28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А.Ж.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

116 сабақ. Тақырыбы:

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алгоритмді айта отырып, жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Алгоритмді айтпай-ақ жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі :

Мынадай жағдайда: 28∙3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Көбейту мен бөлудің жазбаша алгоритмін түсіндіріп бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, алгоритм

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Ауызша көбейтуді (бөлуді) қалай орындауға болады?

Жазбаша көбейтуді (бөлуді) орындауда біз нені

пайдаланамыз?

Көбейтуді қандай разрядтан бастайды?

Бөлуді қандай разрядтан бастайды?

Құндылықтар

Оқушылардың бойында еңбек пен шығармашылық , ашықтық сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

246:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(Т) Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға кестелік көбейту кестесіне берілген өрнектер жазылған үлестірме қағаздар тарату. Барлық оқушыларға тапсырманы шапалақ соғу арқылы бір уақытта бастайтынын айтып түсіндіру. Алғашқы орындаған бес оқушыдан соң көрсетілген белгіден кейін тапсырманы орындау тоқтатылатынын алдын ала ескерту.

Парталас көршісімен орындаған тапсырмасын ауыстыру арқылы тексеру жүргізу. Өрнектердің дұрыс мәндерін тақтаға ілу (көрсету). Оқушыларға бағалау парақтарын таратып, толтыру критерийін хабарлау.

«Екі түсті бағалау» әдісі

Тиісті сөйлемнің алдындағы дөңгелекті қалаған түспен бояуды ұсыну.

«Жарайсың, қате жоқ» - егер барлығы дұрыс болатын болса;

«Қателеріңді түзету үшін көбейту кестесін қайтала» - егер қате болса;

8·4 3·9 6·8 3·7 4·5

5·7 7·8 2·4 9·4 8·8

1 – слайд

2 – слайд

Сандар

жазылған үлестірме қағаздар

3 - слайд

4 – слайд

Өрнектердің дұрыс мәні

(ЖЖ) (Т) (Ұ) Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі

Бейнероликте берілген есептерді шығаруды ұсыну.

Есептің мазмұны: Пошта бөлімшесіне 3 қорап хат әкелінді. Әрбір қорапта 28 хат бар. Пошта бөлімшесіне барлығы неше хат әкелінді?

Оқушылардан жұпта есептің шешу жолының бірнешеуін іздестіруді ұсыну. Оқушыларға уақыт берілетінін ескерту. Жұпта анықтаған есептің шешу жолдарын топта талқылау керектігін айту. Топта анықталған есептің шешу жолын жариялау қажеттілігін хабарлау.

Сыныппен 28·3 дұрыс шешім болатыны анықталған соң, сұрақ қою.

  • Көбейтіндіні ауызша қалай есептеуге болады?
  • Көбейтіндіні жазбаша қалай есептпеуге болады?

5 – слайд https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/28-3-84-3-turindegi-eki-tangbaly-sandy-bir-tangbaly-sanha-kobejtu-zhane-bolu

6 – слайд

7 - слайд

Сабақтың ортасы

Оқушылардың болжамдарын тыңдап болғаннан соң бейнероликтің жалғасын көрсету.

Бейнероликті көріп болғаннан соң оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін жасауды ұсыну. Топтарға талқылауға уақыт беру. Топтағы оқушылар алгоритм құрастырған соң жария етеді. Топтардың жұмыстарының көмегімен бір ортақ алгоритм жасалады.

Алгоритм:

  • Бірінші көбейткіштің бірлігіне екінші көбейткіштің бірлігін көбейтеміз.
  • Көбейтінді мәнінің бірлігін анықтап, бірліктің астына жазамыз. Көбейтінді мәнінің ондығын есте сақтаймыз
  • Бірінші көбейткіштің ондығын екінші көбейткіштің бірлігіне көбейтіп, есте сақтаған санды қосып, ондықтың астына жазамыз

«Шартты шкала» әдісі

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдері бағалау.

Оқушыларға кеспеқағаздарын тарату. Оқушылар өздерінің екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі туралы алған білімдерін шкалада көрсетуі қажет.

(ЖЖ) Түсіндіре отырып шығар

«Математикалық тренажер»

Оқушылардың екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін түсінгенін бекіту мақсатында көбейтіндінің мәнін қалай тапқаннын түсіндіруін сұрау. Оқушыларға берілген өрнектерді орындап болған соң көбейту алгоритмін ауызша айтқызу. «Шартты шкала» әдісі арқылы алынған ақпарат көмегі арқылы сұралатын оқушыларды анықтау.

Оқушылардың жауаптарының дұрыстығы ауызша тексеріліп, ауызша мадақтау.

8 - слайд

9 - слайд

Шартты шкала

Кеспе қағаздар

10 - слайд

Сергіту сәті

«Қабырға, балта, алақан»

Ережесі: Алдымен оқушылар оң қолымен партаның үстіне «қабырға» деп қолын бір қырымен соғады, «балта» деп жұдырығын жұмып бір рет соғады, «алақан» деп алақанын ашып бір рет соғады. Бірнеше рет қайталанады, оқушылар естеріне сақтаған соң ойын жылдамдатылады. Оқушылар жаттығуды оң қолымен жасап жаттыққан соң, сол қолымен бірнеше рет қайталайды. Жаттығудың мақсаты оқушылардың зейінін қалыптастыру.

(Ұ) Тез, әрі дұрыс орында

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу. Оқушыларға алдын - ала түрлі - түсті кеспе қағаздар таратып беру. Тақтаға сандар жазылған бейнені ілу. Берілген сандардың ішінен тек екі таңбалы сандарды 3 санына тақтаға жазбаша көбейту қажетігін түсіндіру. Өрнектердің дұрыс орындалуын қадағалау.

Шарты:

Егер оқушы көбейтіндіні дұрыс орындаса, түрлі - түсті кеспе қағазын тақтаға рет - ретімен іледі. Ілінген кеспе қағаздарының санына сәйкес қай топтың жеңімпаз болғанын анықтау.

Бағалау: Ауызша мадақтау. «Жарайсың!» «Керемет нәтиже!» «Мықты топ!» сияқты сөз тіркестерін қолдану.

11 – слайд

12 - слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Тақтаға үш түрлі көңіл - күйдегі ергежейлі бейнесін ілу. Оқушыларға ерегежейлінің ішінен өзінің бүгінгі сабақтағы көңіл - күйі қай ергежейлімен сәйкес келсе, сол ергежейліге өз билетін беру керектігін айту.

Бірінші ергежейлі, ол тақырыпты өте жақсы түсінді. Енді ол келесі жаңа тақырыпты бастауға дайын.

екінші ергежейлі, ол тақырыпты түсінді алайда қате жіберіп қоямын деп ойлайды. Сондықтан тағы да осы тақырыпты қайталап өткісі келеді.

үшінші ергежейлі, ол бүгінгі тақырып туралы толық түсінбеді. Қайта түсіндіріп беруін сұрайды.

Оқушылар өзінің бүгінгі сабақта өткен тақырыпқа қатысты ойын ергежейлілер арқылы жеткізеді. Оқушылар өз билетін қалаған ергежейлінің жанына рет – ретімен іледі. Әр ергежейлінің жанында диаграмма пайда болады. Диаграммаға қарап оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін бақылауға болады.

13 - слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу