5-ке бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Бөлімше: Сандармен операциялар жасау Тақырыбы: 5-ке бөлінгіштік белгісі | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.2.4 натурал сандарды 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеу | |||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | 5-ке бөлінгіштік | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
0–2 3-5 6-10 11–28 29–37 | Ынталандыру (Ұ.Ж) Кезбе тілші әдісі Сабақты проблемалық жағдаятпен бастау: -Көшеде келе жатырмын деп есептеңдер, саған газет тілшісі келіп сұрақ қояды: -2003 жылы Астана қаласының тұрғындарының саны 814 435 болған. Олардың 1/5 бөлігі балалар болуы мүмкін бе? -Сенің қолыңда ешқандай қағаз -құрал жоқ, қалай есептейсің? -814 435-тің 5-ке бөлінетінін қалай тез білуге болады? -Тілшінің сұрағына бірден жауап беру мүмкін бе? - Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақ не туралы болады? Оқушылардан көбейту кестесін еске түсіруді сұрау, тақтаға 5-ке бөлінетін сандарды жазып көрсету. -Сандарға зер салып қараңдар. -Не байқадыңдар? (Барлық сандар нөл мен 5-ке аяқталады) -5-ке бөлінетін сандарды тағы да жалғастырып көріңдер. -Қандай сандардың 5-ке бөлінетіні туралы қорытынды жасауға бола ма? -5-ке бөлінгіштік белгісін айтып көріңдер. -Енді газет тілшісінің сұрағына жауап беруге бола ма? Есте сақта! 5-ке бөлінгіштік белгісі. Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.Бұл — сандардың 5-ке бөлінгіштік белгісі болып табылады.Мысалы, 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45 сандары 5-ке бөлінеді. Жазылуы 0 мен 5-тен өзге цифрмен аяқталатын сандар 5-ке бөлінбейді.Мысалы, 6, 7, 11, 13, 28, 31, 32, 46, 49 сандары 5-ке бөлінбейді. Сандарды тап (Ұ.Ж) Тапсырма оқушылардың 5-ке бөлінгіштік белгісін түсіну дәрежесін анықтайды. Ойын ұйымдастыру: балалар шеңбер бойына жиналады. Бірінші оқушы тапсырмада берілген сандардың біріншісін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Ол санның 5-ке бөлінетін/бөлінбейтінін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Тізімдегі соңғы саннан кейін оқушылар өздерінің санын айтып, ойынды жалғастырады. Тапсырма 5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды тап: 133, 365, 400, 670, 901, 1345, 2555, 14786, 57000. Тағы бірнеше сандарды ата және олардың 5-ке бөлінгіштігін тексер. Жауабы:365, 400, 670, 1345, 2555, 57000. Смайлик арқылы бағалау жүргізу Аралықтағы сандарды ата (Ж.Ж) Оқушылар аралықтағы 5-ге бөлінетін санды кезекпен атап, өзінің таңдауын бөлінгіштік белгісіне сүйеніп дәлелдейді. Бірнеше жұптың жауабын тыңдап, бағалау. Тапсырма Берілген аралыққа тиісті 5-ге бөлінетін барлық сандарды ата: а) 24-тен 52-ге дейін; ә) 1095-тен 1125-ке дейін;б) 3763-тен 3801-ге дейін. Жауабы: а) 25, 30, 35, 40, 45, 50; ә) 1095, 1100, 1105, 1110, 1115, 1120, 1125; б) 3765, 3770, 3775, 3780, 3785, 3790, 3795, 3800 Смайлик арқылы бағалау жүргізу Айнымалының мәні (Ұ.Ж) Бұл материалды игеруге қажет білімді өзектендіруге мүмкіндік береді. Тапсырма Өрнектің мәні 5-ке бөлінетіндей айнымалының бірнеше мәнін таңда: а) 348 + а; ә) 12 ∙ х; б)у – 104 ∙ 3. Мүмкін жауаптары: Мысалы: а) а = 2, 12, 17, 22; ә) х = 5, 10, 50; б) у = 322, 337, 357 т.с.с. Бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізу Мүмкін бе? (Ұ.Ж) Есептеу жүргізбей-ақ заттың құнын қалай білуге болатынын сұрау. Жауаптарын түсіндіруге уақыт беру. Екінші есепті де бағыттаушы сұрақтар қою арқылы түсініп шығару. Тапсырма а) Дана 5 кг алма сатып алды. Оның құны 95 теңге, 358 теңге, 970 теңге болуы мүмкін бе? Жауабы:а) құны 95 теңге және 970 теңге болуы мүмкін; ә) Кітапханашы барлық кітапты әрқайсысына 5 кітаптан бірнеше қорапқа бөліп салды. 56 кітапты, 600 кітапты, 1455 кітапты қораптарға осылай бөліп салу мүмкін бе? Жауабы:ә) 600 және 1455 кітап болуы мүмкін Отшашу арқылы бағалау жүргізу Шығарып көр (Ж.Ж) Оқушылар есепті 5-ке бөлінгіштік белгісін қолданып шығарады. Алдымен сынып болып талдау: -Арсланда барлығы неше сурет бар екені белгілі ме? - Құстардың суреті оның қандай бөлігін құрайды? - Бөлік деген нені білдіреді? -Бүтіннің бестен бір бөлігін қалай табуға болады? -Арсланда сүт қоректілердің неше суреті бар екенін қалай білуге болады? Талдаудан кейін оқушылар есептің шешуін, жауабын жазады. Жұптар жұмыстарын өзара алмастырып, бірін-бірі тексеріп, бағалайды. Тапсырма Асланда 200 жан-жануарлардың суреті бар. Олардың бөлігі құстар, ал қалғандары — сүт қоректілер. Асланда сүт қоректілердің неше суреті бар? Сол сан 5-ке бөліне ме? 5-ке бөлінетін бес санды тап. Жауабы: 200 : 5 = 40 (сурет)–құстардың суреті; 200 – 40 = 160 (сурет)–сүт қоректілердің суреті Смайлик арқылы бағалау жүргізу Ойлан (Т.Ж) Әр топтан бір оқушы бір мысал келтіріп, топтың жауабын таныстырады. Тапсырма Амалдарды орындамастан, өрнектердің мәнінің 5-ке бөлінгіштігін анықта: а) 210 + 355; б) 540 – 12; г) 235 ∙ 210;ә) 425 + 213; в) 765 – 25; ғ) 814 ∙ 200. Жауабы: а) 210 + 355 бөлінеді ә) 425 + 213 бөлінбейді б) 540 – 12 бөлінбейді в) 765 – 25 бөлінеді г) 235 · 210 бөлінеді ғ) 814 · 200 бөлінеді Бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізу Орындап көр (Ж.Ж) Тапсырма сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдануды бекітуге арналған. Тапсырма Төрт санды ата: а) 2-ге де, 5-ке бөлінгіш; ә) 5-ке бөлінетін, бірақ 2-ге бөлінбейтін; б) 2-ге бөлінетін, бірақ 5-ке бөлінбейтін. Қорытынды жаса: қандай сандар 2-ге де, 5-ке де бөлінеді. Жауабы: 0 мен аяқталған жағдайда ғана 2-ге де, 5-ке де бөлінеді. а) 10,20,30,100 ә) 15,25,35,55 б) 12,14,16,28 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. Айналмақ (Т.Ж) Көптаңбалы сандарды ауызша есептеу. -Белгісіз қосылғышты қалай табуға болады? -Белгісіз азайтқышты қалай табуға болады? Мысалдарды топтағы әр оқушыға беру. Сосын тексеру жүргізу үшін басқа топтарға береді. Тапсырма Қызыл нүктемен белгіленген шаршылардан бастап сана. а) белгісіз қосылғышты тап; ә) азайтқышты тап Жауабы: а) 45600 − 400 = 45200; оңға қарай: 42400, 44300, 43100, 40500, 45000, 38400; ә) 28900 − 8300 = 20600; оңға қарай: 1300, 4970, 50700, 9100, 28700, 1700. Смайлик арқылы бағалау жүргізу Қалыптастырушы бағалау Сандарды теріп жаз (Ө.Ж) Тапсырманы орындағанда оқушылар 5 пен 2-ге бөлінгіштік белгісі бойынша білімін қолданады. Жауабы:а) 5-ке: 355, 3690, 60, 800, 34975, 5 643 280, 45, 300, 15;2-ге: 68, 3690, 60, 800, 5 643 280, 12, 300, 7658;2-ге де, 5-ке де: 3690, 60, 800, 5 643 280, 300.ә) 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95;310, 315, 320, 325, 330, 335, 340,345, 350, 355;900, 905, 910, 915, 920, 925, 930, 935 Сандарды құрастыр Оқушылар 5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды өз бетінше құрастырады. Жауабы:а) 5820, 5280, 8250, 8520, 2850, 2580, 2805, 2085, 8205, 8025; ә) 700, 710, 720, 730, 740, 750, 760, 770, 780, 790; 2055, 2155, 2255, 2355, 2455, 2555, 2655, 2755, 2855, 2955 Анықта Оқушылар 5-ке бөлінгіштік белгісін пай-даланып, жасырған сөзді табады. Саралап оқыту үшін осы сандарды бөлуді қосымша беруге болады. Жауабы:Жанұя Қосымша тапсырма Тіктөртбұрыштың ұзындығы 2 м 25 см, ал ені одан 5 есе кем. Периметрі осы фигураның периметріне тең шаршының қабырғасын тап. Жауабы: 225 см: 5 = 45 см–ені; (225 + 45) см · 2 = 540 см–периметрі; 540 см: 4 = 135 см = 1 м 35 см–шаршының қабырғасы | Микрафон 2-слайд 3-слайд доп 5- слайд 6- слайд 7- слайд 8-слайд 9-слайд 10-слайд 11-слайд 12-слайд | ||||||||
38–40 | Рефлексия «Тазалық» әдісі -5-ке бөлінетін жұп сандар қандай цифрмен аяқталады? (0) -56 мен 62-нің арасында 5-ке бөлінетін қандай сан бар? (60) -352-ден артық, 374-тен кіші 5-ке бөлінетін жұп сандарды ата. -5-ке бөлінгіштік белгісі қандай? | 13-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?