Қайталау № 170 сабақ.Геометриялық фигуралар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
4-бөлім. Қайталау
170- сабақ. Тақырыбы: Геометриялық фигуралар
Оқу мақсаты: 3.3.2.2 тіктөртбұрыш пен шаршы сызу(берілген қабырғалары бойынша),циркульдің көмегімен шеңбер сызу
3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу
3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда,үстінен және жанынан қарағанда кеңістік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру
3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық/кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен байланысты) тіктөртбұрыштың(шаршының) қабырғалары мен ауданын; тік бұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару;
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: фигуралардың ауданы мен периметрін және көлемін табу үшін қажетті формулаларды қолдану
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Кіріспе тапсырма. Сабақты геометриялық фигуралар туралы әңгімелеуден бастаңыз..
Т.Ж.Жаз мезгілінің жақындағанын ескерту.Соңғы сабақта оқушылар тек санап,шығарып қоймай,сонымен қатар көп ойнайтын болады.Ал бүгінгі барлық ойындар мен тапсырмалар геометриялық фигуралармен байланысты болады.
«Фигураны тап» .Қалташадан кез келген геометриялық фигураның ұшы көрінетіндей етіп суыру.Оқушыларға бұл қандай фигура екенін табуды ұсыну.Содан соң тағы да кішкене бөлігін суыру.Тағы да оқушылардың ойын тыңдаңыз.Олардан әрдайым өздері атаған фигура туралы не білетінін сұрап отырыңыз. Соңында фигураны толық суырып,оқушылардың ойлаған фигураларымен салыстырыңыз.
Т.Ж. «Ізде тап» Сыныпты топқа бөлу.Орталарындағы суретке назар аудартыңыз. Оқушылар жазғы даладан өздеріне таныс «жасырынған» барлық геометриялық фигураларды атайды.Содан соң оларды қандай топтарға бөлу керектігін ұсынылады.Соңынан бір топ атайды,қалғандары жауаптарын қосып отырады.
Екі ұсыныс,бір тілек
Ұ.Ж. «Талда, жоспар құр, шығар»Есептің шартын ұжыммен талдап,оны шығарудың жоспарын құрыңыз.Сұрау: «Есепті шығару үшін қандай формула қажет?Саябақтың формасы қандай?» Содан соң жұппен шешуді ұсыныңыз.
Балалар пішіні тіктөртбұрыш тәрізді ауданы 624 шаршы метр болатын және ені 8 метрге тең саябақтың периметрін жүріп өтті. Балалар қандай қашықтықты жүріп өтті?
Жоспар:
- Саябақтың ұзындығын тауып аламыз
- Саябақтың периметрін табамыз
624:8=78м (ұзындығы)
Р=(78+8)*2=78*2+8*2=172м
Өзара бағалау
Ж.Ж. Лагердегі балалар хауызының ұзындығы 4м, ені одан 100 см кем. Ал биіктігі 20 дм. Хауыздың көлемін тап.
Сұрау: «Есепті шығармас бұрын не істеу керек ?(Барлығын бір өлшем бірлікке айналдыру керек).Есепті шығару барысында қандай формула қажет болады?» Оқушыларға өз бетінше шығарып,жұппен тексеруді ұсыныңыз.Жұмыс барысында қолдау көрсетіңіз.
4 м-400см
400-100=300cм-3м
20дм-2м
а-4м
в-3м
с-2м
V-а*в*с
V-4м*3м*2м=24м2
Өзін-өзі бағалау
Ж.Ж. «Ойлан тап!» Кіші топ балаларының ойнау алаңы тікбұрышты үшбұрышқа ұқсайды. Егер тік бұрыштыңбір жағының ұзындығы 42 м, ал екінші жағы 34 м болса, ауданы қанша?
Алдын ала оқушылардың есіне тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табудың формуласын түсіруді ұсыныңыз.Содан соң тапсырманы өз бетінше орындап,жұппен өзара тексеруді ұсыныңыз.
S-(42*34):2=714м2
Ж.Ж. Сұрау: «Балалар демалатын орын шатырының жоғары жағы қандай формаға ұқсайды?(Дөңгелек).Дөңгелек туралы не білесің?Дөңгелектің радиусы дегеніміз не?» Формуланы тақтаға жазыңыз. Тапсырманы өз бетінше орындауға уақыт беру.Шыққан жауапты ұжыммен тексеріңіз.
Шатырдың радиусы 86 см. Шатырдың диаметрін тап.
d-r*2
d-86см*2=172см
Сөздік бағалау
Ж.Ж. «Периметрін тап»
Тік төртбұрыш тәріздес волейбол ойнайтын алаңның
Ұзындығы 32 дм, ал ені одан 2 есе кем. Алаңның периметрін тап.
Р-(а+в)*2
32дм:2=16дм(ені)
Р-(32+16)*2=96дм
Оқшыларға есепті оқып,қажетті формуланы еске түсіруді ұсыныңыз.Сұрау: «Бірден формуланы қолдануға бола ма? (Жоқ).Неге?(Енін табу керек)».Жұппен шығаруды ұсыну.Содан соң жұптар арасында өзара тексеруді ұйымдастыру.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,
«Керемет!» т,б.
Кері байланыс.
«Ия-Жоқ» ойыны.
Оқушыларға алдын ала парақтың бір жағыа «иә»,екінші жағына «жоқ» деп жазуды ұсыну.Содан соң,әртүрлі ойларды оқу,алоқушылар тиісті жауаптарды көтереді:
- Диаметр радиустан үлкен (иә);
- Текше-параллелепипед (иә),
- Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын төртбұрыштың ауданын екіге бөлу арқылы табуға болады (иә);
- Тешенің алты жағы бар (иә);
- Параллелепипедтің сегіз жағы бар (жоқ);
Шаршының ауданын тік төртбұрыштың ауданы сияқты табады (иә).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?