Купюра / Мұздықтар мен мұзтаулар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


141-cабақ.

Тақырыбы: Купюра / Мұздықтар мен мұзтаулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата алады және түрліше төлем жасайды.

Кейбір оқушылар:

1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюралармен күнделікті өмірде түрліше төлем жасауды біледі.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

белгілі бір соманы түрлі купюралармен, монеталармен қалай жинауға болатынын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Теңге, купюра, монета, ұсақтау.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

– 500, 800, 1000 теңгені түрліше жинақтай аласың ба?

– 1000, 2000, 5000 теңгені ұсақтай аласың ба?

Жазу:

Өрнектер.

Тірек білім, білік, дағдылар

Теңге, монеталар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

(минут)

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім сабақтың басында су – сұйық, газ, қатты күйде болатыны туралы айтады.

«Ой ашар»

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

4. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

«Шапалақ» арқылы бағалау

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мұздықтар

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мұзтау

Сұрақтар жазылған карточкалар

4–6

Өзектендіру.

«Кассир» ойыны.1-тапсырманы орындауды ұсынылады.

500 теңгелік, 200 теңгелік купюралар мен 100 теңгелік монеталардың бейнелері бар карточкаларды ұсынып, автобусқа билет сатып алып ойын арқылы орындалады.Бір оқушы кассир болып, ересектер билеті 800 теңге,ал балалар билеті 500 теңгеден сатады.Оқушылар қолдарындағы купюраларды пайдаланып билет сатып алады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Әртүрлі купюралар мен монеталардың бейнелері бар карточкалар

7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау туралы білімдерін бекіту.

12–29

Топқа топтастыру. 500,1000,2000,5000 теңгелік купюралар арқылы топтастыру.

(Т.Ж) «Дүкен» ойыны.2-3-тапсырманы топпен шығару ұсынылады.

І топ: 2-тапсырма (а)

ІІ топ: 2-тапсырма (ә)

ІІІ топ: 3-тапсырма (а)

ІV топ: 3-тапсырма (ә)

«Шапалақ» арқылы бағалау

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар баға,саны,құны шамаларына байланысты есептерді шығару дағдысын бекітеді.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындаған балалармен жұмыс

(Қатені түзету).

Бұл тапсырманы орындау барысында 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата білу, түрліше төлем жасай білуді және олармен түрліше төлем жасауды білуді меңгереді.

Оқулық.

Дәптер. Әртүрлі купюралардың бейнелері бар карточкалар жинағы, тауардың суреттері.

30–40

Өткенмен жұмыс.

(Ж.Ж) 4-тапсырманы топпен орындауды ұйымдастыруға болады. Әрбір топқа бір теңдеуден бөліп беруге болады. Теңдеулерді шешу арқылы олар суретте қандай мұздық бейнеленгенін, атауын, орналасқан жері туралы мәлімет алады.

Мұздықтар туралы түсінік қалыптасқан соң, оларды мұзтаулардан ажыратуды үйретуге болады. Ол үшін

5-тапсырманы қатармен орындатуға болады. 1-қатар «Мұздықтар» бірінші өрнектің, 2-қатар «Мұзтаулар» екінші өрнектің мәнін табады. Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды және есептейді. Соңынан әр қатар мұздықтар мен мұзтауларға тән белгілерін айтып береді.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 6- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындайды.Топта есепті талқылайды,орындайды,бір-бірін тексереді,салыстырады және әрбір жұп өздері құрастырған есептерін сыныпқа оқып береді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Өрнек құр.(Т.Ж)7-тапсырмадағы бірінші сызбаны оқушылармен талдау жасайды және амалдардың орындалу алгоритмін құрады және есептейді.Сызбаларды әрбір топқа бір сызбадан бөліп топпен орындатуға болады.

Бұл тапсырма есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.Тапсырманы орындау алдында оқушылар өрнектегі амалдардың орындалу ретін ескере отырып орындайды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

8-тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындатуға болады. Практикалық жолмен екі рет өлшеудің жеткілікті екенін анықтайды.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

Оқулық.

Дәптер.

41–45

Рефлексия. «Жылдам жауап» әдісі:

1.Сатып алған барлық затқа төленетін ақша мөлшері-бұл ...(құны)

2.Бір затқа төлейтін ақша мөлшері – бұл ......(баға)

3.Заттың мөлшері – бұл .....(саны)

4.Санын табу үшін -------- керек.(құнын бағасына бөлу)

5.Бағасын табу үшін ------- керек.(құнын санына бөлу)

Карточкалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу