Қайталау № 167 сабақ. Ақша. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

4-бөлім. Қайталау

167- сабақ. Тақырыбы: Ақша

Оқу мақсаты: 3.1.3.6 1000тг,2000 тг,5000 тг, ақшаларын ажырата алуды және олармен әртүрлі операцияларды орындау.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Ақша – арнайы өнім. Ол өнімнің, еңбектің және т.б. құнының өлшемі болып табылады. Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т.б. алуға болатын ақшаның саны. Құны-бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны. Санын табу үшін құнын бағаға бөлеміз (С=Қ:Б), құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б*С), бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б=Қ:С)

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Кіріспе тапсырма. Сабақты «Ақша қалай пайда болған» видеосын көруден бастаңыз. Балалардың ақша туралы түсініктерін тыңдаңыз.

Ұ.Ж.Оқушыларға есепті ауызша шығаруды ұсыныңыз.

1) Марат 8 жапсырманың әрқайсысын 40 тг-ден және 6 күнтізбенің әрқайсысын 30 тг-ден сатып алды.Ол барлығына қанша теңге төледі?(500 тг)

2)4 кітапқа 560 тг төледі.Бір кітап қанша тұрады?(140 тг)

3)Мектепке 230 тг-ден доптар сатып алды.Барлық затқа 690 тг төледі.Қанша доп сатып алды?(3 доп)

Содан соң сұраңыз: «Әр есептен қандай шаманы іздедіңдер?(Бағасы,саны,құны) Баға дегеніміз не?(Бір өнімнің бағасы) Құны дегеніміз не? (Барлық өнімге берілген ақшаның саны)»Ламинатталған параққа құнын,бағасы мен санын табудың формуласын жазуды ұсыныңыз.Тексеріңіз

« Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Кереметсің»,

«Өте жақсы», «Талаптысың»

Т.Ж. Сыныпты үш топқа бөліңіз..Бірінші топта 2000 теңге,екіншіде – 1000 теңге,үшіншіде – 5000 теңге бар екенін айту керек. «Суретте көрсетілгендерден нені сатып алуға болады?Қанша қалады? Бірінші топ торт пен гүл сатып алады ма?(Жоқ,олардың бағасы 2000 тг-ден артық).Екінші топтың оқушылары қандай затты сатып ала алмайды? (торт).Үшінші топтар барлық заттарды сатып ала алады ма?(Иә)».Саралау үшін аса ынталы оқушыларға бірнеше затты «сатып» алуын ұсыныңыз

оп

«Шапалақ арқылы бағалау»

Сыйлықтарды тап.

Ж.Ж.Сыныпта кімнің туған күндері бір күнде немесе күндерге сәйкес келетінін сұраңыз.Осындай жағдайда сыйлықтарды шатастырып алуы мүмкін екенін елестетуді ұсыныңыз.Мысалдарды шығарып,кімнің сыйлығы қайда екенін табуды ұсыныңыз.Ол үшін жұптың бірі – Нұржанның сыйлығын, екіншісі – Айғанымның сыйлығын табады.

210:7+ (863-254)=639 842-450:9=792

321:3+482=589 540:6+(658-429)=319

«Өзара бағалау»

Ж.Ж. «Құнын тап» Есепті өз бетінше шығаруды ұсыныңыз.Егер шығару барысында қиындық туындаса,парталас көршісінен көмек сұрауға болады.Көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын сұраңыз.(Көбейтудің үлестірімділік қасиетін).

Бағасы

Саны

Құны

55 тг

5

? тг

82 тг

5

?тг

65 тг

5

? тг

(55+82+65)*5=1010 тг

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Ұ.Ж. «Талдап, шығар»

Дүкенде 3 күнде 1000 кг қант сатылды. Бірінші күні 300кг, екінші күні одан 2 есе артық қант сатты. Үшінші күні қанша кг қант сатылды?

Есепті талдаңыз: «3 күнде қанша кг қант сатылды?Бірінші күні шеше?Екінші күні ше? Үшінші күні сатылған қант белгілі ме ?Біз есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?Ол үшін не істеу керек?»

300*2=600(екінші күн)

600+300=900 (бірінші және екінші күн)

1000-900=100 (үшінші күн)

«Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Кереметсің»,

Ұ.Ж. «Ойлан, жауап бер»

Жанардың 20 теңгелік 5 монетасы бар. Ол бағасы 50 теңге тұратын балмұздақ сатып алғысы келді. Балмұздақты сатып алу үшін не істеуі керек?

Балалар асханада 1 стақан шырынның бағасы қанша. Оған тапсырыс беріп, 10 теңгелік монеталармен есептесіп көрейік. Кәне қай топ бірінші есеп айырыса алады екен

10тг 2 монетаң болса, 13 теңге тұратын затты қалай сатып алуға болатынын айтып бер.

20 теңгелік 2 монетаң болса 30 теңге тұратын затты қалай сатып аласыңдар?

Асанның кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал-жабдық сатып алған дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады?

Кері байланыс.

«Сенемін – сенбеймін» ойынын жүргізу. «Сендер сенесіңдер ме:

  • барлық затқа төленген ақша – бағасы?(Жоқ)
  • бір затқа төленген ақша – құны?(Жоқ)
  • санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз?(Иә)
  • құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз?(Жоқ)
  • бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз?(Иә)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу