Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Математика

Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі – Өрнектер. Қозғалысқа есептер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К

Сынып: 4А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.5.1.1 Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу.

 Сабақ мақсаттары

Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу.

 Бағалау критерийлері

Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдейді.

 Тілдік мақсаттар

 

  • жылдамдық, уақыт, қашықтық

жықындау жылдамдығы,алыстау жылдамдығы.

 Миссия және пайымдау

Білімдерін өмірде пайдалану

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Өмір бойы білім алу, жауапкершілік, еңбекқорлық

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі мен әдебиеті

Бастапқы білім

Жылдамдық, уақыт, арақашықтық ұғымдары берілген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру бөлімі.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Сәлемдесу

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Тәттілер» әдісі арқылы топқа біріктіру. 

Әр түрлі тәттілерді таңдай отырып, топқа бірігеді.

1-топ: «Қазақстан шоколады»

2-топ: «Сникерс шоколады»

3-топ: «Марс шоколады»

4-топ: «Твикс шоколады»

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

32 минут

Сабақ мақсаты:

Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу.

  • Бүгін сабақта қай бағыттағы қозғалысқа байланысты есептер шығарамыз?
  • Қуып жету және қалып қою
  • Суретте кімдер бейнеленген ?

              - Қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады ?

            -  Межелі жерге қайсысы бұрын жетеді ?- Қуып жету және қалып қою жылдамдығын қалай табамыз?V = V¹ - V²

 Әр топ берілген ақпаратты түсіндіріп, көрініс ретінде көрсетеді.1-топ:Велосипедшінің жылдамдығы артық ол қуып жетеді және басып  оза алады.

 2-топ: Егер аз уақыт берілсе, велосипедші қуып жете алмай қалуы да мүмкін.3-топ:Олардың арасындағы қашықтық азая береді.№1Мектеп пен үйдің арақашықтығы 200 м. Бір мезгілде оқушы мектептен, ал әжей үйден шықты. Олар бір бағытқа қарай қозғалып келеді. Оқушының жылдамдығы минутына 110 м/мин, ал әжейдің жылдамдығы 60м/мин. Қалай ойлайсындар бала әжеге жетеалама? Жоқ па? Жетсе қанша уақыттан кейін?

Арадағы қашықтық әр минут сайын неше метрге қысқарып отырады? Оқушы қанша уақыттан кейін әжейді қуып жетеді?

Жақындау жылдамдығын табуды түсіндіру.

110-60=50 (м/мин) – оқушы мен әжейдің жақындау жылдамдығы.

Оқушы әжейді қуып жетуі үшін екеуінің арасындағы бастапқы 200 м қашықтықты жүріп өтуі тиіс.

200 : 50 = 4 мин (мин)

Оқулықпен жұмыс. 

3-4-тапсырмалар. 

(Тж) Ынталандыру мақсатында теңгемен бағалаймын. Бірінші болған топты «үш шапалақ» әдісімен қошеметтеу

«Ойлы болсаң, ойлан тап» әдісі арқылы есептердің шартын құрып шығару.

«Аукцион» Мотоцикл сатылады

1-топ

Шарты: 

Жүрді – 3 сағат 

Аялдады – 40 минут

Барлығы – 5сағ 

Аялдағаннан кейін - ? уақыт жүрді

Шешуі: 5сағ – 3 сағ= 2 сағ 

2 сағ = 120 мин 

120 мин – 40 мин =80 мин 

80 мин= 1 сағ 20 мин

Жауабы:Аялдағаннан кейін 1 сағ 20 минут жүрді.2-топ 

Шарты: 

Демалыс – 24күндік 

Ауылда – 1 апта 

Туристік- 10күн 

Үйде болды-? Күн

Шешуі: 1апта=7күн 

24-(7+10)=7

Жауабы:7 күн болды.3-топ

Шарты: 

Болды-? 3 машина 165-тен 

Жұмсалды-?тақтай 

Қалды-196 тақтай 

Шешуі:165*3-196=299

Жауабы: Жұмсалды 299 тақтай .4-топ 

Шарты: 

Алынды-45шегеден 4-рет 

Қалды-270 ш 

Батапқыда -?шеге болды. 

Шешуі:45*4=180 

180+270=450ш 

Жауабы:Бастапқыда 450 шеге болды.

Дескриптор:

 Мәтінді оқиды

 Есептің шартын құрастырады

 Амалдарды орындайды

 Жауабын жазадыБілім және білік дағдыларын бағалау мақсатында «Үш шапалақ» арқылы бір-бірін бағалайды.Сергіту сәті: 

Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, «Қимылымды қайтала» музыкалық сергіту сәтін орындайды. 

Математикалық анаграмма құра.

Дескриптор:

 Математикалық анаграмманы құрайды.

Оқушылар өздерін кесте арқылы бағалайды.

«+»

«-»

Алыстау жылдамдығын таба аламын.

Жақындау жылдамдығын таба аламын.

Қуып жету жылдамдығының формуласын білемін

Қалып қою жылдамдығының формуласын білемін

Бір бағыттағы озғалысқа байланысты есептерді шағара аламын.

Анықта және жаз.

Қанат, Мақпал және Петя өздері көріп тұрған пейзаждың суретін салды. Әр баланың салған суреттерін анықта және салған суреттерінің астына балалардың атын жаз.

 

 

кеспе қағаздар, карточкалар, сызбалар, суреттер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді? Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді? Алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу