Тәулік. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Математика 3- сынып
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Бөлімі: Уақыт
№ 4 сабақ. Тақырыбы:Тәулік
Оқу мақсаты: 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;
Оқушылардың көпшілігі: Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі
Оқушылардың кейбіреулері: Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады.
Ресурстар: энциклопедия, суреттер, интерактивтік тақта, сағаттың макеті
Сабаққа қажетті деректер: Уақыт өлшемдері жыл, ай, апта, тәулік, сағат т.б. Осы бірліктерді халық қалай тап-қан, соған тоқталамыз. Жыл, ай, аптаның ұзақтығын анықтау оңай болған жоқ. Алғашқы уақыт есебін жүргізу, күнтізбені жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына көшкен заманда ғана бастаған. Халықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз, күз, қыс, көктем маусымдарымен есептеген. «Пәлен уақыттан кейін бес жыл өтті» деудің орнына «Бес жаз» немесе «Бес көктем» өтті деген.
Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де, түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Шамалап алғандағы тәуліктің бұл тұрақтылығы біздің заманымыздан бұрын 4000 жылдықта анықталған. Бір тәулік ішінде Жер өз осін бір айналып шығады. Жердің өз осін бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады
Күн сағаты – Гномон
3,5 мың жыл бұрын Вавилондықтар күн сағаты – Гномонды қолданысқа енгізді. Қиғаш шеңбер тас ортасына жіңішке ағашты орнату арқылы уақытты біліп отырды. Бірақ күн сағатының кемшілігі уақытты Вавилондықтар тек, күндіз ғана есептеді, оған бұлтты күндері күннің болмай қалуындағы қиындықтарды қосыңыз.
От сағаты
От сағаты ежелгі қытайда пайда болды. От сағат ауа райы және күнге тәуелсіз болғандықтан күн сағатына қарағанда біраз қолайлы еді. Тіпті қытайлықтар от сағатын оятқыш ретінде де пайдаланған. Шамның межеленген жеріне темір шарларды жіппен байлап қоятын болған. Белгіленген жеріне дейін жанып келген шаммен бірге жіп те өртеніп, темір шар төмендегі темір ыдысқа түсіп, қатты дыбыс беретін болған екен.
Су сағаты – Клепсидра
Алғашқы су сағаттарының отаны – Египет. Александрия қаласында су сағаттар жасайтын өнеркәсіп өте жақсы дамыған. Су сағатын – Клепсидра яғни су ұрлаушы деп атаған. Су сағаты күн сағатынан қолайлы, от сағатынан да уақытты дәлірек көрсететін болған. Механизмі қарапайым, бір ыдыстағы су екінші ыдысқа ақырындап құйылып отырған.
Құм сағаты
Құм сағаты туралы алғашқы деректер Париж қаласынан табылды. Құм сағатты теңізде де көп пайдаланған. 30 секундтық кеменің жылдамдығын білдіретін не 4 сағаттық бір вахтаның уақытын білдіретін құм сағаттар жиірек қолданылған. Еуропада құм сағаттар 3 сағат не 1 сағаттық уақытты көрсететін болыпты. Қазіргі күнде құм сағаттар медицинада кейбір дәрігерлік рәсімдерді өткізу үшін ғана пайдаланады. Құм сағаттарды сувенир ретінде де сатып алуыңызға болады.
Мұнара сағаты Алғашқы механикалық сағаттар XIV ғасырда пайда бола бастады. 1404 жылы алғаш рет Мәскеудегі мұнараға сағат қойылды. Арада 1 ғасыр өтіп6 механикалық сағаттар жаппай сатылымға шыға бастады. Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 маятникті ойлап тапты, мұнымен уақыттың дәлдігі арта түсті.
Электронды сағаттар
Алғаш электронды сағаттар деген сөз 1952 жылы газет беттерінде бой көрсете бастайды. Француздың «Лип-Безансон» (Leap Besancon) және америкалық «Elgin Watch Company» фирмалары электронды сағат шығарамыз деп баспасөз беттерінде әлемнен сүйінші сұрайды. Бірақ, алғашқы электронды сағаттарды арада жеті жыл өткенде «Гамильтон» (Hamilton) атты фирма шығара бастады.
Сабақты кіріспе тапсырмадан бастаңыз.
Сөздік бағалау жасаңыз. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
1- тапсырма Уақыт аралықтары.
Ұ.Ж. Дені сау болып өсу үшін не істеу керек? Уақыты тамақ ішіп,ұйықтап спортпен шұғылдану және күнде бір уақытта серуендеу керек. «Қай уақытта оянасың? Қай уақытта таңғы ас ішесің? Қай уақытқа дейін сабақ оқисың? Қай уақытта серуендейсің?» тб. Сұрақтар қоя отырып, жұптаса отырып,уақыттарын белгілей күн тәртібін салыстыруды ұсыныңыз. Тәулік ұғымын толықтыра түсу.
Бағалау:
2- тапсырма Шығарып көр.
Назарларын тақтадағы суретке аудартыңңыз. «Әр суретте қай уақыт бейнеленген? Неліктен олай ойлайсыңдар (ұлдың әрекеттері бойынша және көрінуінен) Сағатта барлығы 12 бөлік бар, сондықтан уақытты әр түрлі оқуға болатынын айттырыңыз. Мысалы,күндізгі 2 сағат- бұл 14 сағат.Оқушылардың назарын
сағатқа аудартыңыз. Жұптарда олардың қайсысы суретте орналасуы мүмкін екендігін талқылатыңыз. Барлық нұсқаны таңдатыңыз. Тәуліктің бірінші жартысы , екінші жартысы деген ұғым қалыптастырыңыз.
Сөздік бағалау жасаңыз. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
3- тапсырма Ойлан
Уақыт аралықтарын салыыыстыртыңыз.
(Ұ.Ж)Тапсырманы ойын түрде орындатуға ұсыныс жасаңыз.Сыныпты екі бөлікке бөліңіз.Оқушыларға сыныптың бірінші бөлігі-жазудың сол жағы, ал екінші бөлігі-оң жағы екендігін түсіндіріңіз. Салыстыру кезінде кімнің өлшем бірлігі үлкенірек болса,сол сынып бөлігі орнынан тұрады,қол шапалақтайтынын айтыңыз.
Тапсырма
1 тәулік және 100 сағат
2 апта және 13 тәулік
8 тәулік және 200 сағат
12 апта және 90 тәулік
2 тәулік және 50 сағат
15 апта және 105 тәулік
Шапалақтау арқылы бағалаңыз.
4- тапсырма Шығарып көр.(Д.Ж). Оқушыларға Қазақстан қалаларына саяхатқа шығатынын елестетуді ұсыныңыз.Қай жерде болдыңдар? Кейбір қалалар бір-бірінен өте алыс қашықтықта орналасқандықтарын түсіндіріңіз. Оқушыларға есептерді шығаруды тапсырыңыз.
1.Балалар 18.00-де пойызға отырып, келесі күні кешкі 6- да түсті.Олар пойызда қанша уақыт болды. Жауабы: 1 тәулік
2.Балалар басқа қалаға бару үшін автобусқа отырып 14.00- де шығып 27 сағат жүріп барды. Олар автобустан түскенде уақыт қаншаны көресттіп тұрды?
Жауабы:17.00
Тапсырманы бағдаршам тәсілі арқылы бағалаңыз.
Сергіту сәтін «Айна» ойыны
5- тапсырма Ойлан
(Т.Ж) Жұмысты топтарда орындатыңыз.Алдымен бірге шығарылуын жаздырыңыз. Кейін топтың бір өкілі шығарған есебін алып,басқа топқа тексеру және бағалау үшін жіберіңіз.Сөйтіп барлық топтарды аралау керек. Өкілдер өз топтарына қайтып, шығарылуын түсіндіреді.
Тапсырма:
1. Салыстыруға берілген тапсырмалар.
2. Сәйкестендіруге берілген тапсырмалар.
3.Сағаттың бөлігін табу.
Жұмысты басбармақ арқылы бағалаңыз.
6- тапсырма Амалдарды орындауға беріңіз.
(ДЖ)
5 тәул 20сағ+ 3 тәул 23 сағ=
3 сағ 45 мин- 1сағ 55 мин =
5 мин 50 сек + 3мин 18 сек=
6 тәул 20 сағ – 1 тәул 12 сағ=
Жауаптарын тексертіңіз және өзін –өзі бағалатыңыз
7- тапсырма Сен білесің бе?
(Т.Ж) Ежелгі сағаттар туралы ақпаратты энциклопедиядан табуды тапсырылған. Оқушылардың дайындған мәліметтерін тыңдаңыз. Сағаттың суреттерін қарастырыңыз.Заманауи сағаттармен салыстырыңыз. Суреттер көрсетіңіз, толықытырыңыз..
арқылы ұйымдастырыңыз. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Кері байланыс «Жылдамдық бекеті»
Сұрақтарға тез жауап беруді ұйымдастырыңыз.
- 24 сағатта қанша тәулік бар
- Түнгі сағат 22.00 . Бес сағаттан кейін уақыт қаншаны көрсетеді?
- 4 тәулікте қанша сағат бар?
- 36 сағатта қанша тәулік қанша сағат бар?
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері арқылы бағалаңыз.
Сабақ соңында рефлексия жасатыңыз.
БББ кестесін пайдаланыңыз. Тақырыптың басында оқушылар үш бағаналы тор көз жасайды. Білемін; Білгім келеді; Білдім. Олар ойланады және бірінші екі бағанды толтырады, содан кейін үшінші бағанға бөлімнің соңында оралады. Нұсқау – қосымша баған “Сен қалай оқытар едің?”
Не білгім келеді? Не білдім? Сен қалай оқытар едің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?