Ішкі жиын / Суды қорғау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


143-сабақ

Тақырыбы: Ішкі жиын / Суды қорғау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ішкі жиындарды белгілеуді және оларды Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеуді біледі.

Көптеген оқушылар:

сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құра алады.

Кейбір оқушылар:

сандар жиынының ішкі жиындарын элементтерінің өзі анықтаған қасиеттері бойынша құруды біледі.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Жиынның құрамына қандай элементтер кіретінін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология

Жиын, сандар жиыны, ішкі жиын, бос жиын, Эйлер-Венн диаграммасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Ішкі жиын дегеніміз не?

-Ішкі жиынды қалай белгілеуге болады?

-Ішкі жиындарды Эйлер-Венн диаграммасымен қалай көрсетуге болады?

Жазу:

ішкі жиын таңбасын қолдану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ішкі жиын.

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

1-тапсырманы сыныпта орындайды. Карточкаларға жазылған амалдарды орындап, шыққан нәтижелерді өсу ретімен қойып, жазылған мақалды анықтайды.

Мақал: «Судың да сұрауы бар».

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқулық

4-6

Өзектендіру.

Тақтада сандар жазылған карточкалар, осыған ұқсас карточкалар әрбір партада.

Мұғалім тапсырма ұсынады:

Карточкалардағы сандарға қара. Сандар жиынын құрастыр:

а) екі таңбалы;

ә) бір таңбалы;

б) 20-дан үлкен сандар;

в) толық ондықтар.

Жиындардың әрқайсысында неше элемент бар?

Оқушылар практикалық жұмысты түсіндіре отырып орындайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Карточкалар

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Сіз құрастырған жиындардың кейбірі басқаларының ішкі жиыны болып табыла ма? Сіз оларды атай аласыз ба?

Бүгінгі сабақта біз жиындар құрастыруды, олардың ішкі жиындарын ерекшелеуді жалғастырамыз.

12-29

Өзіндік жұмыс

(Ө.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындайды. Фигуралардың ортақ қасиеттерін анықтайды.Жиындардың қайсысы ішкі жиындар болып табылатынын анықтайды.

(Қиындық келтірген оқушы көмек көрсету)

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж)3-тапсырманы жұппен орындайды.

Сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құрады.Оқушылар сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің өздері анықтаған қасиеттері бойынша құруды қолданады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж) 4-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады.

Бұл тапсырмада оқушылар ішкі жиын туралы білімдерін бекітеді.Бұдан кейін оқушылар өздері сандар жиынына мысал ойлап табады және оның ішкі жиынын құрады.

Формативтік бағалаумен дәптердегі тапсырманы орындайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Бағалау критерийі.

Мен:

  • жиынның ішкі жиынын табу;
  • сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құруды білемін.

Оқулық, дәптер

30-40

Өткенмен жұмыс.

(Т.Ж) 5-тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Өрнектердің мәнін табады. Суды ластау көздерін атайды. Өрнектердің мәнін өсу ретімен атау арқылы ең ірі суды ластау көздерін біледі және оларды реті бойынша диаграммаға жазады. Әрбір топ суды қалай қорғауға және үнемдеуге болатыны туралы өз пікірлерін айтады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

(Ж.Ж) 6-тапсырмадағы есептерді жұппен орындауды ұсынады. Есептерді шығарту барысында оқушылармен суды үнемдеу жөнінде әңгіме жүргізеді.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

толық жауап

жартылай толық

толық емес

(Ж.Ж) 7-тапсырманы орындау үшін практикалық жұмыс жасайды. Көпбұрыштардың қабырғаларының ұзындығын өлшейді және олардың периметрлерін табады.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

8-тапсырма зерттеуді талап етеді. Оқушылар оны жұппен орындауы мүмкін. Мұғалім оқушылармен тапсырманы орындау үшін кестені қалай пайдалануға болатынын талдайды. Тапсырманы мысалы төмендегідей түрде орындауға болады.

Ыдыстар

1-қадам

2-қадам

3-қадам

4-қадам

5-қадам

6-қадам

7-қадам

28л

21

21

25

25

18

18

22

7

3

3

0

7

6

6

0

4

0

3

4

0

Осы әрекеттерді қайталап, екінші шелекке де 6 литр су құйып алады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, дәптер, суреттер

41-45

Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалау

Оқушылар орындай алады:

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратады, оқушылар сөйлемді аяқтайды:

… жасап көремін.

…мені таңғалдырды.

… өміріме сабақ болды.

…қаладым.

Карточкалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу