№ 159 сабақ. Уақыттың өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Уақыт

№ 159 сабақ. Уақыттың өлшем бірліктері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Шахманова А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;

Оқушылардың көпшілігі:

Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады.

Ғылыми тіл

Оқушылар уақыт өлшемдерін ажыратады,уақыт өлшем бірліктерін салыстырады,амалдар орындайды,уақыт бірліктерін үлкеннен кішіге айналдыру,кішіден үлкеннен кішіге айналдыруалгоритмін түсінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай уақыт бірліктерін білесің?

1 минут неше секундты құрайды? 1сағатта неше минут бар?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері,секунд,минут,сағат,тәулік,ғасыр шамаларын түсіну

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма «Ассоциативті қатар»

Мұғалім тақтаға «Уақыт өлшемдері» деп жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды.

 Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).

Сабақтың басы

1- тапсырма Сабақ кестесі.

(Т.Ж) Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.Біреумен ұқсас жағдай болды ма? Әр топқа жартылай берілгендері бар кестелерді тарату.Оқушылардан оны қалпына келтіруді сұрау. Белсенді оқушыдан жіберілген уақытты қалай қалпына келтіруге болатынын сұралады. Оқушылар топпен жұмыс жасап сабақ кестесін толықтыралы.

Жауабы:

Сабақтар

Сабақтың басталуы мен аяқталуы

Сабақтың

ұзақтығы

Үзіліс ұзақтығы

Математика

08.30 - 09.10

40 минут

5 минут

Қазақ тілі

9.15 - 09.55

40 минут

15 минут

Орыс тілі

10.10- 10.50

40 минут

10 минут

Дүниетану

11.00-11.40

40 минут

10 минут

Еңбекке баулу

11.50-12.30.

40 минут

Тапсырма

Сабақтар

Сабақтың басталуы мен аяқталуы

Сабақтың

ұзақтығы

Үзіліс ұзақтығы

Математика

08.30 - 09.10

5 минут

Қазақ тілі

40 минут

15 минут

Орыс тілі

10.10- 10.50

10 минут

Дүниетану

11.00-11.40

40 минут

10 минут

Еңбекке баулу

40 минут

Бағалау:Жұлдызшалар арқылы бағалау

2-тапсырма (ДЖ) Оқушыларға бүгін сабаққа математика білгіштерінің жіберген тапсырмасын орындайтынымыз ескертіледі. Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы- амалдарды орындуға берілген . Жеке жұмыс жасайды, жұптарымен алмасып жұмыстарды тексереді.

1 сағ+25 мин =

45 мин + 15 мин =

1 мин 30 с + 30 с=

3 сағ 10 мин – 20 мин=

4 мин + 4 сек=

1 мин 30 с – 40 с=

2 мин – 2 с=

Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағалау. Жауап ұнаса бармақты жоғары көтеру, ұнамаса төмен қою.

3- тапсырма (ЖЖ) Ақылды үкінің тапсырмасы Өрнекте (Берілген уақыт өлшемдерін минутпен, секундпен өрнекте)

1 сағ 30 мин = .... мин

2 сағ 60 мин =...... мин

1 мин 25 с = ......с

1 сағ 1 мин 30 с =......... с

3 мин 27 с =……. с

82 мин =….сағ .... мин

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Сергіту сәті. Көңілді әуенмен жаттығу жасау

4- тапсырма. Қоянға көмектесе аламыз ба?(ТЖ)

Тапсырма топтық жұмыста орындалады. Топтарға қағаздан қиылған сағаттың макеттері таратылады. Олар сағаттың тілдерін көрсетілген уақыт бойынша белгілеп көрсетеді. Жұмыс соңында топтар басқа топтарды аралап тапсырманы қалай орындағанын көріп смайликтер арқылы бағалайды.

8 сағ 25 мин 11 сағ 16 мин 6 сағ 24 мин

12 сағ 10 мин Алты жарым 3 минутсыз 12

5- тапсырма (Д Ж) Оқушыларға Буратиноның тапсырмасын орындауға беріледі. Жеке жұмыс жасай отырып тапсырманы орындайды, жауаптарын сәйкестендіреді.

Тапсырма:

1.Қанша жылды құрайды: 3 ғас,5 ғас, 8 ғас

2.Қанша айды құрайды: 2 жыл, 5 жыл, 9 жыл

3. Қанша тәулікті құрайды:6 апта, 20 апта ,52 апта

Бағалау: Өзін- өзі бағалау

6- тапсырма .(ЖЖ) Білгіштің тапсырмасы. Сәйкестендір

Оқушылардың қолдарына сәйкестендіру тапсырмалары жазылған қағаздар үлестіріледі. Стрелка арқылы көрсетілген уақыт бірліктерін сәйкестендіріп көрсетеді.

7- тапсырма Ойлан.(Ж.Ж) Ақылды үкінің тағы бір тапсырмасы.

Сағат 11 сағат 25 минутты көрсетіп тұр.Алтыдан бір сағаттан кейін сағат нешені көрсетеді?

Төрттен бір сағаттан кейін ше?

Екіден бір сағаттан кейін ше?

Берілген тапсырманы жеке талқылатып, артынан ортақ тексерумен жалғастыру.

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Сабақтың соңы

Кері байланыс.(ТЖ) «АВС» тәсілі арқылы жүзеге асады.

А-сұрақ қояды.

В-жауапбереді.

С–айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

 Оқушылар топта үшеуден отырады.Өткен сабақтарға байланысты А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Ұсыныс, тілектерін айтады.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

тест

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу