Бекіту / Лагерьде демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық 150-сабақ
Тақырыбы: Бекіту / Лагерьде демалу мәдениеті
Оқу мақсаттары: 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Мұғалім оқушылардан лагерьде демалудың пайдасы, лагерьде демалу мәдениеті туралы сұрайды. Лагерьде демалған оқушылардан басқа оқушыларға өздерінің демалыстарын әңгімелеп берулерін ұсынады. Егер сыныпта лагерьде демалған оқушылар болмаса, онда лагерьдегі демалыс туралы өзі әңгімелеп береді
Өзектендіру.
«Жалғастыр» әдісі.
Мысалы:
Бір тоқаш 30 теңге тұрады. ... неше ...?
5 қарындашқа 75 теңге төледі. ... неше ...?
Бір қапшықтың салмағы 3 кг. ...неше ...?
Үш көйлекке 18 метр мата жұмсады. ... неше ...?
Смайликтер арқылы бағалау
Өткенмен жұмыс
Есеп құрастыр. 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Есептер құрастырады және шығарады.
Тапсырманы орындау алдында «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса» шамаларының арасындағы өзара тәуелділік туралы айтып, формуланы еске түсіріңіз.
1 жәшікте – 12 кг сәбіз
3 жәшікте - ? кг сәбіз
Ш: 12·3=36 (кг)
Ж: 3 жәшікте 36 килограмм сәбіз болды.
Заттың жалпы массасын табу үшін бір заттың массасын заттың санына көбейтеміз.
«Бас бармақпен» бағалау
Өзіндік жұмыс
(Ж.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды және жұппен тексеру ұсынады.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
Қиындықтарды түзету
Әрбір жұп өздері құрастырған есептерін сыныпқа оқып береді. Бұдан кейін оқушылар есепті шығаруға қажетті формуланы анықтап, есепті шығарады. Есептің шартын құруына ,есепті шығаруға қосымша сұрақтар арқылы көмек беріңіз.
Ағылшын тілі- 69 бала
Математика -? ,3 есе кем ? бала
Әртүрлі үйірмелер-сонша
Ш: 1)69:3=23 (матем)
2) 69+23=92 (әртүрлі үйірме)
3)69+23+92=184(барлығы)
Ж: үйірмеге барлығы 184 бала қатысады.
(Ж.Ж) Ойлан-жұптас-тексер
3-тапсырманы өзара тексерумен жұппен орындатыңыз. «Бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік туралы еске түсіріңіз.
- Егер заттың саны мен бір затқа жұмсалатын заттың мөлшері белгілі болса,онда жалпы жұмсалған заттың мөлшерін қалай табуға болады?
- Жалпы жұмсалған заттың мөлшерін табу үшін, заттың саны мен бір затқа жұмсалатын заттың мөлшерін көбейтеміз.
Ш:1м 10 см ·5+70см ·6=970см=9м 70 см
Ж:барлығына 9 м 70см мата жұмсалады.
Оқушылар жұптасып есепті шығарады. Шығарып болған соң, сағат тілімен жұмыстарын ауыстырып, жұптар бір –бірінің тапсырмасын тексертіңіз.
Бағдаршаммен бағалатыңыз.
Өткенді қолдану
4-тапсырма функционалдық сауаттылыққа берілген. Оқушылар диаграмманы талдаудан бастайды, көлденең шкалада әрбір маусымда лагерьде демалған оқушылардың саны берілген. Оқушылар диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады. Диаграмма бойынша есептер құрастырып,оларды шығарады.
(Т.Ж) «Елшілер» әдісі бойынша 5-тапсырманы топпен орындатуға болады. Барлық топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады.
Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек.
Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. Сондай-ақ,бұл әдіс елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады.
«Бас бармақпен» бағалаңыз.
Шығарып көр. 6-тапсырмада сызбасы берілген есепті шығарады тапсырманы тақтада орындатуға болады. Есепті талдап, қысқаша жазылуын жазып шығарады.
«Ойлан,тап» әдісі.7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар белгісіз сандарды табады. Әрбір тапсырмаға қандай амалдың қажеттігін анықтайды, өрнектерді жазады және олардың мәнін табады.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыртыңыз.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.
Кері байланыс
"Екі жұлдыз, бір тілек"
Оқушылар стикерге сабақта ұнаған екі жұмысты жазады және келесі сабақта не білгісі келетінін жазады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?