28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 117 сабақ.

Тақырыбы: 28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

(ЖЖ) «Тізбектегі карта» ойынының мазмұны

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін еске түсір мақсатында жұптық жұмыс жасатыңыз. Әр жұпқа бір карта беріңіз. Картаға екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге берілген үш тапсырма жазыңыз. Оқушыларға парталас көршісімен ақылдаса отырып, тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң, екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тақырыбына үш өрнек құрастырып, алдыңғы партада отырған жұпқа орындауға беру керектігін айтыңыз. Алдыңғы партада отырған жұп өз карталарын соңғы партадағы жұпқа беретінін ескертіңіз. Тізбекті осылайша жалғасатынын хабарлаңыз. «Тоқта» сөзі айтылғанда, жұмысты тоқтату қажеттігін ескертіңіз.

Карта үлгісі

Орындаған оқушылар

№1

№2

№3

Жанас

Айжан

Өрнектердің дұрыс жауаптары:

Көбейтінді

Көбейтіндінің мәні

48

54

76

Бағалау

Карталарды жинап алып, келесі сабақта тапсырма нәтижесін хабарлаңыз.

(Ұ) Ойлан

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне қатысты әр оқушы бір сұрақ құрастырады. Сұрақтарға өзара жауап береді. Қажет болған жағдайда көмек көрсетіңіз.

(Ұ) «Қанқыз» ойыны

Ойын шарты: Оқушыларға кесте көрсету. Кестеде 1 – ден 16 – ға дейінгі сандар жазылады. Алдымен мұғалімнің көмегімен қанқыз қоңызын қозғалтамыз, мұғалімнен кейін оқушылар арасынан ойын бастаушысын таңдап аламыз. Ойын әрқашан 6 цифрынан басталады. Ойын бастаушысы қанқыз қоңызының бағытын айтып отырады. Ойынға қатысушылар қанқыздың қозғалысын ойша бақылап отырады. Соңғы бағыт айтылғаннан соң, қанқыз қоңызының нешінші торкөзде тұрғанынын айтады. Ең бірінші және дұрыс айтқан оқушы ойын бастаушы болады. Ойынды күрделендіру мақсатында кестені кестені жауап қойып ойнауға да болады. Оқушылар көздеріне елестету арқылы орындайды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

(ӨЖ) Мүмкін көбейтінді мен бөлінділерді іздеп тап

Оқушыларға уақытқа берілген өздік жұмысты жасауды ұсыныңыз. Үш нұсқаға бөліп, тапсырмалар беріңіз.

Бағалау: Тапсырманы парталас көршілер бір – бірінің жұмысын ауыстыру арқылы тексереді. Тапсырманың дұрыс жауаптарын тақтада көрсетіңіз.

«Нысананы көзде» әдісі арқылы бағалаңыз. Оқушыларға нысана бейнелі кеспе қағаздар таратыңыз. Парталас көршісінің жұмысын тексеріп болған соң, нысана бейнелі кеспе қағазды жапсырып, парталас көршісінің тапсырма бойынша жетістігін критерий бойынша белгілейді.

Бағалау критерийі:

  • Егер қатесіз орындаса, сарының ішкі шеңбері
  • Егер бір қате жіберсе, сарының сыртқы шеңбері
  • Егер екі қате болса, қызылдың ішкі шеңбері
  • Егер үш қате болса, қызылдың сыртқы шеңбері
  • Егер төрттен көп қате болса, көк шеңбер.

1 – нұсқа 2 – нұсқа

3 – нұсқа

Дұрыс жауаптары

1 - нұсқа

2 - нұсқа

3 - нұсқа

12 : 2 = 6

66 : 2 = 33

21 ·4 = 84

48 : 2 = 24

36 : 4 =9

31·3 = 93

48 : 8 = 6

36 : 3 = 12

17 ·4 = 68

48 : 3 =16

13 ·6 = 78

34 ·2 = 68

23 · 2 =46

14 ·5 = 70

42 : 2 = 84

12 · 2 =24

25· 3 = 75

52 : 2 = 26

17 · 5 = 85

12 · 6 = 72

(Т) Есепте

Әрбір сатып алынған заттың құнын есептеп тап

Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасауды ұсыныңыз.

Сатып алынған заттар

Құны (тг)

8 альбом 57 теңгеден

456 теңге

2 қарындаш 24 теңгеден

48 теңге

6 өшіргіш 15 теңгеден

90 теңге

4 дәптер 28 теңгеден

112 теңге

7 қалам 46 теңгеден

322 теңге

5 сызғыш 32 теңгеден

160 теңге

3 түрлі – түсті қағаз 64 теңгеден

192 теңге

Тапсырмаларды орындап болған соң топтар жасаған жұмыстарын жариялайды. Жариялау барысында топтардың әр зат бойынша айтқан жауаптары салыстырылып, дұрыс орындаған топтарға ұпай беріледі. Әрбір дұрыс жауап «5ұпай» болып есептеледі.

Ұпайды ең көп жинаған топты «Шапалақ» әдісі арқылы бағалаңыз.

Кері байланыс

Оқушылар тақтада жазылып тұрған сөйлемдерді толықтырады. Сөйлемдерді толықтыру бас бармақтан басталады. Сөйлемдерді толықтыру барысында оқушылар бармақтарын кезекпен көрсету қажет.

«Менің алақаным»

  • Мен бүгін ...... түсіндім
  • Мен бүгінгі сабақта .... білдім
  • Мен үшін ең қиыны .......болды
  • Мен .....қызықтырды
  • Мен .....ұсынамын.

Кері санап тұрып сөйлемдерді толықтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу