Параллелепипедтің көлемі. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 138 сабақ. Тақырыбы:Параллелепипедтің көлемі. Есеп шығару.

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.5 жанама болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастармен байланысты);тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалармен ауданын;

тікбұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма, сызба,

қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Үлкен заттардың көлемін өлшеу үшін көлемнің ірі бірліктері қолданылады: куб дециметр, куб метр. СИ өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесінде (SI) көлемнің негізгі өлшем бірлігі куб метр (м3). Сонымен қатар оның туындылары куб сантиметр, куб дециметр қолданылады. Сұйықтық көлемінің жүйеден тыс өлшем бірлігі – литр бір куб дециметрге тең.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға өздеріне берілген қағазды бүктеу арқылы көлемдері әртүрлі параллелепипед және текше жасауды ұсыныңыз. Сол фигураның көлемін табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар тікбұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемін табуды пысықтайды.

Жауабы:Бүктеу арқылы фигура құрастыр, көлемін тап.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

-Фигуралардың көлемін қандай өлшем бірлік арқылы таптық?Неге?

-Бөлменің, көп қабатты үйдің, қораптың, кітаптың өлшемін білу үшін қандай өлшем бірлікпен өлшеген тиімді.Неге?

-Бүгінгі сабақта, көлемді әртүрлі өлшем бірліктері арқылы өрнектеуді үйренесің.Үлкен параллелепипедтің көлемін дециметр куб (дм³) немесе метр куб (м³) арқылы өлшеген ыңғайлы екенін білесің.

1м 1м 1дм 1дм 1дм³ басқаша атауы – 1 литр

1м 1дм

Шығарып көр

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.

Оқушыларға тапсырманы шағын топта талғылап, ортақ шешімге келіп, ламинатталған параққа жазуды ұсыныңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар формулаларды қолданып есеп шығару дағдыларын дамытады.

Жауабы:

1-топ

2 метр

2-топ

10метр

3-топ

V=842=64дм³

V= 20м 15м 2 м =600 м³

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Көлемін есептеп тап.

(Ж.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.

Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Сосын қасындағы жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір –бірінің дәптерлерін тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) 4дм³

ә) 6 л

б)27000дм³

в) 120 см³

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Аквариум

(Ұ.Ж) Оқушылармен бірге есепті оқып, талдау жүргізіңіз.

-Аквариум қандай фигураға ұқсайды?

-Берілген сандар нені білдіреді?

-Көлемді табу үшін не істейміз?

-1 литрде қанша дм куб бар?

Бір оқушыға есепті тақтаға шығарады, қалған оқушылар өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Сосын тақтадағы есеппен салыстыра отырып, тексереді.

Жауабы: 90 литр

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан

(Т.Ж) Әрбір топқа көлемі әртүрлі қорап таратып беріңіз. Көлемі 12 дм³ болатын кәмпитті, қай қорапқа салуға болатынын анықтауды тапсырыңыз. Оқушыларға алдымен қораптардың көлемін табуды ұсыныңыз. Салыстара отырып қай қорапқа кәмпиттің сиятынын табады. Оқушылардың жауабының бірдей болу керектігін ескертіңіз. Егер қате кеткен болса, онда жетекші сұрақтар қою арқылы қатені тауып, талқылау жүргізіңіз.

Жауабы:көлемі 16дм³ қорапқа сыйғызып салуға болады.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Ия-жоқ» ойынын ойнатыңыз.

Сынып бөлмесінің көлемін куб метрмен өлшейді. (ия)

-Жүк шабаданы көлемін куб дециметрмен өлшейді.(ия)

-Қораптың көлемін куб метрмен өлшейді. (жоқ)

-Контейнердің көлемін куб километрмен өлшейді.(жоқ)

-Кір жуатын машинаның көлемін куб дециметрмен өлшейді? (ия)

-Көп қабатты үйдің көлемін куб метрмен өлшейді. (ия)

4-топ

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Керемет!», «Тамаша!», «Өте жақсы!»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу