10- ға бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1.2 Сандармен операциялар жасау

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы

10- ға бөлінгіштік белгісі

Оқу мақсаты

4.1.2.4. 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру

Ғылыми тіл

10-ға бөлінгіштік, топтастыру, натурал сан

Құндылықтар

Өмір бойы оқып үйрену

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

5-ке бөлінгіштік белгілері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

5 миунт

5 минут

) «Қара жәшік» ойыны

Әр қорапта қандай сан жасырылғанын табу. «Сұрақ-жауап» түрінде диалог ұйымдастыру:«Бірінші қораптағы сандардың арасында қандай ұқсастық бар? (Барлығы жұп сандар) Екінші қораптағы сандарға не ортақ? (5-пен аяқталады) Үшінші қораптағы сандарды не біріктіреді? (Нөлмен аяқталады) Қалай ойлайсыңдар, бірінші қорапта қандай сан жасырылған? (2) Неге осылай ойладыңдар? (2-ге бөлінгіштік белгісі) Екінші қораптың ішіндегі қандай сан болуы мүмкін? (5) Неліктен? Үшінші қорапта қандай сан жасырылғанын айта аласыңдар ма? Енді 10-ға бөлінетін сандар туралы қорытынды жасауға бола ма?»

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы

(Ж) Аралықтағы сандарды ата. «Берілген аралықтардан қандай сандарды таңдап алуға болады? Сандардың 10-ға бөлінгіштік белгісі қандай?»

Жауабы:

а) 20, 30, 40, 50, 60;

ә) 90, 100, 110, 120, 130, 140, 150, 160, 170, 180;

б) 980, 990, 1000, 1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, 1070.

(Ұ) Мүмкін бе?

Есептемей-ақ есептің сұрағына бірден жауап беру. Бірнеше оқушының жауабын тыңдап талқылау. Екінші есепті де сынып болып талқылап шығару.

Жауабы:

а) 120 және 200 жұмыртқа әкелуі мүмкін, 68 және 15 жұмыртқа әкелуі мүмкін емес, себебі бір қораптағы жұмыртқаның саны 10.

ә) Мүмкін емес, 30 немесе 40 оқушы болуы керек.

3 қорап;

2, 5, 10 сандары жазылған кеспеқағаздар.

3-4 слайд

5-6 слайд

7-8 слайд

5 минут

5 миунт

5 минут

Сабақтың соңы

Бағалау. Смайлик арқылы бағалау.

(Ж) Шығарып көр. Есепті сандардың 10-ға бөлінгіштік белгісін пайдаланып шығару. Бірнеше бағыттаушы сұрақ қою: «Неше грамм дәрілік шөп жинағанын белгілі ме? 2 қалтаға неше грамнан салды? 5 қалтаға ше? Қанша грамм шөп қалғанын қалай білеміз? Есептің екінші сұрағына жауап беру үшін не істеу керек?» Талдаудан кейін есепті шығару. Жұптардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыру.

Жауабы:

800 – (85 · 2 + 60 · 5) = 330 (г) – қалтаға салу керек;

330 : 10 = 33 (г) – әр қалтаға салынған дәрілік шөптің массасы.

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы

(Ж) Ойлан. Жұптағы оқушылар жауабын ламинатталған параққа жазып көрсету. Қиналған оқушыларға қолдау көрсетіп көмектесу. Оқушылардың бір-біріне көмектесуін ұйымдастыру.

Жауабы: 765 : 5 · 10 = 1530 немесе 765 · (10 : 5) = 1530.

Бағдаршам арқылы бағалау.

) Орындап көр. Санды шетінен теріп табуға болатынын айту. Әртүрлі цифрларды алып, олардың қосындысын табу керек. Нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Бастысы, сандағы цифрлардың қосындысы 22-ге тең болуы керек. Оқушылар осындай санды тапқан соң есепке өздерінің шартын қоюды сұраңыз. Мысалы, сандағы цифрлардың қосындысы 15-ке тең болуы керек.

Жауабы:

Мүмкін жауаптардың бірі: 361 570; 827 410 …

3 + 6 + 1 + 5 + 7 + 0 = 22; 8 + 2 + 7 + 4 + 1 + 0 = 22.

Бағалау. Екі жүлдыз бір тілек

(Т) Қайтала. Тапсырманы топтарға беруге және барлық нұсқаларды шешіп болғасын алынған нәтижемен тексеруге болады. Егер интербелсенді тақтаға мүмкіндік болса, жауапты тақтаға шығаруға болады. Оқушылар бұл жағдайда жұмыстарын өздері тексеруді орындайды. Тапсырма қиындау болған оқушыларға көмек көрсетіңіз.

Жауаптары:

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы

) Сандарды құрастыр.

Берілген цифрларды қолданып, 10-ға бөлінетін төрт таңбалы сандарды құрастыру. 10-ға бөлінгіштік белгісін пайдалану.

Жауабы:

а) 1750, 1570, 7510, 7150, 5710, 5170;

ә) 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90.

Бағалау:Өзара бағалау. Оқушылар жұлдызшалар беру арқылы бірін - бірі бағалайды.

Кері байланыс

Иә-жоқ. Сөйлемдердің дұрыс немесе қате сөйлем екенін анықтайды.

Жауабы:

845 саны 2-ге де, 5-ке де бөлінеді.Ж

4534 саны 2-ге бөлінеді.И 3900 саны 2-ге де, 5-ке де, 10-ға да бөлінеді. И 5 саны –155-тің бөлгіші (қалдықсыз).И

670 саны 10-ға бөлінеді.И

2 саны – 81-дің бөлгіші (қалдықсыз).Ж

805 саны 5-ке де, 10-ға да бөлінеді.Ж

20 640 000 2-ге де, 5-ке де, 10-ға да бөлінеді. И

9-10 слайд

11-12 слайд

13 слайд

14 -15 слайд

16-17 слайд

18 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу