Шамалар арасындағы тәуелділік. Математика, 4 сынып, презентация.
Математика
Тақырыбы:«Шамалар арасындағы тәуелділік»
4-сынып
Оқу мақсаты
4.5.1.2
есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану
«Кіріспе тапсырма»
Бригадаларға арналған тапсырмалар: 1) Хауызды 2 сағатқа жалдау 1400 теңге тұрады. Бір сағатқа жалдаудың бағасы қандай?
2) Жолаушылар ұшағы 2 сағат ішінде 1400 км арақашықтықты ұшып өтеді. Ұшақтың жылдамдығы қандай? 3) Конвейерден 2 сағат ішінде 1400 зат шығады. Конвейер қандай өнімділікпен жұмыс жасайды?
4) Фабрикада 2 күн ішінде 1400 м мата жұмсалды. Егер әр күн сайын бірдей мөлшерде мата жұмсалғаны белгілі болса, бір күн ішінде қанша метр жұмсалды?
5) 2 кг апельсин үшін 1400 тг төленді. Бір килограмм апельсин неше теңге тұрады?
Анықта
а) Жұмыс істей отырып, оқушылар жұмыстың көлемін анықтайтын формула көбейтіндінің мәнін табу формуласына сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасайды.
ә) Оқушыларға өздерінің жорамалдарын тексеру үшін формулаға кез келген мәндерді қойып есептеуді ұсыну. Қосымша сұрақтар :
Егер өнімділік өзгеріссіз қалса, ал уақыт үш есе артса, орындалған жұмыстың көлемі қалай өзгереді?
Ал уақыт екі есе артса? Егер өнімділік және уақыт екі есе артса?
Анықта
Жауабы: ә) тікелей тәуелділік: орындалған жұмыстың көлемі сәйкесінше 3 есе артады, 3 есе кемиді.
Бағалау «Смайлик» әдісі
Әр топ оқушылары өзара тексеруді таратпа қағаздарды тексеру арқылы жүргізеді. Оны смайликпен белгілейді. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді.
«Зауытта» тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс
Кесте бойынша тапсырма құрастыр және оны шығар.
Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек? Тапсырманың сұрағына бірден жауап бере аласыңдар ма? Неліктен? Бірінші кезекте нені анықтау керек? Одан кейін?
«Зауытта» тапсырмасы
Жауабы:
а) 120 тетік;
ә) 56 тетік;
б) 7 тетік/сағ.
Бағалау «Бармақ арқылы»
Жауап дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.
«Шығарып көр»
екінші жұмысшының өнімділігін анықтау;
8 сағат ішінде бірінші жұмысшы орындаған жұмыс көлемін анықтау;
екінші жұмысшы орындаған жұмыстың көлемін анықтау;
жұмыстың ортақ көлемін анықтау.
«Шығарып көр»
Жауабы:
1) 240 + 20 = 260 (тетік/сағ);
2) 240 · 8 = 1920 (тетік);
3) 260 · 8 = 2080 (тетік);
4) 1920 + 2080 = 4000 (тетік).
Бағалау «Шапалақ» әдісі
Жұптар нәтижелерімен өзара алмасады, тексереді.
Дұрыс орындалған тапсрымаға 3 шапалақ соғады.
Дәптермен жұмыс
Құрылыста.
Барлық қажет берілгенді ұсынылған сызбада таба алатындықтарын айту.
Құрылыс материалдары.
Қандай қадамдар орындаулары керектігін талқылау. Оқушылардың көбі кестені толтырып, тапсырманы амалдап орындайды, аса қабілетті оқушылар өрнек құрады. Тапсырманы орындағаннан кейін, оның шығарылуын бірігіп талдау.
Ойлан!
Оқушыларға бірінші принтер сағатына неше бет шығара алатынын анықтауды ұсыну (ол үшін оқушылар 1 мин = 60 с, 1 сағ = 60 мин немесе 1 сағ = 3600 с екендігін естеріне түсірулері тиіс)
Кейін нәтижелерді салыстыру керек.
Ойлан!
Жауабы:
1-әдіс: 2 • 3600 = 7200 (бет/сағ) – бірінші принтерді сатып алу тиімді.
2-әдіс: 2 • 60 = 120 (бет/мин);
120 • 60 = 7200 (бет/сағ);
7200 – 7100 = 100 (бет/сағ).
Қайтала
а) 80 : (5 · 2) = ғ) 100 : (2 · 5) =
ә) 140 : (4 · 7) = д) 12 · (5 · 7) =
б) 270 : (9 · 5) = е) 29 · (2 · 5) =
в) 240 : (4 · 10) = ж) 17 · (4 · 10) = .
г) 180 : (2 · 3) =
«Қайтала» тапсырмасы
Рефлексия
Адам бір күнде 150 литр су жұмсайды. Бір аптада ол қанша литр жұмсайды? Ваннаға 245 литр су сыяды. Егер минутына 35 литр ағатын болса, барлық су қанша уақытта ағып кетеді? Жауабы: 150 · 7 = 1050 (л); 245 : 35 = 7 (мин).
Кері байланыс беру.
-Есепті шығару үшін не қажет болды?
-Қандай қиындықтар туындады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?