Кестеден тыс көбейту және бөлу № 162 сабақ. Кестеден тыс көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
4-бөлім. Қайталау
162- сабақ. Тақырыбы: Кестеден тыс көбейту және бөлу
Оқу мақсаты: 3.1.2.10 мынадай жағдайларда:23*2,123*2,46:2, 246:2 екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
3.1.2.11 мынадай жағдайларда:28*3, 269*2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
3.1.2.12 нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/бөлу тәсілін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Ауызша көбейтуді орындау үшін:
- Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу керек
- Әр қосылғышты осы санға көбейтіп, көбейтіндінің мәнін қосады
Ауызша бөлуді орындау үшін:
- Бөлінгішті ыңғайлы қосылғыштардың қосындысына жіктеу керек
- Әр қосылғышты бөлгішке бөліп, бөліндінің мәнін қосады
Жазбаша көбейтудің алгоритмі:
- Бірліктерді көбейтіп, бірлікті бірліктің астына жазып, ондықты есте сақтайды
- Ондықтарды көбейтіп, ондыққа ондықты қосып, ондықтың астына жазады.
- Жүздікті көбейтіп, жүздіктерді қосып, жүздіктің астына жазады
Жазбаша бөлудің алгоритмі
- Бірінші толық емес бөлінгішті табу керек
- Бөліндідегі цифрдың санын анықтау керек
- Бөліндінің әр разрядындағы цифрды табу керек (бөлу)
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Кіріспе тапсырма. Сабақты «Гүлдер алаңы» ойынын ойнату арқылы өткенді қайталаудан бастаңыз.
Т.Ж. «Гүлдер алаңы» Оқушыларға топпен гүл шоқтарындағы сандар мен амалдарға көңіл аударуды ұсыныңыз . Олар гүл шоқтарындағы кестеден тыс көбейту мен бөлу жағдайына берілген мысалдарды шығарады. Орындап болған оқушы қолын көтеріп жауап береді. Осылай кімнің жылдам есептейтінін тексеріңіз. Бұдан әрі топта көбейту мен бөлуге мысалдар ойлап келесі топтарға ұсынып, өзара бағалау жүргізу керектігін ұсыныңыз.
12*7= 84 16*2=32 14*7=98 14*4=56 32 : 2=16 56 : 4=14 98 : 7=14
Амалдар тізбегі.
Ж.Ж. «Мұғалім-оқушы» ойыны. Бірнеше оқушыға мұғалім рөлінде болып,берілген өрнектерді амалдар тізбегімен математикалық тілде айтуды ұсыныңыз. Қалғандары ауызша есептейді.Нәтижесін ламинатталған параққа жазады.Мұғалім роліндегі оқушыға өрнектегі амалдар тізбегін нақтылау керектігін және амалдардың орындалу ретін сақтау керектігін ұсыныңыз.
6*5-16:2*3+49=55
15*2:3*8+26=106
63:3*4-18+70=136
68:4*6:3+80=114
600:10*6:3+68=188
200-48:4*3+36=200
Бөлінгіш | 69 | 94 | 84 | ||
Бөлгіш | 3 | 4 | 6 | 37 | |
Бөліндінің мәні | 24 | 2 | 2 |
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.
Ө.Ж. «Кестені толтыр»
Бірінші көбейткіш | 16 | 18 | 5 | ||
Екінші көбейткіш | 4 | 6 | 3 | 9 | |
Көбейтіндінің мәні | 186 | 153 | 90 |
Бірінші көбейткіш | 16 | 31 | 18 | 17 | 5 |
Екінші көбейткіш | 4 | 6 | 3 | 9 | 18 |
Көбейтіндінің мәні | 64 | 186 | 54 | 153 | 90 |
Бөлінгіш | 69 | 6 | 94 | 84 | 185 |
Бөлгіш | 3 | 4 | 47 | 6 | 37 |
Бөліндінің мәні | 23 | 24 | 2 | 14 | 2 |
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды,содан соң әр тексеруді өзара жүргізеді.Оқушыларға көбейту мен бөлу жағдайындағы белгісіз компонентті табудың ережесін қалыптастыруды ұсыныңыз. (Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтеміз. Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз).
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау
Ж.Ж. «Шығар және түсіндір» Оқушыларға алгоритм бойынша түсіндіре отырып, шығаруды ұсыну.Нәтижесін бақылау парағына белгілеу керек.Саралау үшін тапсырманы орындаған парағына белгілеймін.Саралау үшін тапсырманы орындаған оқушыларға шыққан нәтижелерді тексеруді ұсыну.
213 326 121 468 164 187
х 3 х 2 х 6 х 2 х 4 х 3
639 652 726 936 656 554
834 6 604 4 876 6
6 139 4 151 6 146
23 20 27
18 20 24
54 4 36
54 4 36
0 0 0
Критерий арқылы бағалау
- Алгоритм бойынша түсіндіре отырып шығара алады
- Нәтижені бағалау парағына белгілей алады
«Бөлуді қалай тексереді?(кері амал –көбейтумен)».Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындауын ұсыну.Тексеру кезінде амалдардың орындалуын дауыстап айту міндетті.Кері байланыс:жасыл- «келісемін», қызыл-«келіспеймін» белгілерін ұсыну.
Т.Ж. «Оқы, талда, шығар»Топпен талдауды ұйымдастыру.Саралау мақсатында тапсырманы басқалардан бұрын орындаған оқушыларға кері есептер шығаруды ұсыну.
Қалада екі кітапхана бар. Бірінші кітапханаға әрқайсысында236 кітаптан салынған 3 қорап, екінші кітапханаға әрқайсысында 148 кітаптан салынған 2 қорап кітап әкелінді. Екі кітапханаға барлығы неше кітап әкелінді?
Қысқаша шарты:
Бірінші кітапханаға-236 кітаптан2 қорап
Екінші кітапханаға-148 кітаптан3 қорап
Барлығы -? Кітап
236*2+148*3=916 кітап
Смайликтермен бағалау
Ж.Ж. «Құрастыр» Тапсырма бір разрядтық бірлігі 0 болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайын қайталауға берілген.Ойын ретінде жүргізіледі.
207 санын 4 есе арттыр да одан 100 – ді азайт
260 санын 3 есе арттыр да 10-ды қос
950 санын 5 есе кеміт та, 100 – ді қос
102 санын 3 есе кеміт те, 10- ды қос
207*4+100=928
149060*5+10=
950:5+100=290
102:3+10=44
«Басбармақ» арқылы бағалау
Ойлан.
(Т.Ж) Оқушылар топпен жұмыс жасайды.Дөңгелектің ішіндегі сандарға тең болатын өрнек құрып баған түрінде есептейді.
106*6:3+111=323
(239-119):3*2=80
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Кері байланыс
«Мұғаліммен жарыс» ойынын ұсыну.Мұғалім бір мысалды айтады,уақытты белгілейді,бірақ өзі кішкене кейінірек есептеп бастайды.Бірінші болып жауап
берген оқушы келесі мысалды айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?