: (80 : 5 : 2; 360 : 6 : 10;18 : 2 : 3). Оқушылардан мысалда ұсынған және өздері жазған тәсілдердің қайсысы есептеуге қолайлы болатынынсұрау. Қорытынды жасау. (Т)Санды көбейтіндіге бөл. Тапсырма сабақ тақыры- бына дейін берілген. Оқушылардың өз бетінше талдау, қорытынды жасау, топта өз ойын дәлелдеу, логикалық ойлауын дамыту және байқағыштық дағдыларын дамы- тады. Сыныпты шағын топтарға біріктіріп, мысалдарды талдауды тапсыру. Барлық топтың жауабын тыңдап, теапсырманың сұрақтарына жауап беру керек: Не бай- қадың? Санды екі санның көбейтіндісіне қалай бөлуге болады? Оқушыларды дұрыс ойлауға, дұрыс жауап беруге бағыттау. Әр топқа өздері бөлу ережесін қо- рытып шығаруды тапсыру. Олардың ережелерін тыңдап, бағалау.Соңында оқулықта берілген ережементанысып, өздерінің ережесіменсалыстыруды,қорытындыжасауды тапсыру. Санды көбейтіндіге үш түрлі тәсілмен бөлуге болады: 1) алдымен жақшадағы көбейтіндіні есептеп, содан кейін санды осы көбей- тіндінің мәніне бөлу; 2) санды алдымен бірінші көбейткішке бөліп, одан шыққан нәтижені екінші көбейткішке бөлу; 3) санды алдымен екінші көбейткішке бөліп, одан шыққан нәтижені бірінші көбейткішке бөлу. (Ө)Әртүрлі тәсілмен есепте. "Еркін микрофон" әдісі Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды, соңында тақтадан/экраннан дұрыс жауабы көрсетіледі.Оқушылар үстел үстінен микрофонды алып, қай тәсілмен есептеу жеңіл, тиімді болғанытуралы әңгімелейді, оны дәлелдейді.. а) 32 : (2 · 4); б) 90 : (2 · 5); г) 64 : (8 · 2); д) 75 : (5 · 3); ә) 84 : (6 · 2); в) 12 : (3 · 2); ғ) 60 : (4 · 3); е) 88 : (2 · 4). Жауабы: а) 4; ә) 7; б) 9; в) 2; г) 4; ғ) 5; д) 5; е) 11. Фишкамен бағалау Оқушылардың алдына фишкаларды қою,әр оқушы өзіне ұнаған жауапқа фишкасын береді. (Т) Шығарып көр. Тапсырма жаңа тақырып бойынша күрделі деңгейді қамтиды. Оқушылардан Алдар Көсе туралы не білетінін сұрау: Ол қандай кейіпкер? Топ- тық жұмыс ұйымдастыру. Соңында тақтадан есептің жауабын көрсетіп, оқушылардың өз жауабын онымен салыстырып, топта талқылауды сұрау: нені дұрыс орындаған, қандай қате бар? АлдарКөсе байды таңертең 3 рет,кешке 3 реталдады. Олбарлығы 252 реталдады. АлдарКөсебайдыңүйінденешекүнқонақтаболған? Жауабыңды ай, апта және күн арқылы көрсет. (Бір айда 30 күн бардепесепте). Жауабы: 1) 3 ・ 2 = 6 өтірік (1 күнде); 2) 252 : 6 = 42 (күн); 3) 252 : (3 ・ 2) = 42 күн қонақ болды. 42 күн – бұл бір айда 30 күн бар деп есептегенде 1 ай, 1 апта және 5 күн болады. (Ө) Алмастыр және шығар. Санды көбейтіндіге бөлудібекіту үшін тапсырманы өз бетінше орындауға беру.Қабілеті орташа оқушыларға бөлгішті екі санның көбейтіндісіне жіктеуге көмектесу, одан кейін алгоритм бойынша орындайтынын түсіндіру. Оқушыларды бағалау. Жауабы: а) 210 : 42 = 210 : (7 ・ 6) = 210 : 7 : 6 = 5; ә) 486 : 81 = 486 : (9 ・ 9) = 486 : 9 : 9 = 6; б) 315 : 35 = 315 : (5 ・ 7) = 315 : 5 : 7 = 9; в) 189 : 21 = 189 : (3 ・ 7) = 189 : 3 : 7 = 9; г) 360 : 45 = 360 : (9 ・ 5) = 360 : 9 : 5 = 8; ғ) 486 : 54 = 486 : (6 ・ 9) = 486 : 6 : 9 = 9; д) 420 : 21 = 420 : (7 ・ 3) = 420 : 7 : 3 = 20; е) 483 : 21 =483 : (7 ・ 3) = 483 : 7 : 3 = 23; 97 ж) 364 : 28 = 364 : (7 ・ 4) = 364 : 7 : 4 = 13; з) 792 : 33 = 792 : (11 ・ 3) = 792 : 7 : 3 = 24. Бармақ арқылы бағалау Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады. Сергіту сәті Крестер, нөлдіктер 1. 1-команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-команда сол шаршыға крест қояды. 4. Жауапдұрысболмағанжағдайда, 2- команда (крестер) сұраққажауапберугежәнесолшаршыға крестқоюғамүмкіндікалады. Ойлан. Тапсырма Шығарып көр тапсырмасында басталғанойлаудықажетететін, есептершығаруарқылысандыкөбейтіндігебөлудібекітетінтапсырмаболыптабылады. Бұлесептібарлықоқушылардыңтүсініп шығаруынбақылау. Бұлесептішығарубарысындаоқушыларбөлуережесінмеңгерудеңгейінкөрсетеді. Топташығарудытапсыру, бес минут уақыттаесептіңсұрағынажауапберудісұрау. Барлықтоптыңжауабынтыңдап, бағалауұйымдастыру. Жауабы: ә) немесе б). "Бағдаршам" арқылы бағалау Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды. Жасыл түс- "Түсіндім" Сары түс-"Сұрағым бар" Қызыл түс- Түсінбедім (Ж) Биіктігін тап. Тапсырма санды көбейтіндіге бөлу тәсілін әртүрлі математикалық есептерді шығаруда қол- дана білуге бағытталған. Тапсырманы бір-біріне түсін- діруарқылыжұптаорындау. Дұрысжауабын тақтадан көрсетіп, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру. Жауабы: V = а · b · с; с = V : (а · b); с= 24 : (3 ・ 2) = 4 см. Смайликтер арқылы бағалау Жұптардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер беру арқылы бағалау (Т) Орындап көр. Тапсырма сабақта қарастырылған бөлу тәсілін практикалық жағдайда қолдануға арналған.Оқушылар 3 адамнан құралған топта жұмыс істейді, оларүш жағдайды бөліп алып, шығарады, бір-біріне түсіндіреді.Соңында басқа топтың жауабын тексеріп, өз жауабыменсалыстыруы мүмкін. Тапсырманы қорытындылау, дұрысжауабын көрсетіп, оқушыларды бағалау. Жауабы: 1) 18 : 2 : 3 = 18 : (2 ・ 3) = 3; 2) 18 : 3 : 2 = 18 : (2 ・ 3) = 3; 3) 18 : 6 = 3. "Отшашу"арқылы бағалау Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады. | 2- слайд Таратпа парақтар 3-слайд Таратпа парақтар 4-слайд Ереже Таратпа парақтар 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд 10-слайд 11-слайд Сигналды карталар 12-слайд 13-слайд | ||||||||
38–40 | Рефлексия. Оқушылардың сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін ≪Иә-Жоқ-Білмеймін≫ ойынын ойнатыңыз. Егер оқушылар сөйлеммен келіссе 1 рет (иә), келіспесе 2 рет (жоқ), жауап бере алмаса 3 рет (білмеймін) қол соғады (шапалақ). 1. Санды көбейтіндіге бөлудің екі тәсілі бар. (Жоқ). 2. Бірінші тәсілде алдымен жақшадағы көбейтуді есеп- теп, содан кейін санды оның мәніне бөлу керек. (Иә). 3. Екінші тәсілде алдымен санды бірінші көбейткішке бөліп, содан кейін оның нәтижесін екінші көбейткішке бөлу керек. (Иә). 4. Үшінші тәсілде алдымен жақшадағы сандардың қосындысын есептеп алып, санды оның нәтижесіне бөлу керек. (Жоқ). | 14-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?