Материал шығыны.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері Тақырыбы:Материал шығыны.Есеп шығару

135-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы: материалды жұмсауға байланысты құрама есептерді шығарады.

Оқушылардың көпшілігі:

кесте,өрнектер бойынша есептер құрастыра алады,диаграмма,сызба, қысқаша жазба бойынша модельдейді

Оқушылардың көпшілігі:

Оқушылар құрама есеп құрастырады және талдайды.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамалардың өлшем бірліктерін ажырата алады,құндылық,көрсету,түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Ұзындықты қандай өлшем бірліктермен өлшейміз?

Килограмм,грамм қандай өлшемдерді өлшейді?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Масса өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығара алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

(ТЖ)Өзектендіру

-Оқушылар, бүгін біз есептеу мекемесіндеміз. Әр топта өз есепшілері бар.Оларға тұтынушылар келіп жұмсалатын

материалдардың мөлшерін есептеуді сұрайды.Мекеме жұмысшылары кестемен келеді, кестесін толтырып бересіңдер. Кестені әр топқа таратып беріп,есепті дауыстап оқу.

Оқушылар деректерді кестеге енгізіп,есептейді.

Ширату

Құрылысшыдан:1 шаршы метр аумаққа 57 кірпіш кетеді.Құрылысшы 8 шаршы метр қабырғаны кірпіштен қалауы тиіс.Оған неше кірпіш кетеді.(456 кірпіш)

Тігіншіден:Егер бір костюмге 5 метр мата кететін болса,75 метр мата 15 костюмге жете ме?(жетеді)

Әжейден:Үш жемпірге 12 орам тоқыма жібі кетеді.Бір жемпірге неше орам тоқыма жібі керек?(4 орам)

Жүк тасушыдан:Үлкен контейнерге 40 т жүк сыяды.880т

Жүкті тиеу үшін неше контейнер керек? (220 контейнер)

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Ф- ауызша бағалау

Әр топқа арналған

Үлкен парақтарға жазылған кестелер

Слайд № 3

Сабақтың ортасы

6-10

11-16

17-25

26-30

31-37

(С) Өрнек бойынша есеп құр

302х2+102х3=910 тг

Бағалау «Смайлик» арқылы

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

(Ж) Кестені толтыр

Әр оқушыға кесте таратып беру

Тік төртбұрыштың ұзындығы мен ені, ауданн табуға байланысты шамаларды табу

Бағалау « Бағдаршам»

Қызыл, жасыл, сары сигналды карталарды көтеру арқылы бағалау жүргізіледі.

Қызыл-түсінбедім, сары-сұрақтарым бар, жасыл-толық түсіндім.

(Ж) Кім жүйрік? Өрнектердің мәндерін тез есептеу

(250 - 50) +120=320800 -(350 - 300)=750560+(200 - 160)=600250 -(50+120)=80(800 - 350)- 300=150(560+200)- 160=600

Бағалау « Жұлдызша»

Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша табыстау. Жұлдызша көп жинаған оқушыны мадақтау.

Шығар.(Ө.Ж.)

Вокал тобына қатысушыларға костюмдер тігу үшін мата сатып алынды. Бір орамда – 65 м, ал екінші орамда біріншіден 15 м кем мата бар. Әр костюмге 5 м мата жұмсалғанда, мата таусылды. Неше костюм тігілді?

Тақтаға толтыратын кесте ілінеді.Сыныптағы оқушылар кезекпен кестеге жазылатын деректерді ұсынады, бір оқушы тақтада оларды кестеге енгізеді.Есептің сұрағын сынып болып талдайды.Есепті өз бетінше орындайды.Есептің шешу жолын тақтада көрсетеді.

Жауабы:1.65-15 =50(м) 3. 115:5=23(к)

2.65+50=115(м) (65+(65-15):5=23(к)

Өзін –өзі бағалау

) Өрнекте

кг-мен

5т= ------------- 50ц=2ц 50кг= ------ 3000кг=1т 4ц= --------- 80ц=2000г= -------- 30ц=2т 3ц 5кг= --- 7000кг=т - мен өрнекте400кг=6т=2т 500кг=800кг=1т=ц - мен өрнекте г - мен өрнекте7кг=9кг=5кг=3кг 0г=8кг=

 см - ге айналдыр.4 дм = см6 дм 2 см= см3 м = см5 м 2 дм = см

Ауызша бағалау Жарайсың! Керемет!

(Д) «Зейінділік» ойыны

ОИӨЫМЕЯИАОЫҰСЫИЕЭСЫҮА жазбасындағы а әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастайды. Қандай сөз шықты? (масса)

Бағалау «От шашу»

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Слайд № 4-5

Слайд № 6

слайд №7-8

Слайд №9-10

Слайд № 12-15

Слайд № 16

Сабақтың соңы

38-40

Сабақ бойынша кері байланыс

Оқушылардың сабақ материалын қалай меңгергенін анықтау үшін «Ыстық орындыққа» отырғызып, мына сұрақтарды қою:

-Егер саны мен бір затқа жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда жалпы жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады?

-Егер бір затқа жұмсалғаны мен жалпы жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда заттың санын қалай табуға болады?

-Егер заттың саны мен жалпы жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады?

Слайд № 17



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу