538:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 120 сабақ.

Тақырыбы: 538:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу.

Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта.

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін бекіту мақсатында үш таңбалы санды бір таңбалы санды көбейтуге берілген тапсырмаларды орындауға ұсыныс жасаңыз. Барлық оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге төрт тапсырма уақытқа орындауға беріңіз.

Көбейтінділерді жазбаша есепте

164 · 4 = 656248 · 3 =744127 ·6 = 762364 · 2 = 728

Оқушылар өзара жұмыстарын ауыстырып критерий бойынша тексеру керектігін хабарлаңыз. Өрнектердің дұрыс тексерілгеніне көз жеткізу үшін дұрыс жауаптарын тақтадан көрсетіңіз. Бағалау критерийін хабарлау керектігін ұмытпаңыз.

Әр айналым сайын оқушылар жауаптарына сәйкес топтарға бірігеді.

Критерий:

  • «Альфа» тобына төрт мысалды да дұрыс орындаған оқушылар;
  • «Бетта» тобына екі немесе үш мысалды дұрыс орындаған оқушылар;
  • «Гамма» тобына бір мысалды дұрыс орындаған және төрт мысалды да қате орындаған оқушылар отырады.

Екінші айналымда оқушыларға қайта төрт мысал беріңіз.

129 · 5 = 645 466 · 2 = 932159 · 6 = 954219 · 4 = 876

«Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізіңіз. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға отырғызыңыз.

Үшінші айналымда төрт мысал беріңіз.

269 · 3 = 807287 · 2 = 574189 · 5 = 945 302 · 3 = 906

«Гамма» тобындағы барлық оқушылар тапсырманы толық орындап болғаннан соң ғана өзара тексеру жүргізіңіз. Оқушыларды критерий бойынша тиісті топтарға қайта отырғызып шығыңыз.

Жұмысты «Гамма» тобында оқушы саны азайғанша жалғастыруыңызға болады.

(Т) Еске түсір.

Оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін еске түсіру үшін тапсырмалар мен сұрақтар беріңіз. Төмендегідей сұрақтарды ұсынуыңызға болады.

  • Бөлуді қандай разрядтың сандарынан бастау керек?
  • Бірінші толымсыз бөлінгіш неге тең?
  • Бөліндінің цифр санын қалай анықтауға болады?
  • Егер бөлінгіш бөліндіден кем болса, не істеу керек?
  • Егер толық емес бөлінгіш толық бөлінбесе, не істеу керек?

(ЖЖ) Салыстыр.

Оқушыларға алдын – ала дайындалған үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу ұсыныңыз. Оқушыларға жұпта талқылауға сұрақ беріңіз. Төмендегі сұрақты ұсынуыңызға болады.

  • Үш таңбалы санға бір таңбалы санын бөлу алгоритмі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмінен айырмашылығы қандай болады?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауапқа тоқталыңыз. Дұрыс жауап табуға қосымша сұрақтар қою арқылы қол жеткізіңіз.

(ӨЖ) Шығарып көр.

Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған тапсырманы үлестіріңіз. Тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауаптарын хабарлап, бағалау критерийін түсіндіріңіз.

574:7 = 82

413 : 7 = 59

279 + 117 = 396

82 +386 =468

59 + 217 =276

396 : 3 = 132

468: 3 = 156

276 · 3 = 828

132 · 4 = 528

156 – 68 = 88

828 – 331 = 497

528 – 66 = 462

88 · 5 = 440

497 : 7 = 71

462 : 7 = 66

440 – 219 = 221

71 · 4 = 284

66 + 208 = 274

221+ 66 = 287

284 · 4 = 1136

274 – 181 =93

287 · 2 = 574

1136 – 439 =697

93 · 3 = 279

Бағалау критерийі:

  • егер үш тапсырма дұрыс болса, «өте жақсы»
  • егер екі тапсырма дұрыс болса, «жақсы»
  • егер бір тапсырма дұрыс болса, «әлі де дайындал»

(Ж) Тез, әрі дұрыс орында.

«Математикалық футбол» дидактикалық ойынын жүргізіңіз.

Ойын ережесін түсіндіріңіз.

Тақтаға қақпа суретін іліңіз (көрсетіңіз). Кезекпен кезек қақпаның алдына бір доп қойыңыз. Допты қақпаға кіргізу үшін үш таңбалы санды бір таңбалы санға тез әрі дұрыс жазбаша бөлу қажеттігін түсіндіріңіз. Тапсырманы кім бірінші және дұрыс орындаса, сол оқушы «гол» соқты деп есептеңіз. Әрбір дұрыс әрі тез орындалған тапсырма үшін алған «гол» ауызша саналып, тапсырманың соңында «Үздік футболшы» атағына ие болатынын хабарлаңыз.

328: 4=82

448:8= 56

170:5=34

152:8= 19

255:3= 85

546:6= 91

216:9=24

399:7= 57

392:4= 98

414:9=46

Кері байланыс

«Ассоциация» әдісін қолданыңыз.

Сөйлемді толықтыруды ұсыныңыз.

Мен өзімнің бүгінгі сабақтағы алған білімімді ... ұқсатамын, себебі....

Әр суретті қандай мағынада түсіну керектігін айтыңыз.

Піскен жеміс - тақырыпты түсіндім

Піспеген жеміс – түсіндім, алайда тақырып бойынша алған білімімді толықтыру керек деп ойлаймын

Гүл - түсінбегенім әлі көп деп ойлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу