Бекіту / Судың өсімдіктер үшін пайдасы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

134-сабақ

Тақырыбы:

Бекіту / Судың өсімдіктер үшін пайдасы

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

Тыныштық сәті (Әуеннің ырғағымен) - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз.

Қызықты мәлімет!

1. Адам сусыз 5 күн де өмір сүре алмайды. Ал өмір бойы 60 тоннаға жуық су пайдаланады.

2. Әлемдегі ең биік құлама су – Анхель. Ол Оңтүстік Америкада орналасқан. Оның биіктігі 1054 м, басқаша айтқанда, 220 қабатты ғимараттан да биік.

Мәлімет

Музыка

3-5

Өзектендіру.

(Т.) 1-тапсырма

Өрнектердің мәнін баған түрінде есептеу. Бірінші жолдағы өрнектерді өсу ретімен, екінші жолдағы өрнектердің мәнін кему ретімен қойып, қандай мақал жазылғанын анықтау.

Оқушылардан мақалдың мағынасын түсіндіруді сұрау. Су мол болса, өсімдіктердің де көп болатындығы, ал бұлағы бар жерде адамдардың тұрақты өмір сүретіндігі туралы қорытындыға келу.

102∙4=408 жер 408:4=102 тұрақты

103∙2=206 жер 808:2=404 нулы

103∙3=309 жер 505:5=101 жер

606:3=202 сулы 204∙2=408 бұлақты

Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- "Түсінбедім"

Оқулық

2-слайд

Кесте

Мақал-мәтел

3-слайд

4-слайд

Сигналды карта

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

–Есептеу тәсілдері туралы білімін бекіту. Есептеу кезіндегі қателер себебін болдырмау.

11-28

(Ө.)2-тапсырма

Есептер бойынша өрнектер жазу. Олардың мәнін табу.

а) 9∙101=909л

ә) 304∙2=608л

б) 5∙3+10∙2=35л

Смайликтер арқылы бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау.

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған оқушылар өз іс-әрекетерінің мақсатын құрастырады.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі тапсырмаларды немесе карточкалардағы қосымша материалдарды орындап, алгоритмді нақтылайды.

"Сұрақты ұстап ал!" әдісі

Көбейту кестесіне байланысты өрнектер арқылы ойнату.

Сұрақ қойыпкезде фасоль салынған қапшықты лақтыру. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтыру. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

(Ұ.) 3-тапсырма

Функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қою:

  • Бағбанға қажет тордың ұзындығын анықтау үшін не істейміз? (Периметрін анықтаймыз.)
  • Жер телімін суғару үшін неше литр су қажет екендігін анықтау үшін не істейміз? (Ауданын табамыз.)

Мұндай тапсырма өткен сабақтарда кездескендіктен оқушыларға орындауда қиындық тудырмайды. Тапсырманы тақтада орындату.

а-4 м

в-2м

Р-?

Р=(а+в)∙2

Р=(4м+2м)∙2

Р=12м

2=101л

S=4м∙2м

S=8мм

2∙101л=808л

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

(Т.) 4-тапсырма "Елшілікке саяхат" әдісі

Өрнектер бойынша есептер құрастыру және шығару.Әр топ шығарып болған соң,топта бір спикер қалып, келген басқа топтың оқушыларына оқып береді.Келген топ оқушылары жұлдызшамен бағалап кетеді.

а) Гүлзарға әрқайсысы 302 тг-ден 2 теңбілгүл көшетін және әрқайсысы 102 тг-ден 3 шырайгүл көшетін отырғызды. Гүлзарға барлығы неге көшет отырғызды?

Шешуі:302∙2+102∙3=910к.

Жауабы: барлығы 910 көшет отырғызылды.

ә)Гүлзарға әрқайсысы 302 тг-ден 3 теңбілгүл көшетін және әрқайсысы 102 тг-ден 4 шырайгүл көшетін отырғызды.Теңбілгүлге қарағанда қанша шырайгүл көшеті кем отырғызылды?

Шешуі:302∙3-102∙4=498к.

Жауабы: 498 көшет кем отырғызылды.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

Сергіту сәті "Қошемет" тренингін жүргізу. Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші: "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

(Ж.) 5-тапсырма.

Санды және әріпті өрнектерді салыстыру

308:(а+в)>308:(а-в) (122+80):2< 122+80:2

(с+d):8<(с+d)∙8 500-204:2+75> (500-204):2+75

408:4+в408:(4+в) (630+303):3 >180+303:3

Өзара тексеруді ұйымдастыруға болады.

Смайликтер арқылы бағалау

Жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау

Оқулық, дәптер

5-слайд

Смайликтер

6-слайд

Сұрақ қапшығы

Оқулық

7-слайд

8-слайд

Жұлдызша

Смайликтер

29-37

Өткенмен жұмыс.

6-тапсырма

Есептерді шығару.

Есептерді шартын, шешуін, жауабын жазу.

а)

Алма көшеті-130

Алмұрт-?,2 есе артық

Шабдалы-? сонша

Шешуі:

130∙2=260ал.

130+260=390шаб.

Жауабы:бақшаға 390 шабдалы көшеті отырғызылды.

ә) Есепті санды деректермен толықтырып, қайтадан шығарады.

Қайың-120

Қарағай-?,3 есе кем

Терек-?, сонша

Шешуі:

120∙3=360қ.

120+360=480т.

Жауабы: 480 терек көшеті отырғызылды.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ж.) 7-тапсырма

Әр сандықшадан бір-бір өрнектен алып,оларды қосу. алынған өрнектерді жазу. 5 минут үшінде кім көп есептегенін анықтау.

Фишкамен бағалау

Әр дұрыс жауапқа бір фишка беру керек. Тапсырманың соңында фишкаларды санау. Кімде көп фишка болса, сол оқушы жеңеді.

(Т.) 8-тапсырма

Алдын ала талдау. Оқушыларға бағыт беру. Оқушыларға өзеннен суды бірнеше рет құйып алуға және ыдыстағы суды өзенге төгуге болатынын ескерту. Алғашында барлық ыдыстың іші бос болады. Тапсырманы кесте арқылы орындаған ыңғайлы екендігін хабарлау.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.Блум түймедағын қолдануға кеңес беру.

Оқулық, тақта

Шабдалы суреті

9-слайд

Фишкалар

10-слайд

11-слайд

12-слайд

38-40

Рефлексия.

-Саған не қызық болды?

- Саған не қиын болды?

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу