Қайталау №169 сабақ. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
4-бөлім. Қайталау
169- сабақ. Тақырыбы: Есептер шығару
Оқу мақсаты: 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: «Жарты» дегеніміз не?(1\2 бөлігі).
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Кіріспе тапсырма. Сабақты «кенеттен сұрау» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырудан бастаңыз.
Ұ.Ж. «Кенеттен сұрау»
Бір креслоның 4 аяғы бар. 5 креслоның неше аяғы бар? (20)
Сәкенде 8 марка бар. Ал Мағжанда 3 есе артық. Мағжанда неше марка бар? (24)
6 шақпақ қант 3 стаканға салында. Әр стаканға неше шақпақ қант салында? (2)
Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Серік өсірген ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық?(3 есе)
Ұ.Ж. «Ойлан, шығар»
Оқушылар өз ойымен бөліссін.
Сұрау: «Жарты» дегеніміз не?(1\2 бөлігі).Есепте не белгілі?(2 жәшік,180 кг алмұрт).Нені білу керек?(Әр жәшіктегі алмұрттың санын).Егер бір жәшікте екінші жәшіктің жарты алмұрты болса,барлығы қанша бөлік бар?(3)».Оқушылар әр жәшіктегі алмұрттың санын дұрыс анықтады ма екенін қадағалау.Оқушылардың математикалық тіліне назар аудару.Бұл тапсырма логикаға берілгендіктен,талдау арқылы шығарылады.Әр топтың бір оқушысына жауаптарын негіздеуді ұсыныңыз.Түсіндіргендері бойынша қорытынды шығарыңыз.
Ж.Ж. «Талда, орында». Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.
2 қаптамадағы ірімшік 600грамм тартады. Егер 1 қаптамадағы сүзбе бір ірімшіктен 20 грамға артық болса, 3 қаптамадағы сүзбенің салмағы қандай?
600:2=300 г
300+20=320 г
320*3=960г
Сұрау: «Есепте не белгілі?(2 қаптамадағы ірімшік – 600 грамм) Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?(жоқ).Неге?(Бір қаптамадағы сүзбенің массасы белгісіз) Оны табуға бола ма?(Иә,алдымен бір қаптамадағы ірімшіктің массасын табу керек)».
Есептің қысқа шарты мен шешуінің дұрыс орындалуын қадағалаңыз.Тақтадағы үлгімен салыстыруды ұсыныңыз.
Ө.Ж. «Теңдеуді шеш» Оқушыларға өз бетімен орындауды ұсыну.Сұрау: «Теңдеуді күрделі деп айтуға бола ма?Теңдеуді қарапайым теңдеу түріне келтіру үшін не істеу керек?(Алдымен теңдеудің оң жағын шешу керек).Екі оқушыны шешуін жазуға тақтаға шығару,қалғандары тексереді.
700-х=56*8 а-10=180:4
700-х=448 а-10=45
Х=700-448 а=45+10
Х=252 а=55
700-252=56*8 55-10=180:4
448=448 45=45
Т.Ж. Топтық жұмысты ұсыныңыз.Әр оқушы мысал құрып,оны баған түрінде түсіндіре отырып шығару керек.Қалғандары қадағалайды,қате жіберсе,түзетеді.Көбейту мен бөлу алгоритмін сақтауына назар аударыңыз.
Сандарды 4 есе кеміт:
64, 228, 752, 504, 800
Сандарды 3 есе арттыр:
23,212,309,176, 326
64:4=16
228:4=57
752:4=188
504:4=126
800:4=200
23*3=69
212*3=636
309*3=927
176*3=528
326*3=978
Ж.Ж. Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз.Дұрыс талдау жасауын қадағалаңыз.
372:3+(168-8*2)=276
812:4-(426-130):8=166
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,
«Керемет!» т,б.
Кері байланыс :
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?