Ішкі жиын / Ауаның құрамындағы су. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Ішкі жиын / Ауаның құрамындағы су

Оқыту мақсаттары:3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар:егер бір мүмкін жиынның барлық элементтері басқа жиынға кірсе,онда бірінші жиын екінші жиынның ішкі жиыны болып табылады.

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Өзектендіру.

Су атмосферада бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Сен атмосферадағы судың қоры 14000 км3 екенін білесің бе?

1-тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз.

-Карточкаларда бейнеленген суреттерді атаңдар? (Бұлт, баскиім, қар, т.б.)

-Оларды қандай екі жиынға бөлуге болады? (Табиғат құбылыстары және киімдер) «Шапалақ» арқылы бағалаңыз.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

2-тапсырмадағы суретке қарауды сұраңыз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

  • А жиынының элементтерін атаңыз? (2, 4, 6, 8)
  • А жиынын қалай атауға болады? (Бір таңбалы жұп сандар жиыны.)
  • В жиынының элементтерін атаңыз? (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9)
  • В жиынын қалай атауға болады? (бір таңбалы сандар жиыны).
  • Екі жиын элементтерінің қандай ортақ қасиеттерін байқадыңдар? (А жиынына тиісті элементтер В жиынына тиісті)
  • Бұлар қандай жиындар? Оларды қалай бейнелеп көрсетуге болады? (Білмейміз.) Мәселелі жағдаят туындайды.
  • Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? (Бұлардың қандай жиындар екенін анықтау, олардың қатынасын қалай белгілеуге болатынын білу, оларды Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді білу.)

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздігі арқылы бағалаңыз.

Жаңаны ашу.

Өздік жұмыс

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) 3-тапсырманы жұппен орындатыңыз.. Оқушыларға (а) нұсқасын орындау үшін дөңгелектер салынған қағаз парақтар және құстардың суреттерін беріңіз. Оқушылар дөңгелектерге құстардың суреттерін орналастырады. Оқушылар тапсырманы бір-біріне түсіндіре отырып орындайды. Тапсырманың сұрақтарына жауап береді:

  • Жиындарды қалай атауға болады? (А –Жыртқыш құстар жиыны, В –Құстар жиыны)
  • Екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін анықта. (Құстар жиынына жыртқыш құстар да жатады. )
  • Жиындардың қайсысы ішкі жиын? (А жиыны)
  • Екі жиынның қатынасын ⊂ белгісін пайдаланып жаз. (АВ)

ә)

Оқушыларға А жиынның элементтерін атауды сұрайды және сұрақтар қойыңыз:

  • А жиынын қалай атауға болады? (Сандар жиыны.)
  • А жиынының элементтері ішінен ортақ қасиеттері бар элементтерді байқадыңыз ба? (Иә.)
  • Олар қайсы элементтер? (15, 25, 30, 35, 75 сандары 5-ке бөлінеді.)
  • Осы элементтерден тұратын жиынды қалай атауға болады? (В–5-ке бөлінетін сандар жиыны.)
  • А жиынының элементтері ішінен тағы да ортақ қасиеттері бар элементтерді байқадаңыз ба? (Иә.)
  • Олар қайсы элементтер? (23, 33, 93 сандарының бірліктері бірдей.)
  • Осы элементтерден тұратын жиынды қалай атауға болады? (С бірліктері 3 болатын сандар жиыны.)
  • Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен қалай бейнелеп көрсетуге болады?

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беріңіз

Жаңаны қолдану.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 4- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындауды ұсыныңыз.Топта тапсырманы талқылайды,орындайды.

Әрбір жиынның элементтерін атайды. Оқушыларға сұрақтар қойыңыз:

  • А жиынын қалай атауға болады? (Мұхиттар жиыны.)
  • В жиынын қалай атауға болады? (Өзендер жиыны.)
  • С жиынын қалай атауға болады? (Сулар жиыны.)
  • Жиындар элементтерінің ортақ қасиеттері бар ма? (Сулар.)
  • Жиындардың қайсылары ішкі жиындар болады? (А және В жиындары.)
  • Бұл жиындар неге ішкі жиындар болады? (Себебі, ол жиындардың элемементтері

С жиынында жатыр.)

  • Жиындардың қатынасын ⊂ белгісін пайдаланып қалай жазуға болады? (АС, В С)

(Т.Ж) 5-тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырмамен жұмыс алдыңғыларға ұқсас ұйымдастырылады. Алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі оқушылар Эйлер-Венн диаграммасын сызып, оған әрбір жиынның элементтерін жазулары қажет. Мысалы:

Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өздері сандар жиынына мысал ойлап жазады және олардың ішкі жиындарын құрайды.

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздігі арқылы бағалаңыз.

Өткенмен жұмыс.

Шығарып көр. 6-тапсырманы орындату үшін ауадағы судың айналымын көрсететін суреттері бар карточкаларға жазылған сандық өрнектерді топтарға ұсыныңыз. Әрбір өрнектің мәнін есептегеннен кейін, өздеріне түскен карточканың артындағы суреттегі судың ауадағы түрі туралы айтып береді.

«Смайликтер» арқылы бағалаңыз.

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалаңыз.

Оқушылар орындай алады:

- оқушылар жиынның және ішкі жиынның не екендігін біледі;

- ішкі жиындарды белгілеу таңбасын біледі;

  • ішкі жиындарды Эйлер - Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді біледі;

жиындар элементтерінің қасиеттерін анықтай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу