Ақша.Есеп құрастыру және шығару 133-сабақ. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері Тақырыбы: Ақша.Есеп құрастыру және шығару

133-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алуды және олармен әртүрлі операцияларды орындау

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау,оның мәнін табу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы: Купюраларды ажырата біледі,түрліше төлем жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Кесте,өрнектер бойынша есептер құрастыра алады

Оқушылардың кейбірі:

4амалмен шығарылатын есептерді орындап, шығарылу жолын дәлелдейді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамалардың өлшем бірліктерін ажырата алады,құндылық,көрсету,түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Баға ,құн,саны дегенді қалай түсіндіресің?

-Заттың құнын табу үшін не істейміз?

-Заттың санын,бағасын табу үшін қандай амалды пайдаланамыз?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ақша туралы түсінік қалыптасқан

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Кіріспе тапсырма.

(М) «Ақша» тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау үшін:

-Өткен сабақтарда не туралы білдің? Жауаптарды «Идеялар» себетіне салуларын сұрау. Бірнеше пікірді оқып беру.

«Идеялар» себеті

Сабақтың ортасы

4-15

16-25

26-30

31-34

« Шарлар» ойыны

Тақтаға бағасы жазылған шарларды ілу.

Бір оқушыны шар сатушы рөлінде тағайындау. Оқушылар шар сатып алады да, есеп құрап ,оны шығарады.

Өзін-өзі бағалау

(Т.Ж) Қанша ақша жұмсайсың? Киім дүкені.Тақтаға киімдер суреті ілінеді.Топтарға киімдердің (әр киімнің) бағасын жазып көрсететін парақ таратылады..Оқушылар есептің шартына байланысты есептеулер жасап,әр киімнің бағасын анықтайды. Әр топтың өкілі тапсырманы орындап болған топ тақтадағы киімдердің астына бағасын жазып. Өз тобының жауабын негіздеп,түсіндіреді.

Жейде-1000 тг

Футболка- 500 тг

Шалбар – 1500 тг

Күрте – 5000 тг

Көйлек – 3000 тг

Юбка – 2500 тг

Топтардың жұмысын «Жұлдызша» арқылы бағалау

Дұрыс жауап берген топтарға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

(Ұ.Ж) Тәттілер дүкені.Тапсырманы талқылау үшін заттарды, бағаларына тоқталып өту.Оқушылар топтық жұмыста бір есептен құрастырады.Сонан кейін топтар парақтарын алмастырып,басқа топтың құрған есебін шығарады.

Шоколад – 250 тг

Балмұздақ – 80 тг

Чупа чупс – 50 тг

Кәмпиттер – 420 тг

Мармелад – 150 тг

Вафли – 360 тг

Тапсырманы «Шапалақ» арқылы бағалайды.

Оқушылар жауаптарды мұқият тыңдап отырып, ұнаған жауапқа үш шапалақ соғады.

(Ж) Таңда.

-50теңгеге не сатып алуға болады? Тауарды таңда

(Ж) Ойлан. Сенде 300 тг бар. Досыңа қанша ақша жұмсар едің? Шырын -40 тг, тәтті нан-40 тг, кәмпит – 5 тг

Жұптардың жауаптары әр түрлі болса,есептің шешуін сынып болып талқалайды.Жұптардың жұмысы бағаланады.

Ауызша бағалау «Жарайсың! Керемет!»

(Т) Орында.

-Мысалды жарыс түрінде шығарасыңдар.Бірінші болып шығарған жұп жеңімпаз болып табылады.

Өзара бағалау

1000 тг 800 тг

400 тг600 тг

Сабақтың соңы

35-40

Сабақ бойынша кері байланыс

Жылдам жауап:

1.Сатып алған барлық затқа төленетін ақша мөлшері-бұл...

2.Бір затқа төлейтін ақша мөлшері-бұл...

3.Заттың мөлшері-бұл...

4.Санын табу үшін______керек

5.Заттың құнын табу үшін______керек

6.Бағасын табу үшін______керек

«Жетістік баспалдағы» арқылы өз білімін анықтайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу