Үш амалмен орындалатын есептер шығару / Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
№154 сабақ
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Үш амалмен орындалатын есептер шығару .
Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті
Сабаққа қажетті ресурстар: Қима қағаздар; Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар жазылған карточкалар; Сюжетті суреттер;
Жоспар:
Ынталандыру.
Мұғалім оқушылардан сұрайды:
Сіз мәдени ойын-сауық орталықтарында болдыңыз ба?
Сіз мәдени ойын-сауық орталықтарына жиі барасыз ба?
Сізді мәдени ойын-сауық орталықтарында не қызықтырады?
Мұғалім оқушылармен мәдени ойын-сауық орталықтарында демалу туралы әңгіме жүргізеді.
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығының алдындағы шолу дөңгелегі Орталық Азиядағы ең биік дөңгелек екенін айтады.
802 : 2 + 660 : 6 – 451 өрнегінің мәнін табуды ұсынады. Өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтауды сұрайды. Оқушылар өрнектің мәнін табу арқылы шолу дөңгелегінің биіктігін анықтайды.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Мұғалім:
Бүгінгі сабақта үш амалмен шығатын есептерді шығаруды жалғастырамыз.
Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды. (Үш амалмен шығатын есептерді шығару туралы білімдерін бекіту.)
Өзіндік жұмыс
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсынады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырманы орындау).
– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі бағалауымен тапсырманы орындап, өзара тәуелді шамалар туралы білімдерін нақтылайды.
Бағалау критерйиі.
Мен:
-үш амалмен шығарылатын есептерді модельдеуді және шығаруды білемін.
Өткенмен жұмыс
3-7-тапсырмалар мұғалімнің қалауы бойынша оқушылардың қажеттілігіне қарай орындалады.
3-тапсырманы топпен орындатуға болады. Әр қатарға бір бағаннан бөліп тастауға болады. Бұл тапсырма оқушылардың математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Тапсырма орындалғаннан кейін нәтижесін эталонмен салыстырады.
Оқулықтағы 4-тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар ұзындығы мен енінің барлық мүмкін нұсқаларын жазады.
5-тапсырманы топпен орындайды. Әр топ диаграмма бойынша есептер құрастырып, оны басқа топтарға оқып береді. Диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады. Әрбір топ диаграмма бойынша есептер құрастырады және шығарады.
6-тапсырманы өз беттерімен орындатуға болады. Нәтижесін үлгімен тексеруді ұйымдастыруға болады.
7-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді.
Оқушылардан тапсырманың (а) нұсқасында берілген бір қатардан екі қатарды бөліп алу керек. Себебі әрбір қатардың жазылу заңдылығы әртүрлі, сондықтан бұл екілік қатар.
Бірінші қатар: 1, 3, 5, 7, 9, …
Екінші қатар: 10, 9, 8, 7, 6, …
Енді екі қатарды да төрт мүшесін қосып жазып аламыз.
Бірінші қатар: 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17
Екінші қатар: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2
Енді екі қатарды біріктіріп, бір қатар етіп жазамыз:
1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, 11, 5, 13, 4, 15, 3, 17, 2.
(ә) нұсқасымен де осындай жұмыс жүргізіледі.
Ж: 16, 12, 15, 11, 14, 10, 13, 9, 12, 8, 11, 7, 10, 6.
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.
Рефлексия.
Балалар тақтадағы «рефлекстік нысананы» толтырады, мыналарды бағалайды:
1. өзінің іс-әрекеті.2. оқытушының іс-әрекеті 3. оқушылардың іс-әрекеті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?