Тәулік. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Уақыт

№ 156 сабақ.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Шахманова А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Тәулік

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі:

Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады.

Ғылыми тіл

ОқушыларУақыт өлшемдерін ажыратады,уақыт өлшем бірліктерін салыстырады,амалдар орындайды,уақыт бірліктерін үлкеннен кішіге айналдыру,кішіден үлкеннен кішіге айналдыруалгоритмін түсінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай уақыт бірліктерін білесің?

1 минут неше секундты құрайды? 1сағатта неше минут бар?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері,секунд,минут,сағат,тәулік,ғасыр шамаларын түсіну

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма Миға арналған аэробика54 49 54 49 54 4988 76 88 76 88 76

1- тапсырма.

(Ұ.Ж) Дені сау болып өсу үшін не істеу керек?Уақыты тамақ ішіп,ұйықтап спортпен шұғылдану және күнде бір уақытта серуендеу керек. «Қай уақытта оянасың? Қай уақытта таңғы ас ішесің? Қай уақытқа дейін сабақ оқисың? Қай уақытта серуендейсің?» Жұптаса отырып,уақыттарын белгілей күн тәртібін салыстыруды ұсыну. Тәулік ұғымын толықтыра түсу.

Бағалау: Жауап ұнаса бармақты жоғары көтеру, ұнамаса төмен қою.

2- тапсырма Назарларын тақтадағы суретке аударту. «Әр суретте қай уақыт бейнеленген? Неліктен олай ойлайсыңдар (ұлдың әрекеттері бойынша және көрінуінен) Сағатта барлығы 12 бөлік бар, сондықтан уақытты әр түрлі оқуға болатынын айту. Мысалы,күндізгі 2 сағат- бұл 14 сағат.Оқушылардың назарын

сағатқа аударту.Жұптарда олардың қайсысы суретте орналасуы мүмкін екендігін талқылату.Барлық нұсқаны таңдату. Тәуліктің бірінші жартысы , екінші жартысы деген ұғым қалыптастыру.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау.

3 слайд

Энциклопедиялар;

Сағат макеті;

4 слайд

5 слайд

Сабақтың басы

5 мин

3- тапсырма.Уақыт аралықтары.

(Ұ.Ж)Тапсырманы ойын түрде орындату.Сыныпты екі бөлікке бөлу.Оқушыларға сыныптың бірінші бөлігі-жазудың сол жағы, ал екінші бөлігі-оң жағы екендігін түсіндіру. Салыстыру кезінде кімнің өлшем бірлігі үлкенірек болса,сол сынып бөлігі орнынан тұрады,қол шапалақтайды.

1 тәулік және 100 сағат

2 апта және 13 тәулік

8 тәулік және 200 сағат

12 апта және 90 тәулік

2 тәулік және 50 сағат

15 апта және 105 тәулік

Шапалақтау арқылы бағалау.кімнің жауабы ұнаса содан кейін қол шапалақтау.

4- тапсырма Шығарып көр.

(Д.Ж). Оқушыларға Қазақстан қалаларына саяхатқа шығатынын елестетуді ұсыну.Қай жерде болдыңдар? Кейбір қалалар бір-бірінен өте алыс қашықтықта орналасқандықтарын түсіндіру. Оқушыларға есептерді шығаруды тапсыру.

1.Балалар 18.00-де пойызға отырып, келесі күні кешкі 6- да түсті.Олар пойызда қанша уақыт болды. Жауабы: 1 тәулік

2.Балалар басқа қалаға бару үшін автобусқа отырып 14.00- де шығып 27 сағат жүріп барды. Олар автобустан түскенде уақыт қаншаны көрестіп тұрды?

Жауабы:17.00

Бағалау : Бағдаршам тәсілі арқылы бағалау

Сергіту сәті: «Айна» ойыны

 Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

5- тасырма Ойлан

(Т.Ж) Жұмысты топтарда орындау.Алдымен бірге шығарылуын жазады. Кейін топтың бір өкілі шығарған есебін алып,басқа топқа тексеру және бағалау үшін барады.Сөйтіп барлық топтарды аралау керек. Өкілдер өз топтарына қайтып, шығарылуын түсіндіреді.

1. Салыстыруға берілген тапсырмалар.

2. Сәйкестендіруге берілген тапсырмалар.

3.Сағаттың бөлігін табу.

Басбармақ арқылы бағалау. Жауап ұнаса бармақты жоғары қою, ұнамаса төмен қою.

6- тапсырма Амалдарды орында.

(ДЖ)

5 тәул 20сағ+ 3 тәул 23 сағ=

3 сағ 45 мин- 1сағ 55 мин =

5 мин 50 сек + 3мин 18 сек=

6 тәул 20 сағ – 1 тәул 12 сағ=

Жауаптарын тексеру және өзін –өзі бағалау

7- тапсырма Сен білесің бе?

(Т.Ж) Ежелгі сағаттар туралы ақпаратты энциклопедиядан табуды тапсырылған. Оқушылардың дайындған мәліметтерін тыңдау. Сағаттың суреттерін қарастыру.Заманауи сағаттармен салыстыру. Суреттер көрсету, толықытыру.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау

6-7 слайд

8-9 слайд

10 слайд

11-12 слайд

12-13 слайд

14-15 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс «Жылдамдық бекеті»

Сұрақтарға тез жауап беру.

  • 24 сағатта қанша тәулік бар
  • Түнгі сағат 22.00 . Бес сағаттан кейін уақыт қаншаны көрсетеді?
  • 4 тәулікте қанша сағат бар?
  • 36 сағатта қанша тәулік қанша сағат бар?

Стикерлер.

Рефлексия

БББ кестесі

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сен қалай оқытар едің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу