Кестеден тыс көбейту мен бөлу № 164 сабақ.Көбейтудің қасиеттері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

4-бөлім. Қайталау

164- сабақ. Тақырыбы: Көбейтудің қасиеттері

Оқу мақсаты: 3.1.2.3 көбейтудің үлестірімділік,терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Тиімді тәсілмен есептеу үшін: көбейтудің терімділік қасиетін (а*в)*с=а*(в*с); көбейтудің үлестірімділік қасиетін

а*(в+с)=а*в+а*с; көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін а*в=в*а қолданады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Кіріспе тапсырма. Сабақты «84 және 101» ойыны арқылы оқушыларды сабаққа белсендіруден бастаңыз.

Ұ.Ж. Оқушыларды сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында «84 және 102» ойынын ұйымдастырыңыз. Суретті слайд арқылы көрсетіңіз суреттегі цифрларды пайдалана отырып 84 және 102 сандарын шығауды ұсыныңыз.

12*7+8+5+1+1+3=102

12*7=84

«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Көбейтудің қасиеттері.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Көбейтудің терімділік қасиеті

Тапсырмалармен жұмыс

Ж.Ж. «Тиімдісін тап» Әр оқушы жеке орындайды.Өзара тексеру үшін жұбымен жұмыстарын ауыстыруды ұсыныңыз. Есептеу кезінде көбейтудің қандай қасиетін қолдандың? « Салыстыру» тапсырмасын орындауға есептемей-ақ нәтижесін шығаруға болатынына назар аудару керектігін ескертіңіз.

а) Тиімді тәсілмен есепте:

(42+23)*5=325 26-2+52*2=128

(67+15)+4=86 45*3+12*3=171

(45-25)*3= 60 71*5-22*5=245

ә) Түрлі тәсілмен есепте:

(13+17+30)*8=480 12*3-30=6

(76+14-20)*4=280 0*9*200=0

(11+69-40)*6= 240 42*5*2=180

б) Салыстыр:

6*3+4*3 = (6+4)*3

(75+5)*6 > 75*6+5

Х*4+6 = (Х+6)*4

а*12-5 = а*(12-5)

(29+0)*20 < 29-20+20

(32+с)*0 = 32+с*0

«Өзара бағалау»

Ө.Ж. «Өрнек құр шығар» Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды.

Қосылғыш

52:4

16+64

15*5

(107-62):9

Қосылғыш

68:4

14*0

35*5

81:9

(52:4)+(68:4)=30

(16+64)+(14*0)=94

(15*5)+(35*5)=250

((107-62):9)+(81:9)=14

Сұраңыз: «Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандың?Есептеу кезінде неге көбейтудің қасиеттерін қолдану керек?»

Т.Т. «Түсін, өзгерт» Топқа есеп шарты бойынша бірнеше өрнектер беріңіз. Оқушылар топта есепті оқиды, талдайды. Топта ақылдаса отырып берілген өрнектердің нені білдіретіндігін ойласады, топтың бір өкілі түсіндіреді. Бұдан соң есеп шартын өзгертетіндей өрнек беріңіз де есептің шешуін сол бойынша табуды тапсырыңыз.

Математикалық олимпиадаға қазақ мектептерінен 92 қыз бала және 85 ұл бала қатысты. Қазақ мектеп балаларына қарағанда орыс мектептерінен 3- еуі кем бала қатысты. Орыс мектептерінен қанша бала қатысты?

Сұраңыз: Мына өрнектер нені білдіреді? Түсіндіруді және өзгертуді ұсыныңыз:

92+85

(92+85)-3

Есеп былай шығатындай етіп, шартын өзгертіп көр: (92+85):3

Математикалық олимпиадаға қазақ мектептерінен 92 қыз бала және 85 ұл бала қатысты. Қазақ мектеп балаларына қарағанда орыс мектептерінен 3 есе кем бала қатысты. Орыс мектептерінен қанша бала қатысты?

Тапсырманы топпен орындауды ұсыну.Тапсырма оқушылардан құрама есептерді өрнекпен шығару білімін қолдануды қажет етеді.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Т.Ж. «Тез ойла» Жоспарға сәйкес топтық жұмыс ұсыныңыз.Мемлекеттік мерекелер белгіленген күнтізбені қолдануға да болады.

Жоспар:

  • Күнтізбеден мемлекеттік мереке күнін ойла
  • Ол санды 2- ге көбейт
  • Алынған көбейтіндіні 5-ке көбейт
  • Шыққан санды 10-ға көбейт
  • Көбейтіндіге айдың реттік нөмерін қос (наурыз-үшінші, желтоқсан- он екінші)
  • Шыққан санды айт
  • Ойлаған мерекенің күнін табуды ұсын.

Т.Ж. «Жалғастыр және орында» Оқушыларға «Жалғастыр және орында» топтық жұмысты ұсыну. Ол үшін топқа геометриялық пішіндермен берілген өрнектер беріледі. Сол пішіндерден көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетіне байланысты өрнекті құрып жалғстыру тапсырылады. Тапсырманы орындап қойғандарға кеңесші рөлін ұсыну.

Ұ.Ж. «Кенеттен сұрау» Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін және жылдам ауызша жауап беру біліктігін арттыру мақсатында ұжымдық «Кенеттен сұрау» ойынын ұйымдастыру. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, оқушылар тез жауап беру керек.

1. Шұбатты 4 литрден 40 бидонға құйды. Барлығы қанша шұбат құйылды?

2. 240 самсаны 24 самсадан ыдыстарға салды. Неше ыдыс қажет болды?

3. Бір мысықтың 4 аяғы бар. 7 мысықтың неше аяғы бар?

4. Мектеп ауласына 12 гүлден 4 қатар гүл отырғызылды. Барлығы неше гүл отырғызылды?

5. Әсел 120 теңгеден 4 балмұздақ сатып алды. Әсел қанша ақша жұмсады?

Жауабы: 1) 160л шұбат, 2) 10 ыдыс, 3) 28 аяғы бар, 4) барлығы 48 гүл, 5) 600 тг ақша жұмсады

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,

«Керемет!» т,б.

Кері байланыс. Оқушылармен көбейтудің қасиеттері тақырыбына байланысты қайталау есептерін қаншалықты меңгергендігіне байланысты кері байланыс жасаңыз. Ол үшін сұрақтарға жауап алыңыз. Ол үшін тақтаға «жылдам есептеу үшін», «есепті шығару үшін» сөздері жазылған парақтар іліңіз.

Сұрақ: Неге көбейтудің қасиеттерін білу керек?

 Оқушылардан «жылдам есептеу үшін», «есепті шығару үшін» сөздері жазылған парақтарға топтасуын сұраңыз. Бұл ойлардың бәрі сұрақтың жауабы деген қорытынды жасаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу