Өнімділік, уақыт, жұмыс. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Математикалық модельдеу

4А Есептер және математикалық модель

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өнімділік, уақыт, жұмыс

Оқу мақсаты:

4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану

Бағалау критерийлері

-орындалған жұмыстың көлемін қалай табатынын, жұмысты орындауға кететін уақыт пен өнімділікті қалай табатынын үйренеді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өнімділік, жұмыс, уақыт

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

-Барлық жұмыстың көлемін қалай анықтайды?

- Әжей қандай жылдамдықпен жұмыс жасады?

-Әжей қанша уақыт жұмыс жасады?

-Осы уақытта қанша бәліш пісірді?

Жазу:

  • Формуланы жаз;
  • Мысалдар құрастырып жұбыңа жаз..

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Өнімділік деген не ?

Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ұ) Ынталандыру.

«Наубайхана өнімі» тапсырмасы

Бүгінгі сабақта біз нан өндірісі туралы әңгімелейтін боламыз. -Сендер бұл туралы не білесіңдер? Біз кез келген уақытта нан сатып алу үшін, наубайханада бір минутқа да жұмыс тоқтамайтыны туралы білесіңдер ме?

Оқушыларды кішігірім наубайхана топтарына біріктіру. Әр топ белгілі бір уақыт ішінде өз наубайханалары туралы мәлімдеме жасайды.

Оқушыларға олардың наубайханалары күніне қандай өнімділікпен жұмыс істейтіні жазылған таратпа қағаздар тарату .

-Сендердің наубайханаларың 2 тәулікте неше нан пісіреді? Ал 3 тәулікте ше? (оқушылардың жауаптары)

Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында алынған тоқаш саны орындалған жұмыстың көлемі деп атайтынын айту.

Оқушыларды жұмыстың көлемінің, жұмыстың уақытының және өнімділіктің әріптік мәндерімен, сондай-ақ жұмыстың көлемін анықтайтын формуласымен таныстыру.

Бағалау «Смайлик» әдісі

Әр топ оқушылары өзара тексеруді таратпа қағаздарды тексеру арқылы жүргізеді. Оны смайликпен белгілейді. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Бүгін сабақта біз есептерді шығару барысында орындалған жұмыстың көлемін қалай табатынын, жұмысты орындауға кететін уақыт пен өнімділікті қалай табатынын үйренеміз.

) Жұмыстың формуласы

Әжей минутына 3 бәліш пісірді. 9 минуттан соң бәліштер дайын болды.

Талқылау:

• Әжей қандай жылдамдықпен жұмыс жасады?

• Әжей қанша уақыт жұмыс жасады?

• Осы уақытта қанша бәліш пісірді?

Есептің берілген мәліметтерінің орнына әріптерді қой және барлық бәліштің санын қалай анықтауға болатынын жаз. Шыққан өрнекті жұмыстың формуласымен салыстыр.

-Сен не байқадың?

Шыққан әріпті өрнектерді парақтарға жазып, жұмыстың формуласымен салыстырып қорытынды жасайды.

Жауабы: Әжей минутына 3 бәліш жылдамдықпен жұмыс жасады. Ол 9 минут жұмыс жасады. Әже барлығы 27 бәліш пісірді. Барлық жұмыстың көлемін анықтау үшін уақытты жылдамдыққа көбейту керек. Бұл жұмыстың формуласы.

Бағалау «Бармақ арқылы»

Жауап дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ж) «Наубайханада» тапсырмасы

а) Нан пісіру пеші сағатына 50 нан бөлкесін пісіреді. 7 сағатта неше нан бөлкесі піседі? 9 сағатта ше? 10 сағатта ше?

ә) Егер наубайшы 75 бөлке/сағ өнімділігімен 3 сағат пісіретін болса, ол жұмыстың қандай көлемін орындайды? Ал 82 бөлке/сағ өнімділігімен ше? 69 бөлке/сағ өнімділігімен ше?

Жауабы:

а) 50 · 7 = 350 (тоқаш);

9 · 50 = 450 (тоқаш);

10 · 50 = 500 (тоқаш);

ә) 75 · 3 = 225 (тоқаш);

82 · 3 =246 (тоқаш);

69 · 3 = 207 (тоқаш).

Бағалау «Шапалақ» әдісі

Жұптар нәтижелерімен өзара алмасады, тексереді.

Дұрыс орындалған тапсрымаға 3 шапалақ соғады.

(Ұ) Батондар мен тоқаштар

Артқы жағына есептер жазылған батондар мен тоқаштардың суреттерін оқушыларға үлестіру.

а) Наубайханада күніне 500 батон пісіреді. 2000 батон пісіру үшін қанша уақыт керек болады? 3500 батон үшін ше?

Есептеулерді орындалған жұмыстың көлемін анықтайтын формуласымен орындайды. Нәтижелерді параққа жазу керек. Өзара тексеру барысында оқушылар тапсырманың дұрыс орындалуы туралы қорытынды жасайды.

ә) Егер аспазшы минутына 5 тоқаш илесе, 1200 тоқашты қанша уақыт илейді? Егер жұмыстың өнімділігі 1 тоқаш/мин-қа өсетін болса, жұмыстың уақыты қалай өзгереді?

Қосымша сұрақ:

- 120 тоқаш жасалатын уақытты қалай анықтайды? Өнімділік қалай өзгерді?

Жауабы:

а) 2000 : 500 = 4 (күн);

3500 : 500= 7 (күн)

ә) 1200 : 5 = 240 (мин). 5 + 1 = 6 (тоқаш/мин);

1200 : 6 = 200 (мин).

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін

(Ө)Дәптермен жұмыс

1. Жұмыс көлемі. Формуламен жұмыс дағдысын қалыптастыру үшін, және өнімділіктің өлшем бірлігін бекіту үшін, оқушылар дербес түрде тапсырманы орындайды. Кейін ортақ тексеруді жүргізу.

Жауабы:

а) 200 бәліш/сағ · 3 сағ = 600 бәліш;

ә) 3 құймақ/мин · 5 мин = 15 құймақ;

б) 60 тоқаш/тәул. · 10 тәул. = 600 тоқаш;

в) 8 ц/апта · 1 апта = 560 ц

2. Диірменде. Оқушылар формулалық білімін және есептеулердегі олардың қолданылуын бекітеді. Оқушыларға жұмысты орындағаннан кейін өзіндік тексеру үшін дұрыс мысалды беру.

Жауабы:

А t p

4200 ц 35 апта 120 ц/апта

57 т 3 тәул. 19 т/тәул.

600 кг 12 сағ 50 ц/сағ

600 000 г 1000 с 600 г/с

6 т 80 ц 8 күн 80 ц/күн

3. Нан пісіру. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындау үшін, өлшем бірліктерді аударады. Тапсырманы орындау қиын болған оқушыларға көмек көрсету.

Жауабы:

Аптасына: 450 · 7 = 3150.

Екі аптада: 3150 · 2 = 6300.

Айына: 6300 · 4 = 25200.

Үш айда: 25200 · 3 = 75600.

Формулалармен жұмыс дағдысын бекіту үшін оқушылар тапсырма орындайды. Оқушыларға тапсырманы ыңғайлы рет бойынша орындауды ұсыну. Есептерді шығару барысында көмек көрсету.

4. Ұнды елейміз. Дұрыс үш сәйкес мән табу керек: жұмыстың көлемі, жұмыстың уақыты, өнімділік.

Жауабы: 61 г/с, 12 с, 732 г;

48 г/с, 3 с, 144 г;

56 г/с, 4 с, 224 г.

5. Қамыр илеу. Оқушылар қысқаша шарт құра алады. Қиындық туындаған жағдайда есепті бірге шығару жоспарын құру. Оқушылар тапсырманы орындау үшін оқылған формуланы қолданады.

Қамыр илейміз:

1) 38 · 4 = 152 (т.);

2) 4 + 2 = 6 (т.);

3) 22 · 6 = 132 (т.);

4) 152 + 132 = 284 (т.).

Есте сақта!

Бағалау «Отшашу»

Оқушылар еңкейген күйден шапалақ соғып, бой түзеп, екі қолын айқара ашқанға дейін қол согады.

Белсендіру

) «Шығарып көр» айдары

Тапсырманы оқу, оның шартын талдау.

а) Анасы 18 бәліш сатып алды. Қайсар минутына үш бәліш жей алады. Егер анасы 300 секундтан кейін оралатын болса, ол барлық бәлішті жеп үлгереді ме?

ә) Ғайша мен Ғалымжанға әжесі құймақ пісірді. Егер олар минутына 2 құймақ жесе, ал екінші минутында 1 құймаққа артық жейтін болса, онда 12 минутта неше құймақ жейді?

Жауабы:

а) 18: 3 = 6 (мин) – үлгермейді;

ә) 2 + 1 = 3 (құймақ);

2 + 3 = 5 (құймақ); 1

2 · 5 = 60 (құймақ).

Бағалау. «Шапалақ»

Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу.

(Ө)Ойлан.

Оқулықпен жұмыс

Графиктің әр нүктесіндегі орындалған жұмыстың көлемін анықтайды.

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындауда дұрыстығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады.. Рефлексия

Математикалық диктант

– жұмыстың уақыты 5 мин, өнімділік 20 тоқаш/минут, жұмыстың көлемі … тең;

– өнімділік 3 т/күн, жұмыстың көлемі 420 т, жұмыстың уақыты … ;

– орындалған жұмыстың көлемі 510 кг, жұмыстың уақыты 3 сағат, өнімділік … .

Оқушының қаншалықты дағдыларға ие болғанын тексеру мақсатында параққа жаңа формулаларды жазғызу, өзара тексеру жүргізу. Кері байланыс беру.

Интербелсенді тақта

Таратпа қағаз

Слайд № 3

Формула жазылған кесте

Слайд № 4

Смайликтер

Слайд № 5

Оқулық

Слайд № 6

Слайд № 7

Слайд № 8

Оқулық

Интербелсенді тақта

Слайд №9

Батондар мен тоқаштар

Слайд № 10

Слайд № 11

Сигналды карталар

Жұмыс дәптері

Слайд № 12

Дәптер

Слайд № 13

Слайд № 14

Слайд № 15

Жұлдызшалар

Слайд № 16

График

Слайд №17

А4 парақтар

Слайд № 18



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу