Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару / Қоғамдық орындардағы демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
№152 сабақ
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару /
Қоғамдық орындардағы демалу мәдениеті
Сабаққа қажетті ресурстар: Қима қағаздар; Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар жазылған карточкалар; Сюжетті суреттер;
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Жоспар
Ынталандыру.
Мұғалім оқушылардан сұрайды:
- Мәдени орындарға не жатады?
- Мәдени орындарда өзіңді қалай ұстайсың?
- Біз мәдени орындарға не үшін барамыз және оның пайдасы қандай?
Мұғалім оқушылармен мәдени орындар туралы әңгіме жүргізеді. Алматы қаласындағы Орталық музей туралы әңгімелейді. Орталық музейдің «Музей туралы»,
«Экспозициялар», «Коллекциялар», «Ғылыми-қор қызметі», «Мәдени-білім жұмысы», «Қонақ кітабы» деп аталатын алты бөлімнен тұратынын және әрбір бөлімнің қызметі туралы ақпарат береді.
Өзектендіру.
Мұғалім есептердің жауабын жазуды сұрайды:
1.Мараттың 9 жапсырмасы бар, бұл Дәуреннің жапсырмасынан 3 есе аз. Дәуреннің жапсырмасы нешеу?
2. Мараттың 9 жапсырмасы бар, ал Дәуреннің жапсырмасы одан 3 есе аз. Дәуреннің жапсырмасы нешеу?
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар берілген деректерді есептер құрастырады.
Мұндай есептің түрі қалай аталады? (жанама түрде тұжырымдалған есептер)
Есептердің қысқаша жазылуын, шешуін, жауабын жазып шығарады.
Өзіндік жұмыс.
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсынады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырманы орындау).
– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Өткенді қолдану
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Әрбір топ сызба бойынша есеп құрастырады. Әрбір топ құрастырған есептерін басқа топтарға айтады, есептерді шығарады.
Мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Мұғалім оқушылардан екі есепті салыстыруды сұрайды.
–Бірінші есепте терек көшетінің санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (Көбейту)
–Екінші есепте терек көшетінің санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (Бөлу)
Мұғалім есептерді тақтада шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздырып орындатады.
Өткенмен жұмыс
Мұғалім оқушылардан бос уақыттарында немен айналысқанды ұнататындарын сұрайды. Әлияның отбасы мүшелерінің бос уақыттарында немен айналысатынын білу үшін оқулықтағы 6-тапсырманы топпен орындауды ұсынады. Оқушылар пиктограмма бойынша сұрақтар құрастырып, оны сыныптастарына қояды. Әрбір оқушы өзінің отбасы мүшелерінің қандай мәдени орындарға барғанды ұнататыны туралы пиктограмма құрастырады.
Оқулықтағы 7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Мұғалім қатардың жазылу заңдылығын анықтатады және әр қатардың екі жағына цифрлар жазып толықтыруын сұрайды. Мысалы:
а)1, 3, 5, 7, 9, 11, 13;
ә) 1, 2, 5, 6, 9, 10, 13,14.
Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.
Рефлексия.
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратады, оқушылар сөйлемнің жалғасын жазады:
«Мен саған, сен маған....»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?