Көптаңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспыры.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1.2 Сандармен операциялар жасау

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы

Көптаңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Оқу мақсаты

4.1.2.8. Екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау

Ғылыми тіл

Екі таңбалы сан, үш таңбалы сан, бөлу, көбейту

Құндылықтар

Өмір бойы оқып үйрену

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

5 миунт

5 минут

) Кіріспе тапсырма. Оқушылардан бөлу амалының компоненттерін есіне түсіруін сұрау. Бір оқушыға мұғалім рөлінде болып, үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін түсіндіруді тапсыру. Көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу тәсілі де осыған ұқсас екенін айтып түсіндіру.

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы

) Сандарды тап. Тапсырма жаңа тақырыпты өтуге дайындық жасауға мүмкіндік беру. Тапсырманы шетінен біртіндеп сынып болып орындауды ұйымдастыру. Ізделінді сан мен берілген бір таңбалы санның көбейтіндісі салыстырылатын санға ең жақын сан болуы керек екенін түсіндіру. Бұл оқушыларға алда қарастырылатын бұрыштап бөлу кезінде көмектесу.

Жауабы:

а) 5 · 5 < 26б) 7 · 6 < 46г) 9 · 8 < 76

ә) 8 · 7 < 58в) 6 · 5 < 34ғ) 4 · 7 < 29

«Басбармақ» арқылы бағалау. Түсіндім десе бармағын жоғары қарай, түсінбедім десе төмен қарай көтереді.

(Ж) Бөліндіні анықта. Тапсырма оқушылардың бөліндідегі цифрлар санын анықтау дағдысын бекітуге арналған. Тапсырманы жұпта орындауды ұсыну. Оқушыларға мысалдарды шығарып, қателерді табу және соңында сандарды бөлуді орындау арқылы тексеруді ұйымдастыру.

Жауабы:

3211 (дұрыс), 3112 (дұрыс емес), 654 (дұрыс)

Өзара бағалау. Оқушылар жұлдызшалар беру арқылы бірін- бірі бағалайды.

)Есептемей-ақ тап. Тапсырманы ойын түрінде орындау. Мысалдарды шетінен оқып тұру, оқушылар «Ресурстар» бөлімінде сипатталған кеспеқағаздардың көмегімен бөліндінің мәніндегі цифрлардың санын көрсету.

Жауабы:

а) 225 : 5 (2)б) 6399 : 3 (4)г) 2286 : 2 (4)

ә) 777 : 7 (3)в) 98 : 7 (2)ғ) 4137 : 7 (3)

2, 3, 4 сандары жазылған кеспеқағадар, оқушылардың санына байланысты;

қызыл, жасыл түсті белгі беретін кеспеқағаздар

1 слайд

2 слайд

3 слайд

4 слайд

5 слайд

7-8 слайд

5 минут

5 миунт

Сабақтың соңы

5 минут

(Ө) Амалдарды орында. Тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға беру. Түсінбеген оқушыларға көмектесу. Есепті шығарған бірнеше оқушының жауабын тыңдау. Оқушылардың математикалық терминдерді қолданып, дұрыс сөйлеуін қадағалау.

Жауабы:

а) 44428 : 2 = 22214;

ә) 1245 : 5 = 249;

б) 2988 : 3 = 996;

в) 84884 : 4 = 21221;

г) 89375 : 5 = 17875;

ғ) 87636 : 6 = 14606;

д) 15882 : 6 – 1890 = 757;

Бағалау. Смайлик арқылы бағалау.

(Ж ) Санап көр. Тапсырманы жұп болып орындауды ұсыну. Оларға тапсырманы бөліп алуды тапсыру. Бірінші есепті бір оқушы, екінші есепті екінші оқушы шығарып, соңында бірін-бірі тексереді. Бірінші есепте есептеуге жеңіл болуы үшін тоннаны килограмға ауыстыру керек екенін айту. Оқушылардың өзін-өзі тексеруі үшін есептердің дұрыс жауабын тақтадан көрсету

Жауабы:

а) 2733 : 3 = 911 кг;

ә) 335 300 : 2 = 167 650 адам.

Бағалау. Екі жүлдыз бір тілек

(Т) Шығарып көр. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға есептің шартын өзіне ыңғайлы тәсілмен жазып (сызба түрінде, қысқа жазба түрінде немесе суретін салу) шығаруды ұсыну. Топтың бір мүшесі басқа топтың жауабын тексеріп, салыстыру. Жауаптары сәйкес келмеген жағдайда сынып болып талқылау ұйымдастыру.

Жауабы:

2190 : 6 = 365 г;

365 : 5 = 73 г;

2190 + 365 + 73 = 2628 г.

Сөздік бағалау: «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы

(Ж ) Ойлан. Жұп болып жұмыс істеуді ұсыну. Оқушылар төрт таңбалы сан құрастырады. Қабілетті оқушыға осындай бірнеше санды құрастыруды тапсыруға болады, мұндай сандардың жалпы саны 24. Бірнеше жұптың жауабын тыңдау. Олардан өздері құрастырған санның 9-ға және 3-ке бөлінетінін дәлелдеуді сұрау.

Жауабы:

Мысалы, 2736 : 9 = 304, 2736 : 3 = 912.

7632 : 9 = 848, 7632 : 3 = 2544.

Бағдаршам арқылы бағалау.

Рефлексия

Оқушыларға белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен келесі сұрақтарға жауап беруді сұрау:

Әр белгі бойынша бірнеше оқушыдан өзінің жауабын түсіндіруді сұрау.

9 -10 слайд

11-12 слайд

13 слайд

14 слайд

15-16 слайд

17 слайд

18 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу