134∙5, 670:5 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Мұхиттар мен теңіздер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна | |||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
137-сабақ Тақырыбы: | 134∙5, 670:5 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу/Мұхиттар мен теңіздер | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану | |||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||
Бағалау критерийлері Ғылыми тіл |
| |||||||||
Тірекбілім, білік, дағдылар | Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарлан ған уақыт (минут) | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
0-2 | Ынталандыру. Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат». Жанға жайлы музыка қойылады. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз, аяғыңызды шештіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ Жаныңыз сергіп,бір рақат күй кештіңіз.Жайлап көзіңізді ашыңыз. - Мұхиттар туралы не білеміз? Жер шарында төрт мұхит бар. Олар: Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит. - Қандай теңіздерді білесіңдер? Теңіздер: Арал, Каспий, Балтық, Жерорта, т.б. Ролик көрсету. | Суреттер Ролик 2-слайд 3-слайд | ||||||||
3-5 | Өзектендіру. Тақтада карточкалар бойынша жұмыс. Оқушылар өздеріне белгілі жазбаша есептеу тәсілдерін орындайды және алгоритмін түсіндіреді. Карточкаларға мұхиттар мен өзендердің атаулары жазылуы қажет. Тапсырманы орындап болғаннан кейін карточкаларды бір белгілері бойынша топтастыруға болады. Мысалы, өрнектердің жұп мәндерін атасаңыз, сіз Қазақстанда орналасқан теңіздердің атауларын білетін боласыз. 104∙2 102∙3 301∙4 840:2 306:3 404:2 "Отшашу"арқылы бағалау Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады. | Тақта, өрнектер жазылған карточкалар 4-слайд | ||||||||
6-10 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлудің жаңа жағдайын қарастыру.
Осыдан кейін сабақтың мақсатын тұжырымдау | Оқулық, тақта | ||||||||
11-28 | Жаңаны ашу. 1-тапсырма. Түсіндіру. Қорытынды жасау. Жазамын: бірінші көбейткіш – 134, бірліктердің астында екінші көбейткіш – 5. Бірліктерді көбейтемін: 4∙5=20, бұл – 2 ондық және 0 бірлік. 0 бірліктердің астына жазылады, 2 ондықты есіме сақтап, ондықтарға қосамын. Ондықтарды көбейтемін: 3∙5=15, оған тағы 2 ондықты қосамын, 17 ондық шықты. Бұл 1 жүздік және 7 ондық. 7-ні ондықтардың астына жазамын. 1 жүздікті есіме сақтап, жүздіктерге қосамын. Жүздіктерді көбейтемін: 1∙5=5, тағы 1 жүздікті қосамын, 6 жүздік болады. 6-ны жүздіктердің астына жазамын. Жауапты оқимын: 670. Жазамын: бөлінгіш – 670, бөлгіш – 5. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 6 жүздік. Бөліндіде үш цифр (жүздік, ондық , бірлік) болады. Жүздіктерді бөлемін: 6:5=1, қалдық – 1 жүздік, 1-ді бөліндіге жазамын, қалдық жүздіктің астына жазылады. Ондықты қалдықтың қасына түсіремін. 1 жүздік және 7 ондық – бұл 17 ондық. Ондықтарды бөлемін: 17:5=3, қалдық – 2 ондық, 3-ті бөліндіге жазамын, қалдықты ондықтың астына жазамын. 0 бірлікті түсіремін. 2 ондық және 0 бірлік – бұл 20 бірлік. Бірліктерді бөлемін: 20:5=4, 4-ті бөліндіге жазамын. Жауапты оқимын: 134. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 2-тапсырма "Эстафета" әдісі Өрнектің мәнін кезекпе-кезек орындайды. Бұл тапсырманы алгоритмге сүйеніп орындау. Оқушылардың назарын дұрыс жазуға және ретін сақтап орындауға аудару. 152∙5=760 124∙5=620 142∙5=710 920:5=184 730:2=365 540:4=135 Бұдан кейін «Өрмекші торы» әдісін қолдануға болады. Бір оқушылар жіп лақтыру арқылы сыныптағы басқа оқушыға өзінің осындай түрдегі көбейтуге құрастырған мысалын айтады. Оны алған оқушы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып есептейді. Тексеру жасайды. Кезек ретін ауыстырады. Қатесі жоқ оқушы жеңімпаз болады. Смайликтер арқылы бағалау Тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау. Өзіндік жұмыс. Дәптермен жұмыс, формативті бағалауы бар тапсырманы орындау. | Оқулық, дәптер, Жіп 5-слайд 6-слайд Смайликтер | ||||||||
29-37 | Жаңаны қолдану. (Ж.) 3-тапсырма Өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастырып, мұхиттардың ауданы бойынша ретін анықтау. Берілген пікірлердің ішінен ақиқат пікірлерді атау. а) 750-128∙5=110 Атлант мұхиты (247+583):5-106=60 Солтүстік мұзды мұхит 45+750:6=170 Тынық мұхиты 135∙4-460=80 Үнді мұхиты 60 80 110 170 ә) Ақиқат пікірлерді ата: -Тынық мұхиты ең үлкен мұхит Ақиқат -Атлант мұхиты Үнді мұхитынан кіші Жалған -Солтүстік мұзды мұхит Үнді мұхитынан үлкен Ақиқат "Бағдаршам" арқылы бағалау Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды. Жасыл түс- "Түсіндім" Сары түс-"Сұрағым бар" Қызыл түс- Түсінбедім (Т.) 4-тапсырма "Елшілік" әдісі Оқушылар тапсырмаларын орындап болған соң әр топ өздерінен бір оқушыны елшілікке басқа топқа жібереді.Елшілікке барған оқушы басқа топтыңжұмысын тыңдап, өз тобына келіп, түсіндіреді,және бағалап кетеді. Оқушыларға есептің қысқаша жазылуына талдау жасауды ұсыну. Есепті талдау: Кемелермен не тасымалдауға болатынын, порттардың қайда орналасатынын, жолаушыларды тасымалдау үшін теңіз көліктерін пайдалануға болатынын нақтылау. Осыдан кейін әрбір топ өздерінің есептерін құрастырады және басқа топтарға айтады. Есептерді шығарады және оны түсіндіреді. а) Жолаушылар тасымалдайтын үш кемеге 960 жолаушы отырды. Бірінші кемеге 145 жолаушы, ал екінші кемеге одан 4 есе артық, қалғаны үшінші кемеге орналасты.Үшінші кемеде неше жолаушы бар? Шешуі: 145∙4=616ж. 960-(616+145)=199ж. Жауабы:үщінші кемеде 199 жолаушы бар? ә) Бірінші кемеде 134 т жүк бар, ал екінші кемеде одан 5 есе артық жүк бар. Екінші кемеде неше тонна жүк артық? Шешуі: 134∙5=670т 670-134=536 т Жауабы:екінші кемеде 536тонна жүк артық. Жұлдызша арқылы бағалау. Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады. Сергіту сәті Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады. Өткенмен жұмыс. (Ө.) 6-тапсырма Практикалық жұмысқа арналған. Оқушылар өз беттерімен кесінділердің ұзындығын анықтайды және оларды сызады. а)25:5∙1=5см ә) 12:3∙1=4см Бармақ арқылы бағалау Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады. (Т.) 7-тапсырма Тапсырманы орындамас бұрын диаграммаға қарауды және сұрақтарға жауап беруді ұсыну:
Осыдан кейін оқушылар диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады және оны сыныптастарына қояды. Есептер құрастырады және оларды шығарады. 1.Тәуліктің алғашқы 3 сағатында неше кеме келді? (15) 2.3 сағат пен 6 сағат аралығында неше кеме келді?(45) 3.6 сағатпен 9 сағаттың аралығында неше кеме келді?(30) 4. 9 сағат пен 12 сағаттың аралығында неше кеме келді? (20) Осылайша сұрақтар құрастырады.Есептер құрастырады. Шапалақ арқылы бағалау Әр топтың тапсырмасын шапалақ соғу арқылы бағалау. (Т.)8-тапсырма Бұл тапсырма зерттеуді талап етеді. Бұл тапсырманы сызба арқылы орындау. Алдымен барлық мүмкін нұсқаларды қарастырады. Қорытынды жасар алдында оқушылардың назарын бірде-біреуін қалдырмай және екі рет санамай барлық нұсқаларды қалай санауға болатынына аудару. (Мысалы, кітапханадан, одан кейін ретімен барлық нұсқаларды санау). "Отшашу"арқылы бағалау Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. "Авторға сұрақ"әдісі Бір оқушыны автор орындығына отырғызып, оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар қояды.Автор-оқушы жауап береді. | Оқулық, сызба 7-слайд Кесте Сигналды карталар 8-слайд Жұлдызша 9-слайд Оқулық Сызғыш, қарындаш Диаграмма 10-слайд 11-слайд 12-слайд Орындық | ||||||||
38-40 | Рефлексия. - Бүгінгі сабақта не қызық болды? - Сабақта не ұнады? - Қай тапсырма қиын болды? - Қай тапсырма жеңіл болды? | 13-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?