Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы:Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті

Оқу мақсаттары: ақиқат немесе жалған пікірлер құру

Сабаққа байланысты деректі материалдар:

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Сен табиғат аясында демалғанды ұнтасың ба?

Ол саған несімен ұнайды?

Сен табиғат аясында демалу мәдениетін білесің бе?

Қазақстанның табиғаты сан алуан, елімізде тау, теңіз, өзен-көл, мұздық, құмды дала бар.

Мұғалім Қазақстан табиғатының тамаша көріністерінен презентация көрсетеді.

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1- тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Оқушыларға сұрақтарды мұқият тыңдап, зейіндерін аударыңыз.

Мына сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады:

а) Қандай шуақты күн!

ә) 102 мен 4 сандарының көбейтіндісі 408-ге тең.

б) Сіз табиғат аясында демалуды ұнатасыз ба?

в) Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы

г) 8 – жұп сан.

д) Ай – Жердің серігі.

е) 3 және 5 сандары қосындысының мәні 8-ге тең.

ж) Сіз театрға бардыңыз ба?

з) Өтінемін, маған кітапты алып келіңізші!

Тақтаға сюжетті сурет іліп, оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Сурет бойынша ақиқат немесе жалған пікірлер құрастыруды тапсырыңыз.Топтарға түрлі түсті қорапшалар үлестіріңіз. Қорапшаның ішінде пікірлер жазылған. Әр топ мүшесі жазылған пікірлердің ақиқат не жалған екендігін айтып, дәлелдеуі қажет.

(Ө.Ж) 2- тапсырманы өз беттерімен орындайды.

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

(Ж.Ж)3-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар суретке қарап, берілген пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.

Өздері сурет бойынша ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырады.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Т.Ж) 4-тапсырманы топпен орындайды. Әрбір топ кестені пайдаланып ақиқат немесе жалған пікірлер құрастырады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Өткенмен жұмыс.

(Ж.Ж) 5-тапсырманы жұппен орындатыңыз. Бұл тапсырмада оқушыларға бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейткіштермен ауыстыруға болатынын еске түсіріңіз.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды

6-тапсырмадағы есептерді шығармас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз:

-Мұндай есептің түрін қалай атайды? (Құрама есеп.) Есептерді тақтада орындатуға болады. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздыру қажет. Екінші есепке де осыған ұқсас талдау жасаңыз.

6-тапсырмадағы есептерді шығармас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз:

  • Волейболды неше адам ойнады? (6)
  • Футболды неше адам ойнады? (Волейбол ойнаған адамдардан 2 есе артық.)
  • Футбол ойнаған адамдардың санын анықтау үшін қандай амал қолданамыз ? (Көбейту.)
  • Эстафеталық ойындарға неше адам қатысты? (Волейбол мен футбол ойнауға қанша адам қатысса сонша.)
  • Эстафеталық ойындарға неше адам қатысқанын анықтау үшін қандай амал қолданамыз? (Қосу, волейбол мен футбол ойнауға қатысқан адамдардың санын қосамыз.)
  • Барлығы неше адам спорттық ойындарға қатысты? (Алынған қосындыны өз-өзіне қосамыз.)

-Есепті неше амалмен шығарамыз? (3)

-Мұндай есептің түрін қалай атайды? (Құрама есеп.) Есептерді тақтада орындатуға болады. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздыру қажет. Екінші есепке де осыған ұқсас талдау жасалады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

7-тапсырма зерттеушілікті талап етеді. Бұл тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындауға болады. Қорапқа көк және қызыл түсті 7 қарындаш салып, бірнеше оқушыға қораптан қарындаштарды алғызып тәжірибе жасатуға болады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Рефлексия.

Оқушылармен INSERT әдісі бойынша кері байланыс орнату. Әр оқушыға жеке парақшалар таратылады.

+

-

V

Егер сабақ түсінікті болса, «+» таңбасының тұсына;

Мүлдем түсініксіз болса, «–» таңбасының тұсына;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, –V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу