Әртүрлі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
№ 136 сабақ. Тақырыбы: Әртүрлі есептерді шығару
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Жалпы масса немесе жалпы жұмсалғынын табу есептерінің компоненттерінің арасындағы байланыс көбейту амалының компоненттерінің арасындағы байланыс сияқты:
. Көбейтіндінің мәнін табу үшін бірінші көбейткішті екінші көбейткішке көбейту керек; жалпы массаны табу үшін бір заттың массасын заттың санына көбейту керек; жалпы жұмсал-ғанын анықтау үшін бір затқа жұмсалғанын заттың санына көбейту керек.
. Бірінші көбейт-кішті табу үшін көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөлу керек; бір заттың массасын табу үшін жалпы массаны заттың санына бөлу керек;бір затқа жұмсал-ғанын табу үшін жалпы жұмсалғанын заттың санына бөлу керек;
∙ Екінші көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөлу керек; заттың санын табу үшін жалпы массаны бір заттың массасына бөлу керек; заттың санын табу үшін жалпы жұмсалғанын бір затқа жұмсалғанына бөлу керек.4 шағын топ анық-таңыз. Әр топқа кестені таратып, сіз айтқан мәндерді жазуды ұсыныңыз: 12,4,?;? 5 600; 32, ?, 192 Кестеде жетіспейтін мәндерді толықтырып жазуды сұраңыз. Сонан кейін барлық кестелерді бірінің астына бірін жапсырып тақтаға іліңіз. Кестелерден оқушылардың не байқағанын сұраңыз. Кестелердегі ортақ нәрсе мен олардың айырмашылығы қандай екенін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы ережені таныстырыңыз.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе
Кіріспе тапсырма.
(Т.Ж) Әрбір топқа арналған топтық тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы топта талқылап, шығарады ұсыныңыз. Есептің шығару жолдарын түсіндіруді сұраңыз. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәні белгілі болған жағдайда бірінші көбейткішті қалай табуға болатындығын сұраңыз. Осы ережені пайдаланып, қалған формулалардан бір заттың массасы мен бір затқа жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады. Осыған ұқсас жолмен заттың санын табуды сұраңыз. Оқушылардан қорытынды жасауды сұраңыз.
Жауабы:
1-топ
7·12=84 кәмпит
2-топ
84:7=12 кәмпит
3-топ
84:12=7 бала
Кері байланыс
-Көбейтіндінің мәнін қалай табады?
К*К=КМ К= КМ:К
-Бір заттың санын қалай табады?
-Заттың жалпы санын қалай табамыз?
1Ж∙С= ЖЖ
-Бір заттың массасын қалай табамыз?
-Жалпы массасын қалай табуға болады?
1М∙С= ЖМ
Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушыларға
тапсырманы алдымен жұпта сосын шағын топта талқылайды ұйымдастырыңыз. Шешуін ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып түсіндіреді. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар бір заттың массасы, саны, жалпы массасы туралы алған білімдерін пысықтауға арналған есептер шығарып үйренеді.
Жауабы:
А) 42: 7 = 6 кг –бір жәшікте
6·2 =12 кг өрік
Ә) 45 :9 =5 литр – бір банкаға
30: 5 = 6 банка
«Смайликтер» арқылы бағалау
Есеп шығар
(Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындамас бұрын ұжым болып есепті талқылап алуды сұраңыз.
-Неше орам бар?
-Бірінші орамда неше метр мата бар?
-Екінші орамда неше метр мата бар?
-Барлығы қанша юбка тікті?
-Әр орамнан неше юбка тіккенін табу үшін нені білуіміз керек?
Оқушылар есепті шығарып болған соң бірнеше оқушыдан есепті қалай шығарғанын сұраңыз. Оқушыларға бірін –бірі бағалауды сұраңыз.
Жауабы:
- 32+24=56 метр
- 56:14=4метр –бір юбка
- 32:4=8 юбка-бірінші орам
- 24:4=6 юбка- екінші орам
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға топта есептердің шығару жолдарын талқылап, бірлесіп шығарадыұсыныңыз. Дайын жауап арқылы топтар бірін – бірі тексеріп, бағалайды.
Жауабы:
а) 86:2= 43 банка
ә) 7 · 4 = 28м²
« Смайлик» арқылы бағалау
Балық аулау
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есептің шартымен танысады, есептің шығару жоспарын құрады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топтан бір оқушы шығып есептің шығару жолымен таныстырады. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.
Жауабы:
- 2·10=20 балық
- 75-20=55 балық
- 55:11=5 бала
- 5+2=7 бала
«Басбармақ» арқылы бағалау
Есеп құрастыр
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға өрнек беріледі, сол өрнекке сәйкес келетін есеп құрастыруды сұраңыз. Оқушылар жұптасып есепті құрады, шығарады. Сосын жұптарға дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің тапсырмасын тексеруді ұйымдастырыңыз. Бірнеше жұптан құрған есептерін түсіндіріп беруін сұраңыз. Қате кеткен жерлері болса, сұрақтар қою арқылы түсіндіріңіз.
Жауабы: 10 кг
«Смайлик» арқылы бағалау
Ақиқат немесе Жалған
(Ұ.Ж) Оқушыларға алдын ала «Ж» жалған, «А» ақиқат дегенді білдіретін таратпа қағаз таратып беріңіз. Оқушыларға сұрақтар қойыңыз. Егер жауабы ақиқат болса «А» белгісін, егер жалған болса «Ж» белгісін көтеруді ескертіңіз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар әртүрлі есептар шығаруды пысықтайды.
Жауабы:
1.Бұзау 98 кг тартады. 3 сиырдың массасы бір тоннадан асады? (А)
2.Стақанға 250 г сүт сыяды. 2 стақандағы сүт бір литрлік ыдысқа сыймайды? (Ж)
3. Бірдей екі жәшік алманың массасы 50 кг. Ал бір жәшік алма мен біржәшік өріктің массасы 60 кг. Бір жәшік өріктің массасын табу үшін мына өрнек дұрыс па? 60- (50:2)=35 (А)
4. Лифт жалпы салмағы 85 килограмнан аспайтын 4 ересек адамды көтере алады. Осы лифт әрқайсысының массасы 67 кг болатын 6 адамды көтереді?(Ж)
Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.
Сабақ соңында «Бас бармақ» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз
Не үйрендім?
-Көбейтіндінің мәнін қалай табамыз?
-Көбейтіндінің формуласы арқылы жалпы массаны қалай табуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?