140∙2, 280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу / Судың адам өміріне қажеттілігі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 131-сабақ. 140∙2, 280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу / Судың адам өміріне қажеттілігі

Оқу мақсаттары: 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану.

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру.

Тірек сөздер:

  • бірлік
  • ондық
  • жүздік
  • көбейту алгоритмі
  • бөлу алгоритмі.

Ресурстар:

  • фишкалар
  • суқоймалар суреті
  • судың қасиеттері жазылған сурет
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • тапсырма жазылған қима қағаз
  • мұз суреті
  • чайник буы суреті
  • веер
  • жүгірме диктант жазылған қағаз
  • кесте
  • оқулық

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • . Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды

бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді

меңгеруі тиіс.

  • . Бірліктерді көбейтіп, бірліктердің астына

жазамын.

  • Ондықтарды көбейтіп, ондықтардың астына

жазамын..

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақтың басында оқушылар көбейтудің

компоненттерін түсінгенін тексеру

ұйымдастырыңыз. Ол үшін көбейту

компоненттерінің қалай аталатынын, белгісіз

көбейткішті қалай табуға болатынын сұраңыз.

Ынталандыру.

Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Жанға жайлы музыка қойыңыз.

Оқушыларға жағымды дауыспен айтып тұрыңыз.

     Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз, аяғыңызды шештіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Оқушылармен судың адам өміріне қажеттілігі жайында әңгімелесіңіз,мысалдар келтіріңіз.

- Судың пайдасы бар ма?

- Судың адам өміріне қажеттілігі қандай?

Судың қасиеттері туралы білетін оқушыларға айтқызыңыз.Соңынан өзіңіз ақпарат беріңіз.

Ақпарат беру.

Құрсақта жатқан үш айлық шарананың ағзасы 95 пайыз судан тұрса, 5 айлық шарананікі – 85 пайыз, жаңа туған нәрестенің ағзасы – 70 пайыз, үлкен адамның ағзасы 65 пайыз судан тұрады. Сен адам тамақсыз бірнеше апта шыдағанымен, сусыз 3-4 күн ғана өмір сүре алатынын білесің бе?

Ырым-тыйым сөздер айтқызу.

Суға байланысты ырым-тыйым сөздер айтқызыңыз.Мағынасын түсіндіріңіз.

-Су ішкен құдығыңа түкірме! -Су бетін ашық қалдырма! -Түнде суға барма! -Шелектегі суға аузыңды батырма! - Суды ластама - Суды үнемде - Қайнамаған суды ішпе.

Өзектендіру.

Жүгірме диктант.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру үшін жүгірме диктант алыңыз.

Сыныптың әр қабырғасына тапсырмалар ілініп қойыңыз.Оқушылар топ бойынша отырады.Белгі бойынша әр топтың 1-оқушысы жүгіріп барып, 1- тапсырманы оқып алып, орнына келіп, жауабын жазады.Ол оқушы жазып жатқанда келесі оқушы жүгіріп барып, келесі тапсырманы оқып алып, орнына келіп орындайды.Осылайша тапсырма таусылғанша жалғастырыңыз. Топтарға тапсырма бірдей беріңіз. Болған соң топтардың тапсырмаларын тексеріп, бағалаңыз.

Тапсырма:

  • 6 жүздік және 3 ондықтан тұратын санды жаз;
  • 582 санында барлығы неше жүздік бар?
  • 520 санында барлығы неше ондық бар?
  • Ондық разряды 5 цифры болатын үш таңбалы санды жаз.
  • 12 ондықты 2 есе арттыр.

Бармақ арқылы бағалаңыз

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағыттаңыз.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Тақтаға өрнекті жазып, оқушыларға сұрақтар қоя отырып, түсіндіріңіз.

-Тақтадағы өрнекке қараңдар.

140∙2

- Үш таңбалы санның разрядтарын атаңдар?

-Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіре аласың ба?

140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280

14 онд. ∙ 2 =28 онд.

- Бөлуді қалай орындауға болады?

280:2=(28∙10):2=28:2∙10=140

28 онд. : 2= 14 онд.

Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды үйретіңіз.

Жаңаны ашу.

1-тапсырма

Түсіндіру:

а)Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.

140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280

14онд.∙2=28онд.

ә) Көбейтудің баған түрінде орындалуын түсіндіру.

- Баған түрінде көбейту алгоритмін қарайық.

Жазамын: бірінші көбейткіш – 140, яғни 14 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш – 2-ні жазамын.

Ондықтарды көбейтемін: 4 онд. ∙ 2 = 8 онд., 8-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерге көбейтемін: 1 жүзд. ∙ 2=2, 2-ні жүздіктің астына жазамын. 0-ді түсіремін.

Жауабын оқимын: 280.

2-тапсырма

Түсіндіру:

Баған түрінде бөлу алгоритмін қарайық.

Жазамын: бөлінгіш – 280, бөлгіш – 2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 2 жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 2:2=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 8:2=4, 4-ті бөліндіге жазамын.

Бірліктерді бөлемін: 0:2=0, 0-ді бөліндіге жазамын.

Жауабын оқимын: 140.

Оқушылардың түсінгенін байқау үшін ұқсас тапсырма беріп орындатуға болады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3тапсырма. Алгоритмге сүйеніп орындатыңыз. Оқушылардың назарын дұрыс жазуға және ретін сақтап орындауға аударыңыз. Осы тапсырманы "Сен маған, мен саған" әдісі арқылы орындатыңыз.

Жұптағы екі оқушы бір өрнекті орындап, жұбына береді.Жұбы тексереді.Келесі өрнекті де осылай орындайды.

230∙3=690 420∙2=840 690:3=230 480:2=240

Жұптарға бір-бірін бағалатыңыз.

Жұптағы екі оқушы бірін-бірі жұлдызша беру арқылы бағалайды.

№4 тапсырма "Карта" әдісі

Оқушыларға қима қағазға жазылған өрнектер және өрнектердің жауабы жазылған қима қағаздарды таратып беріңіз. Оқушылар топ бойынша берілген өрнектерді жауабымен сәйкестендіріп, бір-біріне беттестіріп қояды.Орындап болған соң әр топтан спикерлерге топтардың жұмыстарын тексертіп, бағалатыңыз.

550:5=110 120∙3=360 260:2=130

420:2=210 320∙3=960 840:2=420

480:4=120 210∙4=840 330:3=110

120∙2=240

110∙3=330

130∙2=260

ә) Осыған ұқсаса бір өрнек құрастырып,баған түрінде орындап, дұрыстығын тексереді.

Әр топтың топ басшылары топтардың тапсырмасын тексеріп, смайликтермен бағалайды.

Жаңаны қолдану.

№5 тапсырма

Теңдеулерді шешу.Теңдеулердің түбірін өсу ретімен жаздырып,үлкен суқойманы анықтауды тапсырыңыз.Суқойманың атқаратын ролін анықтауды ұсыныңыз.

160+у=310∙2 797-y=340∙2

160+у=620 797-y=680

y=620-160 y=797-680

y=460 y=117

160+460=310∙2 797-117=340∙2

620=620 680=680

x+18=220:2 192-x=440:4

x+18=110 192:x=110

x=110-18 x=192-110

x=92 x=82

92+18=220:2 192-82=440:4

110=110 110=110

82,92,117,460

Оқушылармен Қазақстандағы суқоймалар туралы әңгіме жүргізіңіз.

2-сыныпта танысқан еліміздегі ең ірі бірнеше суқоймаларды ататыңыз.(Бұқтырма, Қапшағай, Шардара.)

Берілген суқоймалардың ішінен ауданы бойынша ең үлкенін анықтауға ұсыныңыз..

  • Суқойма не үшін қажет екенін сұраңыз. (Электр энергиясын алу, ауыл шаруашылығын суландыру, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету үшін т.б.)

"Отшашу" арқылы бағалатыңыз.

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

№6 тапсырма өз беттерімен орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға кестені пайдаланып, тура теңдіктер және теңсіздіктер құрастыруды тапсырыңыз.

630:3=810-600 185+775>960:3

960-640=960:3 347+403>210∙3

320∙2<347+408 810-600<210∙3

"Бағдаршам" арқылы бағалатыңыз

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Сергіту сәтіне "Комплименттер бұрқасыны"әдісін алыңыз.

 Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

Өткенмен жұмыс.

7-тапсырма практикалық жұмыс жасатыңыз.

Бұл тапсырманы орындамас бұрын, оқушылармен санның үлесі ұғымын қайталатып алыңыз. Есепті шығару үшін жетекші сұрақтар беруіңізге болады:

  • Ыдыс неше бөлікке бөлінген? (5)
  • Бір бөлігіне неше литр су сыяды? (6л)
  • Осы ыдысқа барлығы неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (6 л ∙5)

-Біз бір ыдысқа неше литр су сыятынын анықтадық. Осындай 3 ыдысқа неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (30л • 3) Тапсырманы осылайша талдап болған соң

дәптерге орындатыңыз.

(Ж.) 8-тапсырма

Тапсырманы орындау барысында оқушылардан көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын сұраңыз.

18 ∙ 45 =(2∙9)∙(5∙9) =(2∙ 5) ∙(9∙9)=10∙81=810

Бұл тапсырманы мысалы мынадай түрде орындауға да болады:

25∙24= 25∙4∙6=100∙6=600

35∙18=35∙2∙9=70∙9=630

14∙35= 1∙4∙35=1∙140=140

Оқушылардың жұмысын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалаңыз.

9-тапсырма «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы оқулықтағы тапсырманы топтарға бөлініп орындатыңыз Есепті қалай шығарғандарын қарсы топтарға барып түсіндіруді тапсырыңыз.Есепті талдап, шартын құруды тапсырыңыз.

а) Мектептегі бастауыш сыныптарға 19 литрлік ыдыстағы судың 5-еуі және жоғары сыныптарға 8-і әкелінді. Мектепке барлығы неше литр су әкелінді?

Шарты:

Бастауыш сыныпқа-?,19л,5-еуі

Жоғары сыныпқа-?,8-і

Барлығы-?л

Шешуі:

19∙5+19∙8=247л

Жауабы: мектепке барлығы 247 литр су әкелінді

ә)Әлияның анасы бір айда 19 литрлік ыдыстағы суға 4 рет, ал Мақсаттың анасы 6 рет тапсырыс берді.Әлияның анасы Мақсаттың анасына қарағанда айына неше литр су кем қолданды?

Шарты:

Әлияның анасы-?,19л,4 рет -?л кем

Мақсаттың анасы-?,6 рет

Шешуі:

19∙6-19∙4=38л

Жауабы: Әлияның анасы 38 литр кем қолданды.

б)Ересек адам тәулігіне 2 литр су ішуі қажет болса,онда 4 адамнан тұратын отбасы сәуір айында неше литр су ішеді? 6 адамнан тұратын отбасы ше? 8 адамнан тұратын отбасы ше?

Шарты:

1 адам-2л

4 адам 30 күнде-?

6 адам 30 күнде-?

8 адам 30 күнде-?

Шешуі: 4∙2∙30=240л

6∙2∙30=360л

8∙2∙30=480л

Жауабы:4 адамнан тұратын отбасы 240л, 6 адамнан тұратын отбасы 360л, 8 адамнан тұратын отбасы 480 л су ішеді.

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

11-тапсырма шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Оқушылардан сұраңыз:

  • Кез келген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге бола ма?

Оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақтар белгілі бір түрде болуы керектігін ескертіңіз. Мысал келтіруді сұраңыз. Бұдан кейін оқушыларға жұппен тапсырманы орындатыңыз

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек

"Веер" әдісі бойынша сұрақтар құрастыруды ұсыныңыз.

Топтағы 1-оқушы ақ парақты бір бүктеп, сұрақ жазады да, келесі оқушыға береді, ол бір бүктеп, сұрақ жазып келесі оқушыға,осылайша веер топты айналып шығады. Барлығы жазып болған соң веердегі сұрақтарға жауап беріледі.

Сабақ соңына оқушыларға рефлексия жасатыңыз.

Рефлексия.

- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойдық?

- Ол мақсатқа жеттік пе?

- Сабақ барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Ол қиындықтар енді қайталанбас үшін не істеуге болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу