Цилиндр жазбасы. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4А «Геометриялық фигуралар»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Талдықорған қаласы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Цилиндр жазбасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.3 Кеңістік геометриялық фигураның жазбасын үлгі бойынша тану (пирамида, цилиндр, конус), фигураны жазбасымен сәйкестендіре білу және моделін жинау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын таниды, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіреді.

Көптеген оқушылар:

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын таниды, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар:

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын таниды, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіреді және моделін жинайды.

Бағалау критерийлері

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын таниды, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіреді және моделін жинайды.

Тілдік мақсаттар

  • куб, тікбұрышты параллелепипед, пирамида, цилиндр, конус
  • жақ , бет, төбе , төбелер ,табан
  • салу , айналдыру, аудару, құрау, құрастыру

Құндылықтардыдарыту

Адалдық, зияткерлік құндылық

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация жасайды

Бастапқы білім

Күрделі теңдеу, алгоритм ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Сабақ мақсаты:

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын тану, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіру және моделін жинау.

Күтілетін нәтиже

Кеңістік геометриялық фигураларының жазбасын таниды, цилиндрді жазбасымен сәйкестендіреді және моделін жинайды.

Сабақтыңортасы

Кіріспе тапсырма

Тапсырма

Оқушыларға цилиндр пішінді тамақ банкасін көрсету. Оның жазбасын білгіңіз келетінін айту.

«Қандай фигуралар жасауға болады?»

Жазбаларды қара. Олардан қандай фигуралар жасауға болатынын анықта.

Сабақтың мақсатын қою:

* қарапайым геометриялық дененің жазбасын жасай білу;

*жазба бойынша жасалған геометриялық денені тану;

* кеңістіктік қиялды дамыту міндеттерін шешу.

Сұрақтар:

- Геометриялық фигураны салу үшін не білу керек?

(Қандай жазық фигуралардан (көпбұрыштардан) тұратынын білу керек (және оларды қалай құру керек; геометриялық дененің бетін өрістету үшін осы жазық геометриялық фигураларды бір-бірімен қалай қосу керек).

Геометриялық фигуралардың жазбалары не үшін қажет?

- Көп қырлы модельдерді жасау үшін.

Оқушылар куб, параллелепипед, призма, пирамида сияқты фигураларды ажырата алуын тексеру; фигуралардың негіздері/қырлары қандай фигуралар екенін біле ме?

(Ө) Қағаздан цилиндр моделін жасауды сұрау.

- Өмірде цилиндр пішінді қандай заттар кездесетінін сұрау. (сусынға арналған бөтелке, цистерна, стакан, т.б)

Оқулықпен жұмыс

«Архитектурадағы цилиндрлер» тапсырмасы

«Шығарып көр» тапсырмасы

«Орындап көр» тапсырмасы

«Ойлан» тапсырмасы

Сен білесің бе?

Есте сақта!

Дифференциация

А тобы. 1,2 тапсырмалар орындау.

В тобы. 1 не 2 тапсырмаларды орындау.

С тобы. 1 тапсырманы орындау.

ҚБ тапсырмасы

1-тапсырма. Фигуралардың жазбасын сыз.

Сен зерттеушісің

7 тапсырма

  Есепті шығар.

   Арман, Болат, Санжар және Айбатыр – барлығы дос. Олардың біреуі – дәрігер, екіншісі – журналист, үшіншісі – жаттықтырушы және төртіншісі – құрылысшы. Журналист Арман мен Айбатыр туралы мақала жазды. Жаттықтырушы мен журналист Болатпен бірге туристік саяхатқа барды. Арман мен Болат дәрігердің қабылдауында болды. Олардың мамандықтарын анықта.

Дәрігер

Журналист

Жаттықтырушы

Құрылысшы

Арман

-

-

+

-

Болат

-

-

-

+

Санжар

-

+

-

-

Айбатыр

+

-

-

-

Қорытынды.

Үйге тапсырма:

Ж.д: 68-69-бет.

Opiq.kz Математика

«Симметриялы фигуралардың жазбасы» 161-сабақ.

Цилиндр пішінді қалпақ жасап көр. Тиісті өлшеулерді орындап, қалпақты жаса.

Слайд, ҚБ тапсырмасы

Көлемді фигуралар жазбасы

Сабақтың

соңы

Рефлексия

Слайд

стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдарыменресурстарыноқушылардыңжекеқабілеттерінесепке ала отырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін.

Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепке ала отырып, сабақтыңкезкелгенкезеңіндеқолданылаалады

Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.

ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары

Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттары /оқумақсаттарыдұрысқойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу