269∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А.Ж.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

118 сабақ. Тақырыбы:

269∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты:

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолдану.

Оқушылардың көпшілігі:

Разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритміне түсінік беру.

Оқушылардың кейбірі :

Разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту мен бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Бөлуді қандай разрядтың сандарынан бастау керек?

–Бірінші толық емес бөлінгіш неге тең?

–Бөліндінің цифр санын қалай анықтауға болады?

–Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

–Егер бөлінгіш бөліндіден кем болса, не істеу керек?

–Егер толық емес бөлінгіш толық бөлінбесе, не істеу керек?

Құндылықтар

Оқушылардың бойында еңбек пен шығармашылық , ашықтық сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

28∙3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

) Белсендіру.

Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру және өткен тақырыпты қайталау мақсатында дидактикалық ойын жүргізу.

«Дұрыс - бұрыс» дидактикалық ойыны

Оқушыларға кеспе қағаздарда жазылған өрнектер көрсетіледі. Кеспе қағаздарда екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды көбейту тақырыбын қайталауға арналған өрнектердің шешімі дұрыс, қате түрде көрсетіледі. Егер өрнектің мәні дұрыс болса, оқушы тек «Дұрыс!» деп жауап береді. Егер көрсетілген кеспе қағаздағы өрнектің мәні дұрыс емес болса, оқушы «Бұрыс» деп жауап береді және дұрыс жауабын айтуы керек. Егер де ол оқушы дұрыс жауабын айта алмаса, басқа оқушыларға дұрыс жауабын айтуға мүмкіндік беріледі.

1 – слайд

2 – слайд

3 – 11 слайд

Кеспе қағаздары

Сабақтың ортасы

(Т) Пайымда.

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге жазбаша тапсырма беру. Оқушылар орындап болған соң сұрақ қою.

  • Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қандай разрядтан бастау керек?
  • Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

Оқушыларға үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейту ұсынылады. Оқушылар орындап болған соң, дұрыстығы тексеріледі, сұрақтар қойылады.

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін баған түрінде қалай жазасың?

(Үш таңбалы санның бірлігінің астына бір таңбалы санды жазамыз.)

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қандай разрядтан бастау керек?

(Бірлікті бірлікке көбейтеміз.)

  • Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, не істеу керек?

(Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса, шыққан екі таңбалы санның бірлігін бірліктердің астына жазып, ондығын есте сақтаймыз.)

  • Бірліктерді көбейтіп болған соң қандай разряд орындалады?

(Бірліктерді орындап болған соң, ондықты біртаңбалы санға көбейтіп, есте сақтаған санды көбейтіндінің мәніне қосып ондықтың астына жазамыз.)

  • Егер ондықты бір таңбалы санға көбейткенде екі таңбалы сан шықса не істейміз?

(Шыққан санның бірлігін жазып, ондығын есте сақтаймыз.)

  • Ондықты көбейтіп болған соң қандай разряд орындалады?

(Ондықты бір таңбалы санға көбейтіп болған соң, жүздікке бір таңбалы санды көбейтіп шыққан көбейтіндінің мәнін жүздіктің астына жазамыз.)

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауаптары тақтаға жазылады. Сұрақтың дұрыс жауаптары арқылы үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейту алгоритмі құрастырылады.

Оқушыларға өзін – өзі бағалау парақтарын тарату.

Өзіңе ұнаған түспен бояу арқылы өзіңді өзің бағала

  • Маған көбі түсініксіз
  • Түсіндім, алайда қате жіберемін
  • Алақай, мен түсіндім!

(ӨЖ) Тест

Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қояды

Сұрақтар

а

ә

б

556

656

646

Егер бір балмұздақтың бағасы 163 теңге болса, 5 балмұздақтың құны неше теңге болады?

715

815

705

Алма 232кг , ал апельсин 4 есе артық, апельсин неше килограмм?

918

818

808

Қарбыздың үштен бір бөлігі 293грамм болды. Қарбыздың массасы қанша?

789

987

879

х:6=126 x=?

756

657

765

Парталас оқушылар тест парақшасын ауыстыру арқылы тексереді. Оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.

Бағалау критерийі:

Әр дұрыс жауап бір ұпай береді.

«5» ұпай – «өте жақсы»

«3 - 4» ұпай - «жақсы»

«1 - 2» ұпай – «әлі де дайындал»

(Т) «Ғарышкерлер» дидактикалық ойыны

Ойынның мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту

Шарты: Сыныптағы оқушыларды теңдей үш топқа бөлінеді. Оқушылар ғарышкерлер болады. Ғарышкерлер бірінің артына бірі ретімен тұрады. Ғарышкерлердің мақсаты зымыранды тез әрі сапалы ұшыру. Зымыран суретінің артқы жағындағы үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген тапсырмаларды кезек – кезек орындайды. Барлық топтағы ғарышкерлер ойынды аяқтаған соң, орындалған тапсырмаларды топтар өзара тексереді. Жеңімпаз ғарышкерлер тобын «шапалақтап» марапаттайды.

12 – слайд

13 – слайд

14- слайд

15 – 20 слайд

21 – слайд

22 – слайд

23 – слайд

24 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Оқушылар қалған затты таңдап өз оймен бөліседі.

бүгінгі сабақтан «Білім чемоданыма» салып аларым ........

бүгінгі сабақтан «Іздену күнделігіме» жазып аларым ......

бүгін сабақтан «Қажет емес» жәшігіме тастайтын дағдым ......

25 – слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу