Шамаларды өлшеу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлімі «Шамалар» | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 2 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Шамаларды өлшеу | |||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.2** шамаларды өлшеу үшін га, ар өлшем бірліктерін енгізу 4.1.3.3**аудан: см2 , дм2, м2, ар, га; мәндерін түрлендіру; арифметикалық амалдар қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Шамалардың га, ар өлшем бірліктерін енгізу,аудан өлшемдерін түрлендіру; арифметикалық амалдар қолдану. | |||||
Бағалау критерийлері. |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Геометриялық фигуралардың атаулары, құрама фигуралар, аудан өлшем бірліктерінің атаулары, геометриялық фигуралардың элементтерінің аталуы, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, дүниетану. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Құрама фигуралар | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 минут
| (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу. (Ұ,Ж,Қ)Үй жұмысын тексеру Мақсаты: Көлем және аудан бірліктері жайлы білімдерін бекіту. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісімен оқушылар ортаға екі шеңберге тұрып, жұпта бір-бірін тексереді. (Ұ) «Не артық?» ойыны Мақсаты:артық өлшем бірліктерін анықтау арқылы сабақтың тақырыбын ашу. -Бұл ненің өлшем бірліктері? -Қай өлшем бірліктері артық? -Неліктен? -Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Оқушылардың ойларын тыңдау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатындарымызды ескерту. | Слайд | ||||
Сабақ ортасы5-8 минут 8-15 минут 15-25 минут 25-35 минут | (МК) Сұрақ-жауап Мақсаты: Көлем және аудан бірліктері жайлы білімдерін кеңейту. -Үлкен жерлерде егін алқаптарының, құрылыс алаңының ауданын табу үшін бұрынғы білетін өлшем бірліктері мм2 ,см2 ,дм2 -мен өлшей аламыз ба? -Неліктен? -Одан үлкен өлшем бірліктері керек екен. Олар ар және гектар. Ар (латын. — аудан) –ауданның өлшемдердің метрлік жүйесіндегі өлшем бірлігі. 100 м2 =1 а (ар); Гектар (грекше – жүз және ар) – ауданның ең ірі өлшем бірлігі. 10000 м2= 1га (гектар). Оқушылар сұрақтарға жауаптарын тыңдау (Ұ)Есеп шығару Тапсырма:Формулаларды пайдалана отырып,есепті шығарыңдар. Тіктөртбұрыштың ұзындығы – 100 м, ені– 80м. Оның ауданы мен периметрін тап. Шешуі:Р = (80м+100м)х2 Р = 360м S=80м х 100м = 8 000м2 = 80 а Шаршының қабырғасының ұзындығы – 500м. S-? , P -? Шешуі: Р= 500м . 4 Р= 2000м S= 500м. 500м S= 250 000 м2 = 25 га Есептің шарты талданады, шығару жолдары анықталады, өлшем бірліктеріне түрлендіріледі. (Ж,Қ) Жұпта орындалатын тапсырмалар
5 м2 > 50 см2 10 000 м2 < 5га 5 га = 50 000м2
3 га = 30 00 м 2 12дм 2 = 1 200 см2 12м2 = 120 000см2 45 га=4500 а=450 000 м2 4 дм2=400 см2=40 000 мм2 1 000 000 мм2=10 000 см2 Тапсырмалар орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерімен ауысып, мұғалімнің берген дайын нұсқасы бойынша бір-бірін тексереді және бағалайды.Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады. | суреттер Көлемді фигуралар Қима қағаздар | ||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Сабақтың рефлексиясы: Қайталау:100 м2 =1 а (ар) 10000 м2= 1га (гектар) Кері байланыс жүргізу: -Не жеңіл болды? -Қандай тапсырма қиындық туғызды? -Нені қайталау қажет? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Бағалау:«Бағалау фигуралары» арқылы өздерін бағалайды. | Стикерлер/фигуралар таратылады | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жұптық тапсырманы орындауда мотивациясы жоғары оқушыны мотивациясы төмен оқушымен жұптастыру. | Жұпта, топта жасаған жұмыстарын бақылаймын. Көлем өлшем бірліктерін салыстыру мен түрлендіруді бағалаймын. | Сергіту сәті Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | ||||||
Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?: 2:бақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?