№ 159 сабақ. Уақыттың өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Математика 3- сынып

Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлімі: Уақыт

№ 7 сабақ. Уақыттың өлшем бірліктері

Оқу мақсаты: 3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі. Оқушылардың кейбіреулері: Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады Ресурстар: Таратпа қағаздар, минут,ай , секунд,тәулік , жыл, апта, сағат , ғасыр жазулары бар таратпа, көрсетілім.

Сабақты кіріспе тапсырмадан бастаңыз. «Ассоциативті қатар» тәсілі арқылы орындаңыз.

Тақтаға «Уақыт өлшемдері» деп жазыңыз. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсыныңыз. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдатыңыз.

Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылаңыз. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

1-тапсырма Сабақ кестесі. (Т.Ж) Топтық жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Біреумен ұқсас жағдай болды ма? Әр топқа жартылай берілгендері бар кестелерді таратыңыз. Оқушылардан оны қалпына келтіруді сұраңыз. Белсенді оқушыдан жіберілген уақытты қалай қалпына келтіруге болатынын сұраңыз. Оқушылар топпен жұмыс жасап сабақ кестесін толықтырады.

Тапсырма

Сабақтар

Сабақтың басталуы мен аяқталуы

Сабақтың

ұзақтығы

Үзіліс ұзақтығы

Математика

08.30 - 09.10

5 минут

Қазақ тілі

40 минут

15 минут

Орыс тілі

10.10- 10.50

10 минут

Дүниетану

11.00-11.40

40 минут

10 минут

Еңбекке баулу

40 минут

Сабақтар

Сабақтың басталуы мен аяқталуы

Сабақтың

ұзақтығы

Үзіліс ұзақтығы

Математика

08.30 - 09.10

40 минут

5 минут

Қазақ тілі

9.15 - 09.55

40 минут

15 минут

Орыс тілі

10.10- 10.50

40 минут

10 минут

Дүниетану

11.00-11.40

40 минут

10 минут

Еңбекке баулу

11.50-12.30.

40 минут

Тапсырманы жұлдызшалар арқылы бағалаңыз.

2-тапсырма жеке жұмыс жасау арқылы орындатыңыз. Оқушыларға бүгін сабаққа математика білгіштерінің жіберген тапсырмасын орындайтынымыз ескертіледі. Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы амалдарды орындуға берілген . Жеке жұмыс жасайды, жұптарымен алмасып жұмыстарды тексереді.

1 сағ+25 мин =

45 мин + 15 мин =

1 мин 30 с + 30 с=

3 сағ 10 мин – 20 мин=

4 мин + 4 сек=

1 мин 30 с – 40 с=

2 мин – 2 с=

Тапсырманы «Басбармақ» арқылы бағалаңыз

3- тапсырма да жеке жұмыс арқылы орыынадатыңыз. Ақылды үкінің тапсырмасы екенін ескертіңіз. Өрнекте (Берілген уақыт өлшемдерін минутпен, секундпен өрнекте)

1 сағ 30 мин = .... мин

2 сағ 60 мин =...... мин

1 мин 25 с = ......с

1 сағ 1 мин 30 с =......... с

3 мин 27 с =……. с

82 мин =….сағ .... мин

Сөздік бағалау жасатыңыз. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Сергіту сәтін ұйымдастыырыңыз. Көңілді әуенмен түрлі жаттығу жасатыңыз.

4- тапсырманы топтық жұмыс арқылы ұйымдастырыңыз. Қоянға көмектесуге шақырыңыз.

Тапсырманы топтық жұмыста орындатыңыз. Топтарға қағаздан қиылған сағаттың макеттері таратыңыз. Олар сағаттың тілдерін көрсетілген уақыт бойынша белгілеп көрсетуге тапсырма беріңіз. Жұмыс соңында топтар басқа топтарды аралап тапсырманы қалай орындағанын көріп смайликтер арқылы бағалауға ұсыныс жасаңыз.

8 сағ 25 мин 11 сағ 16 мин 6 сағ 24 мин

12 сағ 10 мин Алты жарым 3 минутсыз 12

5- тапсырма (Д Ж) Оқушыларға Буратиноның тапсырмасын орындауға беріңіз. Жеке жұмыс жасай отырып тапсырманы орындайды, жауаптарын сәйкестендіреді.

Тапсырма:

1.Қанша жылды құрайды: 3 ғас,5 ғас, 8 ғас

2.Қанша айды құрайды: 2 жыл, 5 жыл, 9 жыл

3. Қанша тәулікті құрайды:6 апта, 20 апта ,52 апта

Жауаптарын сәйкестендіріп, өзін- өзі бағалауды тапсырыңыз.

6- тапсырманы жұптық жқмыс жасау арқылы орынбатыңыз. Білгіштің тапсырмасын ұсыныңыз. Сәйкестендіруг тапсырма беріңіз.

Оқушылардың қолдарына сәйкестендіру тапсырмалары жазылған қағаздар үлестіріңіз. Стрелка арқылы көрсетілген уақыт бірліктерін сәйкестендіріп көрсетеді.

 7- тапсырмада жұпты жұмыс жасатыңыз. Ақылды үкінің тағы бір тапсырмасы.

Сағат 11 сағат 25 минутты көрсетіп тұр. Алтыдан бір сағаттан кейін сағат нешені көрсетеді?

Төрттен бір сағаттан кейін ше?

Екіден бір сағаттан кейін ше?

Берілген тапсырманы жеке талқылатып, артынан ортақ тексерумен жалғастырыңыз.

«Бағдаршам» арқылы бағалаңыз.

Кері байланыс.(ТЖ) «АВС» тәсілі арқылы жүзеге асады.

А-сұрақ қояды.

В-жауапбереді.

С–айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

 Оқушылар топта үшеуден отырады.Өткен сабақтарға байланысты А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Ұсыныс, тілектерін айтады.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалаңыз.

 Сабаққа рефлесия жасаңыз.

Қосымша ақпарат: Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарла потырсыз Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсетіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу