72800 :7 түріндегі бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

сабақ. 72800:7 түріндегі бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

72800 :7 түріндегі бөлу

Оқу мақсаты:

4.1.2.12 нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы/ екі таңбалы/ үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану

Бағалау критерийлері

нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

1. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықтап, оның разрядық бірліктерін түсіндіреміз.

2. Бөліндіде шығатын цифрлардың санын анықтаймыз.

3. Бөліндінің мәніндегі бірінші цифрды таңдаймыз.

4. Осы цифрмен жазылған санды бөлгішке көбейтеміз.

5. Шыққан санды толымсыз бөлінгіштен азайтып, қал-

дықты табамыз.

6. Бөлінгіштің келесі разрядындағы цифрды қалдықтың

жанына түсіреміз. Екінші толымсыз бөлінгішті алып, 3, 4,

5, 6-қадамдарды қайталаймыз.

7. Дөңгелек санды бір таңбалы санға бөлгенде нөлдерді елемей бөлуді орындап, соңында шыққан бөліндінің мәніне бөлінгіштегі барлық нөлдерді тіркеп жазуға болады.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жазбаша бөлу тәсілін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Т) Кіріспе тапсырма. Сыныптағы оқушыларды математикалық амал таңбалары бойынша төрт

топқа бірігу. Топтарға ватман қағаз бен алгоритмнің қадамдары араластырып жазылған кеспеқағаз-

дардың жиынтығын таратылып беріледі. . Олардан аралас кеспеқағаздардан бөлу алгоритмін

дұрыстап құрастыруды/қалпына келтіруді тапсыру.

Барлық топтар алгоритм құрастырып болған соң тақтадан

бөлу алгоритмін көрсету. Оқушыларға өздерінің құрған алгоритмімен салыстыруға мүмкіндік беріп қорытынды жасау.

Осыдан кейін оқушылар осы алгоритмге сүйеніп, 45900

: 9 бөліндісінің мәнін табу үшін көптаңбалы санды 9-ға

бұрыштап бөледі. Топтағы оқушылар бірін-бірі тексеріп,

талқылайды, басқа топтың нәтижесімен салыстыруына да

мүмкіндік беруге болады. Оқушылардың бөлуді дұрыс

орындауын қадағалау. .

(Ж) Топтастыр. Оқушылардан оқулықтағы мысалдар

жазылған қазақтың ұлттық ыдыстарының қалай атала-

тынын сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру жасау:саба, торсық, күбі, табақ. Тапсырманы жұп болып орындауға тапсыру.

Бөлу алгоритмін бекіту үшін жұптағы

оқушылар мысалдарды бір-біріне түсіндіре отырып,

кезекпен шығарады. Оларға жауаптарын екі топқа топ-

тастыруды тапсыру. Олардың қалай топтастырғанын

бақылап сұрақтарға жауап алу. «Сандарды қандай белгі бойынша топтастырдыңдар? (1-топта разрядтардың біреуінде 1 бар, ал 2-топта – 3 және 2) Барлық жауаптарға не ортақ? (бөліндінің мәнінде 0 бар) Ыдыстарды қандай топтарға бөлуге болады? (теріден жасалған, ағаштан жасалған)».

Жауабы:

1-топта: ә), б); 2-топта: а), в).

(Т) Қателерді тап. Тапсырма топта орындалады.

Оқушылар топта мысалдарды талқылап, қателерді

анықтайды. Мысалдарды қайтадан шығарып, қатені жөн-

дейді. Топтық талқылау барысын бақылау және оларды дұрыс жауапқа бағыттау. Соңында тақтадан дұрыс

жауабын көрсетіп, өз жауабымен салыстыруды жасау және сұрақтарға жауап алу.

«Бөлген кезде қалдық қандай болуы тиіс?

(қалдық әрқашан бөлгіштен кем болады) Осы мысалдарда

бұрыштап бөлу қандай цифрмен аяқталады? (Нөлмен)

Мысалдарда тағы қандай қате кеткен?».

Жауабы:

а) Екі нөлді қалдыққа емес, бөліндінің мәніне тіркеп

жазу керек;

ә) Бөліндінің мәнінде 7 мен 5-тің ортасында тағы бір

0 болуы керек;

Бөліндінің мәнінде 3-тің орнында 4 болуы керек.

(Т) Теңдеу құр және шеш. Оқушыларға қолөнер

кәсібінің маңызы туралы, ағаш шеберлерінің қастер-

лі еңбегі туралы әңгімелеу. Тапсырманы 4 оқушы бірі-

гіп орындауға болатынын ескерту. Олар есептерді

бөліп алуына болады: теңдеу құрып шығарып болған

соң жауаптарын бір-біріне айтып түсіндіреді. Төрт мы-

сал бойынша оқушылардың жауабын тыңдап, жұмысты

қорытындылаңыз.

Жауабы:

а) 6030; ә) 50100. Артық бұйым – бесік (бұл ыдыс емес);

б) 92800; в) 37600.

(Ө) Амалдарды орында. Тапсырманы өз бетінше

орындауға тапсырылады. Амалдарды орындау үшін алдымен шамаларды бір өлшемге келтіру керек екенін түсіндіріп өту.

Соңында дұрыс жауабын көрсетіп, оқушыларды баға-

лау.

Жауабы:

а) 6323 м; ә) 2000 м; б) 4000 кг; в) 8020 кг.

(Ө) Шығарып көр. Халық кәсіпшілігі мұражайы орналасқан тіктөртбұрышты жер телімінің ұзындығы 34300 метр, ал ені одан 2 есе кем. Осы алаңды айналдыра қоршау үшін неше метр шарбақ керек?

Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Сұраққа жауап алу арқылы талдау жүргізу: «Шарбақтың ұзындығын бірден табуға бола ма? (Жоқ, себебі енін білмейміз)» Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

(Р = 2· (а + b))

Жауабы:

b = 34300 : 2 = 17150 м. Р = 34300 · 2 + 17150 · 2 =

102 900 м.

(Ж)Ойлан. Тапсырманы жұп болып орындауды ұсыну.

Сұраққа жауап алу арқылы есеп шартына талдау жүргізу: «Санның бөлігін қалай табамыз? (Санды бөлу керек) Көлік неше рет тоқтады? (3 рет) Есепте неше сұрақ бар? (2)». Оқушылар есепті шығарып болған соң басқа жұптармен талқылауына, жауаптарын тексерулеріне болады. Тақтадан дұрыс жауабын тексеріп, оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың есептің берілгенін, шешуін, жауабын дәптеріне дұрыс жазуын қадағалау.

Жауабы:

1) 34000 : 5 = 6800 м;

3) 1700 : 2 = 850 м;

2) 6800 : 4 = 1700 м;

4) 34000 – (6800 + 1700 + 850) = 24650 м.

Бөлу алгоритмі жазылған кеспеқағаздар

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

Кері байланыс

Оқушылардың сабақ материалын қалай түсінгенін

анықтау үшін тақтадан шығарылған 82800 : 4 мысалын көрсету. Оқушылар мысалды дәптеріне жазып бастайды. 15

секундтан кейін тақтаны жауып, мысалды өздері аяқтауды тапсыру. Шығарылу барысын тексеру арқылы оқушылардың бөлу алгоритмін қаншалықты түсінгендерін байқап, салыстыруға болады. Соңында тақтаны қайтадан ашып, жауаптарын салыстыруға мүмкіндік беру.

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу