5-ке бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, презентация.
Математика
4 - сынып
Кезбе тілші
Тақырыбы:
5-ке бөлінгіштік белгісі
Сен
натурал сандарды 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеуді үйренесің.
Есте сақта!
5-ке бөлінгіштік белгісі. Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.Бұл -сандар-дың 5-ке бөлінгіштік белгісі болып табылады.
Мысалы, 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45 сандары 5-ке бөлінеді. Жазылуы 0 мен 5-тен өзге цифрмен аяқталатын сандар 5-ке бөлінбейді.
Мысалы, 6, 7, 11, 13, 28, 31, 32, 46, 49 сандары 5-ке бөлінбейді.
Сандарды тап 5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды тап: 133, 365, 400, 670, 901, 1345, 2555, 14786, 57000. Тағы бірнеше сандарды ата және олардың
5-ке бөлінгіштігін тексер.
Сандарды тап
Сандарды тап
5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды тап: 133, 365, 400, 670, 901, 1345, 2555, 14786, 57000. Тағы бірнеше сандарды ата және олардың 5-ке бөлінгіштігін тексер.
Берілген аралыққа тиісті 5-ге бөлінетін барлық сандарды ата:
а) 24-тен 52-ге дейін;
ә) 1095-тен 1125-ке дейін;
б) 3763-тен 3801-ге дейін.
Аралықтағы сандарды ата
Өрнектің мәні 5-ке бөлінетіндей айнымалының бірнеше мәнін таңда:
а) 348 + а
ә) 12 ∙ х
б) у – 104 ∙ 3
Айнымалының мәні
а) Дана 5 кг алма сатып алды. Оның құны
95 теңге, 358 теңге, 970 теңге болуы мүмкін бе?
ә) Кітапханашы барлық кітапты әрқайсысына
5 кітаптан бірнеше қорапқа бөліп салды.
56 кітапты, 600 кітапты, 1455 кітапты қораптарға осылай бөліп салу мүмкін бе?
Мүмкін бе?
Төрт санды ата:
а) 2-ге де, 5-ке бөлінгіш;
ә) 5-ке бөлінетін, бірақ 2-ге бөлінбейтін;
б) 2-ге бөлінетін, бірақ 5-ке бөлінбейтін.
Қорытынды жаса:
қандай сандар 2-ге де, 5-ке де бөлінеді.
Орындап көр
Амалдарды орындамастан, өрнектердің мәнінің 5-ке бөлінгіштігін анықта:
а) 210 + 355
б) 540 – 12
г) 235 ∙ 210
ә) 425 + 213
в) 765 – 25
ғ) 814 ∙ 200
Ойлан
Асланда 200 жан-жануарлардың суреті бар. Олардың 15 бөлігі құстар, ал қалғандары — сүт қоректілер. Асланда сүт қоректілердің неше суреті бар? Сол сан 5-ке бөліне ме?
5-ке бөлінетін бес санды тап.
Шығарып көр
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды