Өнімділік дегеніміз не? Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4-сынып

Тақырыбы:

Өнімділік деген не?

Оқу мақсаты

4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

«Ынталандыру»

«Кім жылдам?» ойыны

1,2,3 сандары арқылы топқа бірігіңдер. Белгіленген 1 минут ішінде қай топ мүшелері қағаз қиындыларын жинайды. Уақыт аяқталған кезде әрекетті тоқтату. Санау жүргізу.

-Қай топ жылдам жұмыс жасады?

«Ынталандыру»

«Кім жылдам?» ойыны

Бағалау «Смайлик» әдісі

Әр топ оқушылары өзара тексеруді қағаздарды санау арқылы жүргізеді. 1 минут ішінде ең көп қағаз қиындыларын жинаған топ жеңімпаз. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді.

Кіріспе тапсырма

«Сынап көр»

1 минут ішінде өз есіміңді жаз.

- Өз есіміңді неше рет жазып үлгердің?

Тұжырымдама: бір минутта жазылатын сөздер жылдамдығы жазудың өнімділігі деп аталатынын айту.

Мысалы, Гүлдананың өнімділігі – минутына 20 сөз.

Бағалау «Бармақ арқылы»

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Мәліметті оқы

Өнімділік — бұл жұмыстың жылдамдығы. Өнімділік уақыттың өлшем бірлігінде жасалатын жұмысты көрсетеді. Мысалы: Әлия 1 минутта 25 сөз жазды, яғни оның жазу жылдамдығы минутына 25 сөз (25сөз/мин).

«Пікірталас» тапсырмасы

 

-Уақыттың қандай бірлігінде ағаң немесе әпкең жұмысын орындады? 1 минутта ағаң 2 картопты тазалады, яғни оның өнімділігі минутына 2 картоп – 2 картоп/мин болып жазылады, ал әпкеңнің өнімділігі минутына 3 картоп – 3 картоп/ мин болып жазылады..

Салыстыр

 

- Шебер мен оның шәкірті қандай тетіктер дайындады?

- Тетіктерді дайындау кезінде шебердің өнімділігі қандай?

- Тетіктерді дайындау кезінде шәкіртттің өнімділігі қандай?

- Кімнің өнімділігі артық?

Салыстыр

 

Жауабы: Жұмсалған уақыт бірдей болғандықтан, орындалған жұмыстарды салыстыратынымызға назар аудартыңыз. Шебер сағатына 5 болт артық; шебер сағатына 12 гайка артық; шебер сағатына 5 бұранда артық жасады. Немесе керісінше де жауап болуы мүмкін.

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін

Дәптермен жұмыс

Өнімділіктің өлшем бірлігі.

Жауабы:

Конвейер кәмпиттерді – кәмпиттер/с қаптайды; құрылысшы кірпіштерді – кірпіш/сағ қалайды; жұмысшы тетіктер – тетік/күн дайындайды; сорғы суды л/мин сорады; әже бәліштерді – бәліш/мин пісіреді; сырлаушы қабырғаны – м2/мин сырлайды; жазушы кітапты – сөз/сағ жазады; фабрика матаны – м/ай өндіреді..

«Шығарып көр»

-Тапсырмада не белгілі?

- Нені анықтау керек?

Жауабы:

1) 260 – 138 = 122 (тетік/күн) – кем;

2) 260 – 155 = 105 (тетік/күн) – артық;

3) 260 + 155 + 138 = 553 (тетік/күн) – барлығы.

Ойлан!

Кезеңдеп шығару

Суреттердің жартысын (14) Айжан бояулармен 14 : 7= 2 сағатта бояйды, ал Динара бұл уақытта қарындашпен 2 · 4 = 8 тапсырманы бояйды. Динара қалған 28 – 8 = 20 суретті бояумен 20 : 7 < 3 сағатта бояйды, ал Айжан бұл уақытта қарындашпен тек 3 · 4 = 12 суретті бояйды, ал барлығы оған 14 сурет қалды.

Ойлан.!

Жауабы: барлық суреттерді Динара бояп бітіреді.

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындау жылдамдығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады

«Орындап көр»

Жауабы:

а) 224 · 2 = 448; д) 200 · 4 = 800;

ә) 234 · 2 = 468; е) 848 : 4 = 212;

б) 408 : 2 = 204; ж) 400 · 2 = 800;

в) 800 · 3 = 2400; з) 846 : 2 = 423;

г) 332 · 3 = 996; и) 423 · 2 = 846;

ғ) 221 · 4 = 884; к) 396 : 3 = 132.

Бағалау. «Шапалақ»

Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу.

Қосымша тапсырма

Зауыт жұмыс күніне 30 автокөлік шығарады. Зауыттың күніне өнімділігі қандай?

2) Бірінші автомат жарты сағатта 170 журнал түптейді, ал екіншісі дәл осы уақытта 180 журнал түптейді. Әр автоматтың өнімділігі неге тең? Екінші автоматтың өнімділігі қаншаға артық?

3) Әжей 10 минут ішінде минутына 3 құймақтан пісірді. Ал кейін тағы 10 минут ішінде минутына 2 құймақтан пісіре бастады. 20 минутта әжей неше құймақ пісірді?

Қосымша тапсырма

Жауабы:

30 автокөлік/күніне;

340 журнал/сағ, 360 журнал/сағ, 20 журнал/сағ;

3 · 10 + 2 · 10 = 50 (құймақ).

Рефлексия

1. Өніміділік – бұл:

а) жұмыстың жылдамдығы;

ә) жұмыстың уақыты;

б) орындалған жұмыстың саны.

2. Өнімділіктің өлшем бірліктері:

а) тетіктер саны;

ә) тетік/сағ;

б) сағат.

3. Құмырсқалар бір сағатта 82 бұтақ әкелді. Жұмыстың өнімділігі қаншаға тең?

а) 82 сағат;

ә) 82 бұтақ;

б) 82 бұтақ/сағ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу