123∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу № 112 сабақ. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова Адигул | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Тақырыбы: | 123∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту | ||||||||||
Оқу мақсаты: Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіреді. | ||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||
Құндылықтар | Барлық оқушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 23∙2 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||
Психологиялық дайындық Сабақтың басы | «Ассоциативті қатар» Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: бөлу,алгоритм, көбейтуге кері амал, екі таңбалы сандарды бөлу, ауызша бөлу, баған түрінде бөлу т.б.... Оқушыларды топқа біріктіру. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы түспен топқа бірігу. «Жасыл », «Көк», «Сары», «Қызыл». (Т) «Миға шабуыл» Көбейту алгоритмі. 1-топ:Жасыл торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табады. 2-топ:Көк торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табады. 3-топ:Сары торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табады. 4-топ:Қызыл торкөздегі тапсырмаға есеп құрастырады, шешуін табады. Оқушыларға оқулықтағы көбейту алгоритмі бойынша көбейту амалының шығару жолын талқылауды ұсыну. Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға бағыттау: үш орынды санды бірорынды санға жазбаша көбейту екі орынды санды бір орынды санға көбейту сияқты орындалады; алдымен бірліктер, одан кейін ондықтар көбейтіледі және оған жүздіктерді көбейту қосылады деп тұжырымдай отырып, есепті шығарады. Бағалау: «Бас бармақ» Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру. | 3 слайд Тапсырма жазылған парақтар (4 парақ); ламинатталған парақ 4-6 слайд (Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. ) | |||||||||
Сабақтың ортасы Сергіту сәті | (ЖЖ) Шығарып көр. 132 2 3413 4232 2432 - Көбейтуді жазып есептеуді қалай жазамыз? – Көбейтуді жазып есептеуді қалай жазамыз? (баған түрінде); - Көбейтуді қай разрядтан бастаймыз? - Мысалдарда барлығы неше разрядқа көбейтеміз? Жұптағы оқушыларға мысалдарды кезекпен түсіндіре отырып шығарады. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте тамаша!» «Бұлт үстіндегі саяхат» (ӨЖ) Теңдеуді шеш. (7-5 х= 462 Тапсырма үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін еске сақтауға көмектесетін жаттығу ретінде пайдалану. Тапсырманы өз бетінше орындауға беріледі және оқушылардың жауабын түсіндіреді және дәлелдейді. Бұл тапсырманы жұлдызшалар арқылы бағалау (Т) «Жылдамдық» бекеті
(Т) Есеп құрастыру және мәнін табу. Тапсырманы орындау кезіндегі оқушылардың ауызша пайымдауын бақылау. Топта оқушылар кезекпен пікірді бағалайды, өзінің ойын білдіреді. Оқушы өз қатесін түзетуі керек, ол топтағы құрдастарының көмегін пайдалануы да мүмкін. Оқушылар бір-бірін қызыл және жасыл түсті текше арқылы бағалайды. Мұғалім түйіндеу үшін «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық» тәсілін қолданады. (ЖЖ) «Бір сөйлеммен түйіндеу» Берілген сурет бойынша өрнек құрастрп, мәнін табады. Олар жауаптарын жұпта тексереді, бірін-бірі бағалайды. Құрастырған өрнегі бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер не істедім, қалай, неліктен, және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, | 7-8 слайд 9-10 слайд 11 слайд 12 слайд 13 слайд 42 , 2 , балалар , автобус , мектеп 14-15 слайд | |||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Шындық пен жалған» Оқушылардың сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қалай түсінгенін бағалау үшін «Шындық пен жалған» ойынын ойнату. – Осындай мысалдарды шығарғанда жүздіктікөбейтуден бастаймыз (жалған). - Осындай мысалдарды ондықыты көбейтуден бастаймыз (жалған) – Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктердің астына жазамыз (шындық). Ойынның соңында үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қайталайды,оқушылардың тілі жаттығады. Қорытынды жасалады. Рефлексия.«Білім ағашы» Оқушылар білім ағашына бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін қалдырады. | 16 слайд 17 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды