Шамалар. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Математика
3 сынып
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
Дидактикалық материалдар мен ресурстар
№ 141 сабақ.Тақырыбы:
Шамалар.Есеп шығару
Кіріспе Топтық жұмыс | |||
1-топ | 2-топ | 3-топ | 4-топ |
Кім жылдам?
а) 80 кг алманы 10 килограмдық жәшіктерге бөліп салады. Қанша жәшік керек болады? | |
ә) Анардың анасы 80 теңгелік 5 қалың дәптер және 50 теңгеден 6 қалам сатып алды. Ол оқу құралдарына барлығына қанша ақша төледі? | |
б) Асханаға 20 л сүт алып келді. Оны 2 литрлік 6 ыдысқа құйып қатық ұйытты. Қалған сүттен таңғы асқа ботқа пісірді. Ботқа пісіруге қанша литр сүт қалды? | |
в) Алмас 45 теңгеден 3 тоқаш сатып алды. Ол неше теңге төледі? |
Ұпай санына қарай бағалау
Топ | №1 1 ұпай | №2 ұпай | №3 1ұпай | №4 1ұпай | Барлық ұпай саны |
1-топ | |||||
2- топ | |||||
3-топ | |||||
4-топ |
Топтық жұмыс
Ырғыз өзенінің ұзындығы 593 км, Елек өзенінің ұзындығы 623км, Жем өзенінің ұзындығы 712 км, Торғай өзенінің ұзындығы 825 км. Ең ұзын және ең қысқа өзендердің ұзындықтарын салыстыр. Олардың айырмасын тап. Өзендердің ұзындықтары бойынша бағандық диаграмма сал.
Туристер Қорқыт ата кесенесіне саяхатқа шықты.Олар 105 км жолды поездбен жүрді, одан әрі 39 км жолды автобуспен жүріп, қалған жолды жаяу жүрді. Егер Қорқыт ата кесенесіне дейінгі жолдың ұзындығы 152 км болса, туристер неше км жолды жаяу жүрді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?