Өнімділік дегеніміз не? Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Математикалық модельдеу

4А Есептер және математикалық модель

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өнімділік дегеніміз не?

Оқу мақсаты:

4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

Бағалау критерийлері

- есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдаланады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өнімділік, жұмыс, уақыт

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

-Өнімділік деп нені айтады?

-Өнімділіктің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

Жазу:

  • Бөлуге берілген өрнектерді жаз;
  • Мысалдар құрастырып жұбыңа тапсыр.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлу амалын тексеруді үйрену

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ұ) Ынталандыру.

«Кім жылдам?» ойыны

Оқушыларды 1,2,3 сандары арқылы топқа біріктіру. Сынып ішіне қағаз қиындыларынан шашу. Белгіленген 1 минут ішінде қай топ мүшелері қағаз қиындыларын жинайтынын тапсыру. Уақыт аяқталған кезде әрекетті тоқтату. Санау жүргізу.

-Қай топ жылдам жұмыс жасады?

Бағалау «Смайлик» әдісі

Әр топ оқушылары өзара тексеруді қағаздарды санау арқылы жүргізеді. 1 минут ішінде ең көп қағаз қиындыларын жинаған топ жеңімпаз. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді.

-Ата-аналарың жұмыста қандай өнімді өндіреді?

-Бір сағатта, бір күнде, бір айда қанша өнім өндіре алады деп ойлайсыңдар?

Нәтижелерін қағаз бетіне түсіріп, мәліметімен досымен бөліседі. Оқушыларды ата-аналардан алған жауаптарымен таныстырады. Ата-аналарының өндірісіндегі өнімділік туралы нәтиже жасайды.

(Ж) Кіріспе тапсырма «Сынап көр»

Қандай да бір жұмысты әртүрлі жылдамдықпен орындауға болатынына мысал келтіреді.

Тапсырма: 1 минут ішінде өз есімдерін жазады.

- Өз есіміңді неше рет жазып үлгердің?

Тұжырымдама: бір минутта жазылатын сөздер жылдамдығы жазудың өнімділігі деп аталатынын айту.

Мысалы, Гүлдананың өнімділігі – минутына 20 сөз.

Бағалау «Бармақ арқылы»

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Бүгін сабақта біз есептерді шығару барысында жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларын пайдалануды үйренеміз.

Өнімділік — бұл жұмыстың жылдамдығы. Өнімділік уақыттың өлшем бірлігінде жасалатын жұмысты көрсетеді. Мысалы: Әлия 1 минутта 25 сөз жазды, яғни оның жазу жылдамдығы минутына 25 сөз (25сөз/мин).

(Ж) «Пікірталас» тапсырмасы

-Уақыттың қандай бірлігінде ағаң немесе әпкең жұмысын орындады? 1 минутта ағаң 2 картопты тазалады, яғни оның өнімділігі минутына 2 картоп – 2 картоп/мин болып жазылады, ал әпкеңнің өнімділігі минутына 3 картоп – 3 картоп/ мин болып жазылады. Оқушылар, нысанның белгілі бір жылдамдықпен уақыттың бірлігінде орындаған жұмысын жұмыстың өнімділігі екенін түсінуге тиісті. Оқушылардың өздеріне мысал келтірту.

(Ұ) Салыстыр.

Оқушыларды сурет бойынша алдын ала шебер мамандығымен таныстыру.

- Шебер мен оның шәкірті қандай тетіктер дайындады?

- Тетіктерді дайындау кезінде шебердің өнімділігі қандай?

- Тетіктерді дайындау кезінде шәкіртттің өнімділігі қандай?

- Кімнің өнімділігі артық?

Қосымша тапсырма: шебердің өнімділігі қаншаға артық екендігін білдіңдер?.

Жауабы: Жұмсалған уақыт бірдей болғандықтан, орындалған жұмыстарды салыстыратынымызға назар аудартыңыз. Шебер сағатына 5 болт артық; шебер сағатына 12 гайка артық; шебер сағатына 5 бұранда артық жасады. Немесе керісінше де жауап болуы мүмкін.

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін

(Ө)Дәптермен жұмыс

1.Өнімділіктің өлшем бірлігі.

Жауабы: Конвейер кәмпиттерді – кәмпиттер/с қаптайды; құрылысшы кірпіштерді – кірпіш/сағ қалайды; жұмысшы тетіктер – тетік/күн дайындайды; сорғы суды л/мин сорады; әже бәліштерді – бәліш/мин пісіреді; сырлаушы қабырғаны – м2/мин сырлайды; жазушы кітапты – сөз/сағ жазады; фабрика матаны – м/ай өндіреді..

2. Дұрыс-бұрыс. Тапсырма оқушылардың жұмыс өнімділігінің белгілі бір уақыт бірлігінде орындалған жұмыс жылдамдығы ретінде білімдерін бекітеді. Бірінші тапсырманы сынып бойынша талқылай отырып , содан кейін өз бетінше орындайды. Қиындықтары туындаған оқушыларға көмек көрсету.

Белсендіру

) «Шығарып көр» айдары

Тапсырманы оқу, оның шартын талдау. Сұрақтар жауап беру: - Тапсырмада не белгілі? - Нені анықтау керек? Кейін оқушылар өзара тексеруді жүргізу үшін жауаптарымен алмасады. Жұмыстың нәтижелерін бірігіп талқылау.

Жауабы:

1) 260 – 138 = 122 (тетік/күн) – кем;

2) 260 – 155 = 105 (тетік/күн) – артық;

3) 260 + 155 + 138 = 553 (тетік/күн) – барлығы.

(Т)Ойлан.

Кезеңдеп шығарудың ортақ жұмысын ұйымдастыру. Суреттердің жартысын (14) Айжан бояулармен 14 : 7= = 2 сағатта бояйды, ал Динара бұл уақытта қарындашпен 2 · 4 = 8 тапсырманы бояйды. Динара қалған 28 – 8 = 20 суретті бояумен 20 : 7 < 3 сағатта бояйды, ал Айжан бұл уақытта қарындашпен тек 3 · 4 = 12 суретті бояйды, ал барлығы оған 14 сурет қалды.

Жауабы: барлық суреттерді Динара бояп бітіреді.

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындау жылдамдығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады.

) «Орындап көр» айдары

Берілген тапсырманың орындалуы оқушыларға үш таңбалы сандарды көбейтудің ауызша дағдыларын қайталауға және өз жұмыстарының өнімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Жауабы:

а) 224 · 2 = 448; д) 200 · 4 = 800;

ә) 234 · 2 = 468; е) 848 : 4 = 212;

б) 408 : 2 = 204; ж) 400 · 2 = 800;

в) 800 · 3 = 2400; з) 846 : 2 = 423;

г) 332 · 3 = 996; и) 423 · 2 = 846;

ғ) 221 · 4 = 884; к) 396 : 3 = 132.

Бағалау. «Шапалақ»

Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу.

Қосымша тапсырмалар

Зауыт жұмыс күніне 30 автокөлік шығарады. Зауыттың күніне өнімділігі қандай? 2) Бірінші автомат жарты сағатта 170 журнал түптейді, ал екіншісі дәл осы уақытта 180 журнал түптейді. Әр автоматтың өнімділігі неге тең? Екінші автоматтың өнімділігі қаншаға артық? 3) Әжей 10 минут ішінде минутына 3 құймақтан пісірді. Ал кейін тағы 10 минут ішінде минутына 2 құймақтан пісіре бастады. 20 минутта әжей неше құймақ пісірді?

Жауабы: 1) 30 автокөлік/күніне; 2) 340 журнал/сағ, 360 журнал/сағ, 20 журнал/сағ; 3) 3 · 10 + 2 · 10 = 50 (құймақ).

Рефлексия

(Ж) «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісі

Оқушының қаншалықты дағдыларға ие болғанын тексеру мақсатында:

1. Өніміділік – бұл:

а) жұмыстың жылдамдығы;

ә) жұмыстың уақыты;

б) орындалған жұмыстың саны.

2. Өнімділіктің өлшем бірліктері:

а) тетіктер саны;

ә) тетік/сағ;

б) сағат.

3. Құмырсқалар бір сағатта 82 бұтақ әкелді. Жұмыстың өнімділігі қаншаға тең?

а) 82 сағат;

ә) 82 бұтақ;

б) 82 бұтақ/сағ.

Интербелсенді тақта

Слайд №3

Қағаз қиындылары

Смайликтер

Слайд №4

Оқулық

Слайд № 5

Слайд № 6

Слайд № 7

Слайд № 8

Слайд № 9

Дәптер

Слайд № 10

Бағдаршам

Ғаламтор

Слайд № 11

Слайд № 12

Жұмыс дәптері

Слайд № 13

Слайд № 14

Слайд № 15

Жұлдызшалар

Слайд № 16

Слайд №17

Слайд № 18

Үлестірме



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу