2-3 амалмен орындалатын есептер шығару / Саябақта демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


146-сабақ.

Тақырыбы: 2-3 амалмен орындалатын

есептер шығару / Саябақта демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есептерді қысқаша жазылуы, диаграмма бойынша құрастыру.

Көптеген оқушылар:

2-3 амалмен орындалатын есепті сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеуді біледі.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен 2-3 амалмен орындалатын өзара байланысты есептерді модельдеуді біледі.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Есептің қысқаша жазылу түрін қалай құратынын түсіндіре біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Шарттар, сұрақ, шешім, сызба, қысқа жазба, өрнек, есептердің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Есептің шешімін қалай жазуға болады?

Есеп шарттарын қалай жазуға (суреттеуге) болады?

Жазу:

Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп туралы, есептердің түрлі шешімдерін, есептің қысқа жазбасының суреттемесін түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар

0-3

Ынталандыру

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Сабаққа бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

3-слайд

4-6

Өзектендіру.

Математикалық диктант

Есептердің шешуін өрнектер түрінде жаз.

1.Кәусардың 500 теңгесі бар. Ол 3 қойындәптерді 120 теңгеден сатып алды. Оның неше теңгесі қалды?

2. Хорға 18 ұл бала және 26 қыз бала қатысты. Балалар 2 қатарға теңдей бөлініп тұрды. Әрбір қатарда неше бала тұрды?

3. Айман кітаптың бірінші күні 24 бетін, ал 2 күн тағы да 9 беттен оқыды. Айман кітаптың барлығы неше бетін оқыды?

4. Бірінші автобуста 26 жолаушы, ал екінші автобуста одан 4 жолаушы артық отырды. Екі автобуста барлығы неше жолаушы отырды?

Оқулық

7-11

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

  • Математикалық диктант немен байланысты? (Есептермен.)
  • Есепті шығару үшін не істеу керек?

Тақтада есептің элементтері (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы, қысқаша жазылуы, өрнек) жазылған карточкалар жапсырылған. Мұғалім компоненттердің әрқайсысы нені білдіретінін түсіндіруді сұрайды. Олардың есептерді шешу үшін қандай біліктерді меңгергендерін естеріне түсірулерін ұсынады.

Біліктер

1

Есептің қысқаша жазылуын жасай білемін.

2

Есепке сызба жасай білемін.

3

Есептегі амалдардың санын және орындалу ретін анықтай білемін.

4

Есептің шешуін жаза білемін.

5

Есептің жауабын жаза білемін.

Бүгінгі сабақта үйренгені бойынша есеп шығарып жалғастырады.

Оқулық

12-29

Өткенді қолдану.

1-тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен саябақта демалу мәдениеті туралы әңгіме жүргізеді.

  • Балалар, сіздер саябаққа барғанды ұнатасыздар ма?
  • Саябақта қалай демалуға болады?

1-тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Әрбір топ кестені пайдаланып есептер құрастырады және өздері құрастырған есептерін басқа топтарға айтады.

Смайликтер арқылы бағалау

2-тапсырманы жұппен орындатуға болады. Сурет бойынша есептер құрастырады және оларды шығарады. Тапсырманы орындағаннан кейін өзара тексеруді ұйымдастыруға болады.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды.

(Т.Ж) 3-тапсырманы орындату үшін «Еңбек етіп,ақша тап» ойынын топпен ойнатуға болады.Барлық сатып алған заттың құны –еңбекпен келген ақша болатынын ескертіледі.Сатып алған заттарына 700 теңге төленетін болса,онда тапсырма дұрыс орындалған.

«Бас бармақпен» бағалау

4-тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындатуға болады. Мұғалім оқушылардың есепті оқып, оның шарты мен сұрағын анықтауына, қысқаша жазылуын, шешуін және жауабын дұрыс жазуына назар аударады. Оқушылар тапсырманың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады.

Бағдаршаммен бағалау

5,6-тапсырмаларды тақтада орындатуға болады.

Есепті дұрыс шығару үшін мынадай ережелер бойынша жұмыс жасайды.

1.Есептің шартын құру.

2.Есепте не белгілі, не белгісіз екенін анықтау.

3.Есепті шығарудың ыңғайлы тәсілін таңдау.

4.Есепті шығару.

5.Жауабын жазады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

Осыған дейінгі тапсырмаларды орындауда оқушылардың есептерді құрастыруда және шығаруда неден қиналатындарына басты назар аударып, осы тапсырмаларды орындауда оқушылармен жіберілген қателерді түзетумен жұмыс жасалады.

Оқулық, дәптер, карточкалар

4-5-слайдтар

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-10-слайдтар

30-40

Өткенмен жұмыс

(Ж.Ж) 8-тапсырманы жұппен орындайды.Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.Жауапты тексеру үшін жұп оқушыны белгілеп, олардың жұмысын бақылау.

Бұл тапсырма математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған.

(Т.Ж) 7-тапсырманы топпен орындайды. Әрбір топ диаграмма бойынша есептер құрастырады және өздері құрастырған есептерін басқа топтарға айтады. Есептерді шығарады.

9-тапсырманы орындау үшін практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар екінші сурет бойынша бір тотықұстың салмағын анықтайды. Осы арқылы бірінші суреттегі торғайдың салмағын анықтау жеңіл болады.Оқушыларға тотықұстардың салмақтарының бірдей екендігін ескертіледі.

10-тапсырма зерттеушілік тұрғыдағы тапсырма. Оқушыларға кез келген қолда бар материалдарды (фишка, қағаздан қиылған дөңгелектер т.б.) қолданып орындауды ұсынуға болады. Әрбір дөңгелекке кейіпкерлердің есімдерін жазып, фишкаларды араластырып тәжірибелік тұрғыда шешімін табады. Мысалы: Бекжан, Марат, Гаухар Айнұр, Нұрлан.

Оқулық ,

Дәптер, Фишкалар

12-слайд

11-слайд

41-45

Рефлексия.

Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау.

Қызыл түс-нашар жұмыс істедім.

Сары түс –орташа жұмыс істедім.

Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу