Тәулік,апта,жыл. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:Уақыт

157 сабақ.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Тәулік,апта,жыл

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі:

Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады.

Ғылыми тіл

ОқушыларУақыт өлшемдерін ажыратады,уақыт өлшем бірліктерін салыстырады,амалдар орындайды,уақыт бірліктерін үлкеннен кішіге айналдыру,кішіден үлкеннен кішіге айналдыруалгоритмін түсінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай уақыт бірліктерін білесің?

1 минут неше секундты құрайды? 1сағатта неше минут бар?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері,секунд,минут,сағат,тәулік,ғасыр шамаларын түсіну

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты еске түсіреді.

Жазылған уақыт өлшем бірліктерінің жұбын табуға тапсырма беріледі.

Мұғалім бүгін сабаққа апта күндері тапсырма жібергенін ескертеді.

1- тапсырма.(Дүйсенбінің тапсырмасы)

.Ж) Тәулік, апта, жыл туралы мәліметтер жинақтау үшін тапсырма беріледі. (Оқушылар топта талқылап, өткенді еске түсіріп, апта туралы ұғымды алып шығады. Мұғалім бағыттап толықтырады.)

Бағалау:Екі жұлдыз бір тілек.

Топтар санына сәйкес А3 форматындағы қағаз парақтары,маркерстикер

4 слайд

2- тапсырма.(Сейсенбінің тапсырмасы)

.Ж.)Жұмысты күнтізбе бойынша жалғастыру.

Топта күнтізбені пайдалана отырып, келесі топқа үш сұрақтан дайындауға тапсырма беру. Тірек сөздер: апта, тәулік, ай, жыл.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап,оларды түсіндіруді сұрау.

Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағалау. Кімнің жауабы ұнаса солдан кейін қол шапалақтау.

3- тапсырма. (Сәрсенбінің тапсырмасы)

Салыстырып көр!

.Ж.)Тапсырма үндемес ойыны түрінде орындауды ұсыну. Оқушылар жеке берілген тапсырманы орындайды. Тақтадан жауаптарын салыстырады. Дұрыс болса қол көтереді. Қате болса үндемей отырады.

3 сағ және 170 мин

2 күн және 46 сағ

2 апта және 14 күн

15 күн және 2 апта

4 жыл және 6 ай

Бағалау: Смайлик арқылы бағалау

4- тапсырма (Бейсенбінің тапсырмасы)

Өрнекте.

.Ж.)Тапсырманы жұппен орындауды ұсыну.Орындау алдында үлкен бірліктен кішіге түрлендіргенде көбейтетінін, ал кішісінен үлкеніне түрлендіргенде бөлетінін естеріне салу. «Тізбектей» тексеріс жүргізу.Егер кейбір оқушылар қиналса,зерек оқушылардан тапсырманың орындалуын түсіндіруді сұрау.

Күнмен: Аймен:

72 сағ 3 жыл

96 сағ 8 жыл

Минутпен: Жылмен:

600 с 60 ай

4 сағ 84 ай

Өзара бағалау. Жұмысты жұпта алмасып, жұлдызша беру арқылы бағалау.

Сергіту сәті. «Артық санды тап» Оқушылардың қолдарында кеспе сандар беріледі. Олар суретке қарап артық санды көтереді.

5- тапсырма Шығарып көр.

(Жұманың тапсырмасы)

(Д.Ж.)Оқушылардан күнтізбені қолдана отырып,өз бетінше жұмыс істеуді сұрау.

  • Егер жылдың басынан 2 апта 5 ай 62 күн өтсе қазіргі күнді анықта?
  • Төртінші тоқсан 2 сәуірде басталып, 25 мамырда бітеді.Бұл тоқсанның неше күнге созылатынын анықта?
  • Бір жылда неше апта бар?Қай айда дәл төрт апта болады?

Сөздік бағалау:«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы бағалау.

6- тапсырма (Т.Ж.)(Сенбінің тапсырмасы)

Топтық жұмыс ұйымдастыру.Әр топқа А4 форматындағы 4 парақ тарату.Әр тапсырманың шешуі мен жауабын жеке параққа жазуды ұсыну.Тапсырма орындалғаннан кейін бір топтан тапсырманы түсіндіруді сұрау және т.б.Осылай әр топ өз жұмысын тексере алады.

Тапсырма:Шағын маркет пен нан дүкені бір мезгілде ашылып әр түрлі уақыттарда жабылады. Шағын маркет кешкі сағат 19.00-де жабылады, ал нан дүкені 21.00-ге дейін жұмыс істеді. Нан дүкені шағын маркетке қарағанда қанша уақытқа артық ашық тұрады?

Басбармақ арқылы бағалау. Оқушының жауабы ұнаса бармақты жоғары қою, ұнамаса төмен қою.

5 слайд

6-7 слайд

8-9 слайд

10 слайд

11-12 слайд

13-15 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс (Жексенбінің тапсырмасы)

Блиц сұрақ-жауап.

Әрбір партаға сұрақтары бар парақтарды тарату.

Бір жылда ... ай.

Бір жылда ... күн.

Кібісе жылда ... күн.

Бір жылда ... қысқы айлары: ......., ......., .......

Бір жылда ... жаз айлары: ......., ......, .......

Бір жылда ... күз айлары: ......., ......., .......

.........жылды бастайды,ал ....... аяқтайды.

Бір айда ... апта.

Бір аптада ... күн.

Жылдың ең қысқа айы ........

Стикерлер.

16 слайд

Рафлексия

Табыс баспалдағы

17 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу