28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, презентация.


Математика

3 – сынып

Сабақтың тақырыбы:

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сен:

28 ∙ 3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды үйренесің.

Өрнектердің дұрыс жауаптары

8 · 4 = 32 3 · 9 = 27 6 · 8 = 48 3 · 7 = 21 4 · 5 = 20

5 · 7 = 35 7 · 8 = 56 2 · 4 = 8 9 · 4 = 36 8 · 8 = 64

«Екі түсті бағалау» әдісі

Тиісті сөйлемнің алдындағы дөңгелекті қалаған түспен боя.

Есептің мазмұны: Пошта бөлімшесіне 3 қорап хат әкелінді. Әрбір қорапта 28 хат бар. Пошта бөлімшесіне барлығы неше хат әкелінді?

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі

Бейнероликке назар аударайық

Есептің мазмұны:

Пошта бөлімшесіне 3 қорап хат әкелінді. Әрбір қорапта 28 хат бар. Пошта бөлімшесіне барлығы неше хат әкелінді?

Сұраққа жауап беріп көрейік

Көбейтіндіні ауызша қалай есептеуге болады?

Көбейтіндіні жазбаша қалай есептпеуге болады?

Алгоритм:

Бірінші көбейткіштің бірлігіне екінші көбейткіштің бірлігін көбейтеміз.

Көбейтінді мәнінің бірлігін анықтап, бірліктің астына жазамыз. Көбейтінді мәнінің ондығын есте сақтаймыз.

Бірінші көбейткіштің ондығын екінші көбейткіштің бірлігіне көбейтіп, шыққан санға есте сақтаған санды қосамыз. Шыққан санды ондықтың астына жазамыз.

«Шартты шкала» әдісі

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі бойынша алған білім деңгейін шкалада көрсету қажет.

«Математикалық тренажер» ойыны

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейт

«Қабырға, балта, алақан» ойын шарты:

Оң қолыңмен партаның үстіне

«Қабырға» деп қолды бір қырымен қою;

«Балта» деп жұдырықты жұмып бір рет соғу;

«Алақан» деп алақанды ашып бір рет соғу;

Бірнеше рет қайталайық

Сол қолыңмен партаның үстіне

«Қабырға» деп қолды бір қырымен қою;

«Балта» деп жұдырықты жұмып бір рет соғу;

«Алақан» деп алақанды ашып бір рет соғу;

Тез, әрі дұрыс орында

Екі таңбалы сандарды 3 санына көбейт

Кері байланыс

Бірінші ергежейлі, ол тақырыпты өте жақсы түсінді. Енді ол келесі жаңа тақырыпты бастауға дайын.

Екінші ергежейлі, ол тақырыпты түсінді алайда қате жіберіп қоямын деп ойлайды. Сондықтан тағы да осы тақырыпты қайталап өткісі келеді.

Үшінші ергежейлі, ол бүгінгі тақырып туралы толық түсінбеді. Қайта түсіндіріп беруін сұрайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу