Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Математика 3-сынып

Дидактикалық материалдар

Тақырыбы: Ақиқат немесе жалған пікірлер құру/Табиғат аясында демалу мәдениеті

1.Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтаңдар

а) Табиғат аясында демалғаннан кейін қоқыс заттарды шашып кетуге болады.

ә) Табиғат аясында демалу кезінде спорттық ойындар ұйымдастыруға болмайды.

б)Табиғат аясында демалу кезінде домбырамен ән салуға болады.

в) Табиғат аясында демалу кезінде суға түсуге болмайды.

г) Табиғат аясында демалғаннан кейін жаққан отты сөндіру қажет емес.

2.Суретке қарап ақиқат немесе жалған пікірлерді құрастырыңдар.

Табиғат аясындағы демалыс

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат -  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.  Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Кестені пайдаланып ақиқат немесе жалған пікірлерді құрастырыңдар.

Табиғат аясындағы ұйымдастырылған спорттық ойындар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу