Ішкі жиын / Ауаның құрамындағы су. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


142-cабақ.

Тақырыбы: Ішкі жиын / Ауаның құрамындағы су

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ішкі жиындарды белгілеуді және оларды Эйлер - Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді біледі.

Көптеген оқушылар :

сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құра алады.

Кейбір оқушылар:

сандар жиынының ішкі жиындарын элементтерінің өзі анықтаған қасиеттері бойынша құруды біледі.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Жиынның құрамына қандай элементтер кіретінін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология

Жиын, ішкі жиын, бос жиын, Эйлер-Венн диаграммасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Ішкі жиын дегеніміз не?

-Ішкі жиынды қалай белгілеуге болады?

-Ішкі жиындарды Эйлер- Венн диаграммасымен қалай кесіндеп көрсетуге болады

Жазу:

ішкі жиын таңбасын қолдану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ішкі жиын.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

3-слайд

4-6

Өзектендіру.

Су атмосферада бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Сен атмосферадағы судың қоры 14000 км3 екенін білесің бе?

1-тапсырманы сыныпта орындайды.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.

Карточкаларда бейнеленген суреттерді атаңдар? (Бұлт, баскиім, қар, т.б.)

Оларды қандай екі жиынға бөлуге болады? (Табиғат құбылыстары және киімдер)

«Шапалақ» арқылы бағалау

Оқулық, карточкалар.

4-5-слайдтар

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

2-тапсырмадағы суретке қарауды сұрайды.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  • А жиынының элементтерін атаңыз? (2, 4, 6, 8)
  • А жиынын қалай атауға болады? (Бір таңбалы жұп сандар жиыны.)
  • В жиынының элементтерін атаңыз? (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9)
  • В жиынын қалай атауға болады? (бір таңбалы сандар жиыны).
  • Екі жиын элементтерінің қандай ортақ қасиеттерін байқадыңдар? (А жиынына тиісті элементтер В жиынына тиісті)
  • Бұлар қандай жиындар? Оларды қалай бейнелеп көрсетуге болады? (Білмейміз.) Мәселелі жағдаят туындайды.
  • Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? (Бұлардың қандай жиындар екенін анықтау, олардың қатынасын қалай белгілеуге болатынын білу, оларды Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді білу.)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқулық

6-слайд

12-29

Жаңаны ашу.

Өздік жұмыс

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) 3-тапсырманы жұппен орындатуға болады. Оқушыларға (а) нұсқасын орындау үшін дөңгелектер салынған қағаз парақтар және құстардың суреттері таратылады. Оқушылар дөңгелектерге құстардың суреттерін орналастырады. Оқушылар тапсырманы бір-біріне түсіндіре отырып орындайды. Тапсырманың сұрақтарына жауап береді:

  • Жиындарды қалай атауға болады? (А –Жыртқыш құстар жиыны, В –Құстар жиыны)
  • Екі жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін анықта. (Құстар жиынына жыртқыш құстар да жатады. )
  • Жиындардың қайсысы ішкі жиын? (А жиыны)
  • Екі жиынның қатынасын ⊂ белгісін пайдаланып жаз. (АВ)

ә)

Оқушыларға А жиынның элементтерін атауды сұрайды және жетекші сұрақтар қойылады:

  • А жиынын қалай атауға болады? (Сандар жиыны.)
  • А жиынының элементтері ішінен ортақ қасиеттері бар элементтерді байқадыңыз ба? (Иә.)
  • Олар қайсы элементтер? (15, 25, 30, 35, 75 сандары 5-ке бөлінеді.)
  • Осы элементтерден тұратын жиынды қалай атауға болады? (В–5-ке бөлінетін сандар жиыны.)
  • А жиынының элементтері ішінен тағы да ортақ қасиеттері бар элементтерді байқадаңыз ба? (Иә.)
  • Олар қайсы элементтер? (23, 33, 93 сандарының бірліктері бірдей.)
  • Осы элементтерден тұратын жиынды қалай атауға болады? (С бірліктері 3 болатын сандар жиыны.)
  • Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен қалай бейнелеп көрсетуге болады?

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Оқулық, дәптер, дөңгелектер салынған қағаз парақтар және құстардың суреттері

7-8-слайдтар

9-слайд

30-40

Жаңаны қолдану.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 4- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындайды..Топта тапсырманы талқылайды,орындайды.

Әрбір жиынның элементтерін атайды. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • А жиынын қалай атауға болады? (Мұхиттар жиыны.)
  • В жиынын қалай атауға болады? (Өзендер жиыны.)
  • С жиынын қалай атауға болады? (Сулар жиыны.)
  • Жиындар элементтерінің ортақ қасиеттері бар ма? (Сулар.)
  • Жиындардың қайсылары ішкі жиындар болады? (А және В жиындары.)
  • Бұл жиындар неге ішкі жиындар болады? (Себебі, ол жиындардың элемементтері С жиынында жатыр.)
  • Жиындардың қатынасын ⊂ белгісін пайдаланып қалай жазуға болады? (АС, В С)

(Т.Ж) 5-тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырмамен жұмыс алдыңғыларға ұқсас ұйымдастырылады. Алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі оқушылар Эйлер-Венн диаграммасын сызып, оған әрбір жиынның элементтерін жазулары қажет. Мысалы:

Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өздері сандар жиынына мысал ойлап жазады және олардың ішкі жиындарын құрайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Өткенмен жұмыс.

Шығарып көр. 6-тапсырманы орындату үшін ауадағы судың айналымын көрсететін суреттері бар карточкаларға жазылған сандық өрнектерді топтарға ұсынады. Әрбір өрнектің мәнін есептегеннен кейін, өздеріне түскен карточканың артындағы суреттегі судың ауадағы түрі туралы айтып береді.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Оқулық, дәптер,

суреттері бар карточкалар

10-слайд

41-45

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалау

Оқушылар орындай алады:

- оқушылар жиынның және ішкі жиынның не екендігін біледі;

- ішкі жиындарды белгілеу таңбасын біледі;

  • ішкі жиындарды Эйлер - Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді біледі;
  • жиындар элементтерінің қасиеттерін анықтай алады.

Бағалау сызғышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу