Сандармен амалдар орындау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім – «Тиімді есептеулер» | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Сандармен амалдар орындау | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.5**(42 +36):6; (13·8):4 түріндегі бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлу/біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану 3.1.2.7 санды қосындыға көбейту ережесін/ 2·(15·7); 175:(5·7), түріндегі санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Бөліндіні ауызша орындау, қосындыны бөлуде біртаңбалы санға көбейту ережесін қолдану. Санды қосындыға көбейту ережесін санды қөбейтіндіге көбейту және бөлуді тиімді есептеу үшін қолдану | ||||||
Бағалау критерилері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Қосынды, көбейтінді, өрнек, санды өрнек, әріпті өрнек, жақшалы өрнек, жаөшасыз өрнек, бөлінді т.б. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосындыны бір таңбалы санға көбейту ережесін біледі | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ)Ұйымдастыру. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне көбейту кестесін айтады,өзара жауап береді. (Ұ, Ө)Математикалық диктант Мақсаты: өткен сабақты бекіту, сабақтың тақырыбын анықтау. (а+в)*с (а*в)*с (а+в):с с: (а*в) /Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқамен тексереді, жұппен бағалайды, кері байланыс жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Бағалау критерийлерін шығару | Маркер, ламинат қағаз,презентация | |||||
Сабақ ортасы
4 минут 10 минут 5 минут 10 мин 5 минут | (Ұ, МК) «Ойлан тап» Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту, санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану. Берілген өрнектерді тиімді тәсілмен шығар 160:(4·5)= (160: 4):5=40:5=8 (360+16):4=360:4+16:4=90+4=94 /Оқушылар бірнеше тәсілді қолдана отырып, өрнектің мәнін табады, тиімділігі анықталып, кері байланыс жасалады/. (Ж) Өрнектің мәнін тап. Мақсаты: санды көбейтіндіге бөлуге дағдылану, қосындыны санға бөлуде тиімді тәсілді қолдана отырып, өрнектің мәнін табу. 210:(7·3)= 210:7:3=10 (81+720):9=81:9+720:9=9+80=89 /Оқушылар жұппен орындайды,оқушылар жұп бойынша орындалған тапсырмалараны ауыстырады, тақтада берілген дұрыс жауаппен тексеріліп, нәтижесі анықталады, кері байланыс жасалады/. (Т) Өрнектің мәнін тап Мақсаты: Өрнек құрып, есепті тиімді тәсілмен шығаруға дағдылану, тиімділігін дәлелдеу. 1-топ: Арманның анасы дүкеннен 8 кг көкөніс және 4 кг жеміс сатып алды да екі қапшыққа теңдей бөліп салды. Әрбір қапшыққа неше кг –нан салды? 2-топ: Театрға 1-сыныптан 20 оқушы, ал 2-сыныптан бірінші сыныпқа қарағанда 5 оқушы аз келді. Мұғалім оларды екі қатарға теңдей отырғызды. Әрбір қатарға неше оқушыдан отырды? 3-топ: Мәденит сарайындағы би үйірмесіне 35 оқушы, ал ән үйірмесіне одан 20-ға кем оқушы және домбыра үйірмесіне 10 оқушы қатысады.Концертке апару үшін барлық өнерпаздарды 3 автобусқа тең бөліп отырғызды.Әр автобусқа отырған өнерпаздар саны қанша? 4-топ:Бақшаға отырғызу үшін 420 көшет көкөніс әкелінді.Әр қатарға 10 қызанақ пен 4 қияр отырғызылды. Көкөністер барлығы неше қатарға отырғызылды? /Әрбір топ шығарған өрнектерін қорғайды, оқушылар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бірін-бірі бағалайды/. | Қима қағаздар Слайд Слайд Дәптермен жұмыс, слайд Қима қағаздар | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия -Сен бүгін не үйрендің? -Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? -Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? -Қай тапсырма сені қызықтырды? -Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ? -Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың? -Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың? «Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау | Слайд «Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
|
|
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?