Параллелепипедтің көлемін табу. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Математика
3 сынып
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
Дидактикалық материалдар мен ресурстар
№ 138 сабақ.Тақырыбы:Параллелепипедтің көлемі.
Есеп шығару.
Біліп ал Ұжымдық жұмыс
Жеке жұмыс
1-топ
«Жанай» спорт кешеніндегі жүзу хауызының көлемі 408 м³. Оның ұзындығы 17 м, ені
12 м. Жүзу хауызының тереңдігі неше метр?
2-топ
Алма салатын жәшіктің көлемі 150 дм³, биіктігі 3 дм, ені 5 дм. Ұзындығын тап.
3-топ
Жұқа тақтайдан жеміс салатын жәшік жасады. Жәшіктің сыйымдылығын анықта.
2дм
4дм
8дм
4-топ
«Евразия» спорт кешеніндегі жүзу хауызының ұзындығы 20 м, ені 15 м, тереңдігі 2 м. Хауыздағы көлемін тап.
Жұптық жұмыс
а) 4 л = ? дм³
ә) 6 дм³= ? л
б) Қырлары 30 дм болатын текшенің көлемін.
в) Ұзындығы 8 см, ені 5 см, биіктігі 3 см параллелепипедтің көлемін.
Ұжымдық жұмыс
Мектептегі тірі табиғат бұрышында аквариум бар. Оның ұзындығы 9 дм, ені
5 дм, биіктігі 4 дм. Аквариумдегі су дәл ортасына жету үшін қанша литр су құю қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?