2-ге бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Ақшамен төлем жасау

Сен

көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізуді;

көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдануды;

10 000 тг, 20 000 тг купюраларын және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрлі төлем жасауды

үйренесің.

Есте сақта!

2-ге бөлінгіштік белгісі.Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.Жазылуы тақ цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінбейді.

0, 2, 4, 6, 8 — жұп цифрлар;

1, 3, 5, 7, 9 — тақ цифрлар деп аталады.

Санның басқа бір санға бөлінетінін білу үшін бөлу амалын орындау керек. Бірақ кейбір бөлгіштерге бөлудің қолайлы тәсілі бар. Бөлінгіштік белгісі деп аталатын ереже арқылы бір санның екінші санға бөлінетіндігін алдын ала білуге болады.

Берілген аралыққа тиісті 2-ге бөлінетін барлық сандарды ата:

а) 31-ден 52-ге дейін в) 2450-ден 2459-ға дейін

ә) 95-тен 115-ке дейін г) 9999-дан 10009-ға дейін

б) 372-ден 393-ке дейін ғ) 10111-ден 10120-ға дейін

2-ге бөлінетін сандарды тап: 121, 256, 453, 689, 890, 1287, 2444, 12982, 78645.Тағы бірнеше сандарды ата және олардың 2-ге бөлінгіштігін тексер.

Сандарды тап

Сандарды ата

Шығарып көр

а) Анасы дүкеннен 2 кг жарма сатып алды. Оның құны 87 теңге, 146 теңге, 408 теңге болуы мүмкін бе?

ә) Қоймадағы 135 жәшік печеньені 2 дүкенге жіберу керек болды. Жәшіктерді екі дүкенге жөнелтетін санын бірдей қылып бөлу мүмкін бе?

б) Сатушы бірдей 2 кітапқа 643 теңге төлеу керек екенін айтты. Сатушының қа-телескенін дәлелде.

в) Әжесі екі немересіне жаңажылдық сыйлық әкелді. Екі сыйлықта барлығы 68 кәмпит болуы мүмкін бе? 137 кәмпит, 260 кәмпит болуы ше? Мүмкін болған жағдайда әр сыйлықта неше кәмпит болған?

Ойлан

Мектеп оқушылары «Таза қала» бастамасына қатысты. Бірінші күні

4-сынып оқушылары 263 пластикалық бөтелке жинағанда, 5-сынып оқушылары олардан 26 бөтелке кем жинады. Екінші күні 4-сынып 186 бөтелке, ал 5-сынып олардан 2 есе артық бөтелке жинады. Оқушы-лардың жинаған барлық бөтелкелерін екі қоқыс жәшігіне теңдей бөліп салуға бола ма?

Орындап көр

Тақтаға бес таңбалы санның моделін көрсету үшін 4 ұл және 1 қыз бала шықты. Осы санның бірнеше разрядында 0 цифры бар екені белгілі. Ұлдар бір разрядты, ал қыз басқа разрядты көрсетеді. Бұл қандай сан? Барлық нұсқаны ата.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу